«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан».

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

 

«І.Жансүгіров атындағы №28 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

 

 

 

 

 

 

Оқу ісі жөніндегі орынбасар:                      Т.Мамраймов

 

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар:                 Қ.Адырбеков

 

Бірлестік жетекшісі:                                      Г. Ағманова

 

Дайындаған  қазақ  тілі  пәнінің

мұғалімі,7 «Ә»сынып жетекшісі:                  А.Жанабаева

 

 

 

 

 

 

 

2014 – 2015 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кештің  тақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан».
Кештің барысы: : «Көк тудың желбірегені» әні.
Кештің  мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл — әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Кештің  тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Кештің дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Кештің көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызға хош келіпсіздер.

2- жүргізуші:

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өткен. Осы ата – бабаларымыздың рухын шаттандыру мақсатында даярлаған 7 «Ә» сыныбының ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұхсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.

2-жүргізуші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі — Әнұраны!

Дей келе кезекте Хор мен «Әнұран» 7 «Ә» сыныбының орындауында қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,

Алма бақтар ак қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
2-жүргізуші:

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған

Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

1-жүргізуші:

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкейюге тиісті емес жалауы – дей келе кезекте қазақша би «Балбырауын». Орындайтын Арайлым, Нұрайлым, Т.Аружан.

2- жүргізуші:

Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі: Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.

1- жүргізуші:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

 

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

 

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да — Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

2- жүргізуші:

Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді – деп кезекті монтажға береміз.

Монтаж: Мәди, Бекболсын, Т.Аружан, Арайлым.

1- жүргізуші:

Осыдан 28 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс.

— Қыздар, мен газет әкелдім. Т.Аружан

— Не жаңалық шығыпты? Е.Аружан

— КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына     В.Колбинді тағайындапты.Гүлназ

— Колбин деген кім екен?

— Қайдан келіпті? Е.Аружан

— Колбин Ульяновтан келіпті. Гүлназ

— Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын! Т.Аружан

— Біз демократияны талап етеміз. Е.Аружан

— Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік! Гүлназ

Т.Аружан:

Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр. Колбин деген кім екен, қайдан келген? Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл? Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді, Бізге оны ешкім аяп бермейді. Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың, Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

2-жүргізуші:

Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

1- жүргізуші:

Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. Соның бірі «Менің тағдырым». Деп Кайраттың өзі жайлы жазған өлеңінен үзіндіге назар аударыңыздар.

Жансая:

Өмір бойы жолым болып көрмеді,

Жылап келем бұл дүниеге келгелі.

Қайғы шаңы басты менің денемді,

Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.

 

Жолдаған сәлемімді дос алмады,

Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.

Айта берем, айта берем қайбірін,

Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.

 

Тағдыр мені аямады, қорлады,

Жалынсам да, жыласамда болмады.

Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,

Армандаған ақ сәулеге жетпедім.

2-жүргізуші:

Осы өлең жолдары Қайраттың,Ләззаттың, Сәбира мен Ерболдың  қатты қиналып Қазақстан үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады. 1 минут үнсіздік. 1-минуттан соң, Рахмет.

1-жүргізуші:

Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын.

1минут үнсіздікпен еске алайық,

Аруақ ағалардың ырза болсын.

 

Тұрса да биік өр басын,

Қазаққа бақыт орнасын.

Сексен алтыншы жылғыдай,

Желтоқсан желі болмасын!

 

Күн кешіп лапылдаған жастарым,

Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.

Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін

Қорғау үшін көтерді олар бастарын.

2-жүргізуші:

«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.

1-жүргізуші:

1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратып, көрмеген қорлықты көрсетеді.

2-жүргізуші:

Сол Тәуелсіздіктің құрбанына айналған аға-апаларымыздың майдандағы ерліктерін еске түсіре отырып, алдарыңызда  шағын Видиороликке назар аударыңыздар.

1-жүргізуші:

«Ақтың сөзің не? деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

 

Қорлай да беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы,

Бөтен қолда кетпесін.

 

Салт – санадан айырылып,

Арақтан ұрпақ азбасын.

Қызғаныштан тозбасын,

Қолдаушысыз болмасын.

 

Барлық ұлтпен тең болып,

Ешкімнен көңілің қалмасын.

Ендігі жерде басыңнан,

Бірлік пен бақ таймасын.

 

Осы айтылған ақтық сөз,

Туың болсын әрдайым.

Мойным алып жаланы,

Мен болайын құрбаны!

2-жүргізуші:

17 жыл мен жатырмын,

Ақ жазыңтың түбінде.

Мені өлтірген таксист жігіт,

Тірімісің бүгінде?

Тірі жүрсің өткен күнді,

Еске алғанның несі бар?

«Желтоқсанда» құрбан болған,

Ляззат қызды есіңе ал!

Халқым, саған ризамын!

Батыл бас аяқты, жас достар,

Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар,

Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр,

Бұл жерде — өрімдей… қыз жатыр.

Бұл жерден мәңгілік аттанған,

Халқымның есінде сақталған!

1-жүргізуші:

Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.

Топты бастап шықты – Ләззат алаңға,

Толған еді 16-ға небәрі– дей келе кезекте сахналық қойылым  «Тәуелсіздік құрбаны болған Қайсар ару —  Ләззат қыз».

«Желтоқсан желі» әнінің әуені ойнап тұрады.

Көшеде ерсілі – қарсылы өтіп жатқан адамдар, тәртіп сақшылары.

2-жүргізуші: Ақжарқын:

Қан үстінде қызыл қан қара бұрыш,

Халықта көп көшеде қарақұрым.

Жас ару қыз келеді ілби басып,

Жатақхана тым алыс баратұғын.

Кешкі шамы қаланың сығырайған,

Мезгіл еді айнала тымырайған.

Кеше ғана бұрымын кескен мұның,

Құтылғаны әлі есте сұмырайдан.

Ажал ма, әлде елес пе тақымдаған,

Тырс еткендей болды үн жақын маңнан.

Қыз жүрегі зу етіп, именсе де,

Баса берді ілгері батыл қадам.

(Екі күзетші Ләззәтты тоқтатып, құжат сұрап, тексере бастады.)

 

Күзетшілер шол тосқан құтқармады

Тексереміз деп қызды мықты арбады.

Бұнт жасаған қазақтың қызығой бұл,

Деген сөзге арланды ол бұлтарғанды.

Қорлық сөзге қайсар қыз намыстанды,

Өңменімен итерді жабысқанды.

Жез түймелі қос солдат, түсі бөлек.

Өздерінше жөн көрді танысқанды.

(Екі солдат ұрып, жұлқып Ләззатты алып кетеді. Ләззат барынша қарсыласады).

Жалған емес, бұл шындық, дастан әнім,

Бостандықтың ол бұзды тас қамалын.

Қайрат, Ерьол, кешегі Ләззаттардың,

Қыршынынан кім қиды жас қанатын?

(Сахнада – Ләззаттың бейіті, суреті, Туған және қайтқан уақыты жазылған).

 

Анасы — Әйгерім: бейітке гүл қойып жоқтау айтады.

 

Оу көзің жасын бұлайын,

Жүректі жеді – ау уайым.

Саған ғұмыр бермеді-ау

Жарылқаған Құдайым.

Құлыным менің қор болды – ау,

Заманың сенің зар болды-ау.

Желтоқсанның қайғысы,

Сан анаға сор болды-ау.

Желтоқсанның анаға,

Ызғары көп құлыным,

Намыстан өлген қазақтың.

Қыздары көп құлыным,

Сен де соның бірісің.

өлген жоқсың, тірісің,

тірі жүрген қыздардың.

Сиыныар жалғыз пірісің,

Зарлағанда не табам,

Сабыр берсін жасаған.

Кімге ғана ұстатар,

Қысқа ғұмыр қашаған.

Заманына қайқайып,

Қарсы тұрған боташым.

Алтын сақа асықтай,

Дәл өзіңдей қыз тапқан.

Менде арман бармекен,

Қайтейін құдай,қайтейін – деп гүлін қойып кетеді.

 

(Жарық сөнеді, жарық бейітке түсіріледі. Бейіттің ар жағында аруақ бейнесіндегі Ләззат шығады. Ләззаттың басы мен иығы көрінеді.) ләззаттың сөзі сахна сыртынан оқылады.

Ләззат – Гүлназ:

Он алты да қиылдым мен,

Табанында танкінің.

Ләззат атты құрбанымын,

Қазақ деген халқымның.

Шағаладай халықтаған,

Көк теңізді жағала.

Ләззат дейтін мен болам,

Аспанында шағала (шағала ұшыру)

Туған халқым – қазағым,

Сенің үшін жанамын.

Енді қайтіп көрмейік,

Желтоқсанның азабын.

Монтаж (жарық жанады, бейіт басына оқушылар келіп, гүл қойып, сап түзеп тұрады,)

Е.Аружан:

Ұяңнан ұшып шығып оралмадың,

Ауылың ақ жастаққа қона алмадың.

Шілде айы туған күнің екен сенің,

Ол күннің қонағы боп келеалмадың.

Нұрайлым:

Небәрі он алтыдан асып едің,

Балалық бал дәуренмен тасып едің.

Қазақтың салт-дәстүрін, жолын қуып,

өмірге енді қадам басып едің.

Аягөз:

Қайырылмай кеткен қарлығаш,

Желбіреген қолаң шаш.

Он жетіге жетеалмай,

Қиылып кеткен қыршын жас.

Назерке:

Ел үшін ерлігімен елене,

Абырой мен атағына бөлене.

Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,

Ұрпағына болар мәңгі өнеге.

(оқушылар бейіт басынан кетеді.)

1-жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып, жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған – деп, Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.

Кезекте Гүлназдың орындауында «Атамекен» әні. (фонограма).

2- жүргізуші:

Қасиетті қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, отаным-бақдәулетім,

Болашағым, өнер- білім, өркенім.

 

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім, шұбарланба жарқыра.

Тарихымызда таланттылар көбейсін,

Бас иемін ата-баба рухына.

1-жүргізуші:

Енді тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге дейінгі уақытқа көз жүгіртіп еске түсірейік. Бәрімізге белгілі Тәуелсіз Қазақстан ата-бабамыздың барлық ұлтпен хандық құрып, кейіннен егеменді қазақ хандығы болып, бөлініп шыққанын білеміз.

2-жүргізуші:

Міне сол Қазақ хандығының құрылғанының арқасында, қанмама шайқастың нәтижесінде жеткен жетістігіміз. Осы Тәуелсіз Қазақстанымыз.

1-жүргізуші:

Сол хандықтың құрылғанына да 550 жыл толыпты, сол кездегі хандар арасындағы шайқас пен егемендік үшін, кең байтақ жер үшін бөлініп шығып, талай жауды жығып келген, Жәнібек пен Керей хандығы туралы, әзіл-шыны аралас көрініске назар аударыңыздар.

2-жүргізуші:

Көрініс. өзбек хандығының ордасынан бөлініп шыққан керей мен Жәнібек хан. Үш бұрышта үш хан ордасы тұрады. Жәнібек Хан – Нүркен:

Керей хан – Медеу:

Уәзір – сен өзбектің ханын шақырып кел, бір ақылдасып шешетін мәселе болып тұр. Сол мәселені тез арада шешу керек.

Уәзір – Мәди:

Құп болады хан ием. Деп кетеді. Сөйтіп Өзбек ханына келеді.

Өзбек хан ордасында уәзір.

Уәзір Мәди:

Ассаламуғалейкум Өзбек ханы. Сізді Керей хан өз ордасына бір тығыз шаруамен шақырады. Ақылдасып шешетін мәселе бар дейді.

Өзбек ханы – Мадияр: хоп әкәсі, хоп, бораміз. Ош таяр боп холді, іссіқхәнә оштан еп кетиң.

Уәзір Мәди:

Рахмет аш емеспін, қарным тоқ.

Өзбек ханы – Мадияр Керей ханының ордасына   келеді.

Өзбек  хан – Мадияр: ассәләму әлейкум  Керей хан. Яқши отіріпсізмі?

Медеу – Керей хан: Хош келдіңіз Өзбек ханы, рахмет өз жағдайың жақсы ма?

Сенімен ақылдасатын бір мәселе болып тұр. Біз өз егемендігімізді алып шықпашшымыз. Бұған қалай қарайсың? Арғы жақта ел аштан қырылғалы жатыр. Елімді аштықтан құтқару менің хандық парызым хәм қарызым.

Өзбек ханы – Мадияр: қашнгәшә юрәдігәнләріңгізні, мәйлі өзларіңгіз білйңгиз. Кегін мәңгә иігләп кеп юрмәңгиз. Хәйр хош болиңгизләр.

Жоңғар хандығының ордасы:

Жоңғар Ханына – Уәзір: О, хан ием датым бар. Қазақтар Өзбек хандығының құрамынан бөлініп шығыпты. өз егемендін алып, егемен ел болыпты. Қазақтардың жері көп, біздің жеріміз аз ғана, неге бізге қазақтарға шабуыл жасап, соғыспасқа хан ием. Бұйырыңыз. әскерлерді дайындап, соғысқа аттанайық.

(Бұйрық беріледі, соғыс басталады, қазақ пен жоңғар соғысы.

Көп соғысады, қазақтар жеңіліске ұшырап шегінеді.)

Арадан біршама уақыт пен ондаған жылдар өтеді. Қазақтар мен Жоңғарлардың соғысы қайта басталады.

Бұл кезде қазақтар хандығы бірігіп, бір ту астында соғысқа шығады, және сол соғыс нәтижемен аяқталады.

1-жүргізуші:

Кезекте 7 «Ә» сыныбының әншілеріндегі ән. Орындайтындар:

Үш қоңыр — Әйгерім.

«Жаса Қазақстан» — Нүркен.

«Астана» — Медеу.

2- жүргізуші. Осымен 7 «Ә» сыныбының мерекелік Концерті  тәмәмдалды. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Көк туымыз тек қана биіктен  желбірей берсін. Келесі мерекеде кездескенше хош аман сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«АР — НАМЫСЫМ –ҚАСІРЕТІМ, МАҚТАНЫШЫМ – ЖЕЛТОҚСАН»