Судың кермектілігі  және оны кетіру жолдары. Кальцийдің биологиялық маңызы

 

 

 

 

 

                    9 сынып

 

Сабақтың тақырыбы:      Судың кермектілігі  және оны кетіру жолдары. Кальцийдің биологиялық маңызы

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:      кальцийдің  қосылыстары туралы оқушылардың білімдерін  толықтыру, қасиеттері туралы терең түсінік беру. Ерекшеліктерін, айырмашылығын ажырата білуді үйрету.

 

Дамытушылық:       Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін,өзіндік пікірін қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеттері  дамыту

 

Тәрбиелік:      Бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға, дұрыс тамақта білуге  тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі:     Кіріктірілген сабақ:  химия    және    биология

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Т ірек сызбалар, проблемалық сұрақтар, жалпылай, жалпылай-жеке, топпен жұмыс,   сын тұрғысынан ойлау  технологиясының элементтері: ББКҮ, қызығушылықты ояту сатысы.

 

Сабақтың көрнекілігі:      қардың суы мен кермек су, сабын, таяқшлар, интерактивті тақта, кесте, топтамалар

 

Пәнаралық байланыс:      Тарих, орыс әдебиеті, география, валеология

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу
  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1)Кальцийдің периодтық жүйедегі орны,  жалпы сипаттамасы

  1. 1. Периодтық жүйедегі орны:Кальций Ivпериод, II топтың негізгі топшасының элементі,реттік нөмірі 20,ядросында 20 протонмен 20 нейтроны бар.Ar =40 электрондарының жалпы саны да 20.Кальцийдің электрондық формуласы 1s22s2 2p6 3s23p64s2,валенттілік электрондары 4s2болғандықтан кальций қосылыстарында тұрақты II валентті.

2)Кальцийдің шығу тарихы, маңызды қосылыстары (тарих)

2.Ашылуы,табиғатта кездесуі:. Сілтілік жер металдарының табиғатта кең таралғаны кальций, оның жер қыртысындағы массалық үлесі 3,63%. Кальцийдің қосылыстарымен адамзат бұрыннан таныс. Әкті өртеу арқылы сөндірілмеген ізбес алды. Оның қосылыстары  құрылыста кеңінен қолданды. Гипс мәдени мұра  болып табылатын пирамидалар мен көне ғимардың негізгі материалы.  Кальцийді 1808 жылы Англияда Гемфри Деви  ылғалды топыраққа  сынап оксиді мен кальцийдің қоспасын араластырып, электр тогын өткізу арқылы  кальцийдің амальгамасын алды, ал осыдан кейін екеуін бір бірінен ажыратып алды.  Кальций сөзі латын тілінен «саlx» деген сөзден шыққан,қазақша ізбес  деген мағананы білдіреді,сол сөзден периодтық кестедегі №20элементтің атауы шыққан.

Кальцийдің табиғаттағы минералдары кальцит CаCO3 әктастың,бордың және мәрмәрдің құрамына кіреді.Ангидрит CаSO4және гипс (ғаныш) CаSO4 *2Н2О минералдары түрінде көп кездеседі.Құрамында кальций фосфаты Cа3 (РО4) 2 кіретін фосфорит және апатит минералдары да табиғатта көп таралған, өнеркәсіп үшін аса маңызды қосылыстар.Гранит және басқа тау жыныстарындағы силикат және алюмосиликаттар құрамына да кальций кіреді.Кальций өзен, көл, теңіз,мұхит суларында еріген күйінде кездеседі.

 

3) Кальцийдің кен орындарын картадан көрсету (география)

 

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

А)Кальций және  оның қосылыстары  жайлы

Білемін Білгім келеді Үйрендім
     

 

В) Қызығушылықты  ояту сатысы:

Екі стаканда  кермектілігі әр түрлі  суға сабын салып, араластыру кермек суы бар сабын дұрыс ерімейді, ал жұмсақ суда көпіршіктері көп болады.

-Неліктен судың көпіруі әр түрлі? (проблемалық сұрақ)

 

ІV. Жаңа сабақ

  • Топтық жұмыс (қжымдылыққа тәрбиелеу)

І  топ    Судың кермектілігі  152 бет

(кальцийдің қасиетін  химия тұрғысынан сипаттау)

ІІ топ    Кальцийдің  биологиялық

маңызы (қосымша материал)    (кальцийдің қасиетін  биология тұрғысынан сипаттау)

КАЛЬЦИЙДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреукесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды роль атқарады.Отандық ақ халаттылардың
зерттеулеріне сүйенсек,  Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан
туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі. Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады, сүйектің беріктігі күрт төмендейді. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омырт-қа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний — қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Қан құрамындағы холестеринді төмендетеді. Айтпақшы, кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D витамині, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет.

кальций ересек адам ағзасында – 2% болады, оның 99%-ы тістер мен сүйектерде кездеседі. Ион түрінде қанның ұюына қатысады.Кальций сүтте, жалпы ағарғанда, балықта, теңіз өнімдерінде Тіс пасталарының құрамында болады.

  1. Бекіту

1) оқушылар өздері оқығандары бойынша тақтаға жазып, түсіндіреді.

 

2) оқушы білімін қорытындылау

 

Судың  кермектілігі Ca2+    ,   Mg2+    

Уақытша                                                                    тұрақты

(карбонатты суды қайнатса кетеді)                      (бейкарбонатты)

CaCO3                                                                        MgSO4

MgCO3                                                                         Ca SO4

Ca(HCO3)2                                                                   Ca SO4+ Na2 CO3→ CaCO3+ Na2SO4

Mg(HCO3)2                                                                  сода қосу арқылы азайтуға болады

CaCO3 → CaO+  CO2

Mg(HCO3)2 → MgCO3+  CO2+H2

Кальцийдің жетіспеуінің негізгі себептері:

-су мен тағамда кальций  мөлшерінің аз болуы

— дұрыс тамақтанбау, ашығу

— D витаминінің жетіспеуі

— қалқанша безі ауруларының салдары

— бүйрек ауруы

Кальцийдің жетіспеуі келесідей жағдайларда байқалады: 

-әлсіздік, бұлшық еттердің тартылуы, сүйек ауруы мен жүрістің өзгеруі, бой  өсуінің бұзылуы, зәр шығару жүйесінде тас түзілуі, қан ұюының төмендеуі

 

VІ. Білімін тексеру (тест)  (өзара тексеру, жұптық)

 I  нұсқа.

  1. Кальцийдің электрондық формуласы

А) 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s2           В) 1s2 2s2 2p2

С) 1s2 2s2 2p63s2                         Д) 1s2 2s2

  1. ІІ топтың негізгі топша элементтерінің жоғарғы оксидтерінің формуласы:

А) R2O              В) RO2                    С) RO                    Д) R2O3

  1. Сөндірілген ізбес, ізбес сүті, ізбес суы атауы бар химиялық формула

А) СаО             В) СаSО4                С) СаС2             Д) Са(ОН)2

  1. Кальций сумен әрекеттесіп, қандай зат түзеді:

А) СаО и Н2О        В)Са(ОН)2 и Н2        С)Са(ОН)2 и Н2О      Д) Са(ОН)2

  1. Адам ағзасында қанша кальций болады:

А) 1000-1200г   В) 900-1000г    С) 1300-1400г   Д)1300-1500г

IІ  нұсқа.

  1. Кермек суға жатады

А) бұлақ суы

В) жаңбыр суы

С) құбыр суы

  1. ІІ топтың негізгі топшадағы сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондар саныЧисло электронов на внешнем энергетическом уровне элементов главной подгруппы II группы равно:

А) 1                    В) 2                 С) 3                Д) 4

  1. Уақытша кермек судың құрамында кальцийдің қандай тұздары болады

А) СаSO4                В) CaCO3                С)  Ca3(PO4)2

  1. Гипстің формуласы:

А) СаSO4                В) CaCO3                С)  Ca3(PO4)2                Д) CaSO2 • 2H2O

  1. Кальций ағзаға сіңімді болуы үшін қандай витамин қажет

А) Р витамині                   В) А витамині            С)  D витамині       Д) С витамині

 

VII.Қорытынды

Берілген слайдта  жағымды әсер жасыл түсті, ал жағымсыз әсер қызыл түспен белгіленген

 

Металл

 

Адам ағзасына жағымды әсері Артық мөлшердегі металдың  зиянды әсері
КАЛЬЦИЙ      Ca Кальций иондары қанайналым жүйесіне, зат алмасуға адам қаңқасының дұрыс қалыптасуына әсерін тигізеді. Кальцийдің артық мөлшері  цистит ауруын тудырады, организмге цемент шаңы түрінде түссе, тыныс алу жүйесіне, иіс сезу мүшесіне  әсер етеді.

Кальций аз мөлшерде адамға  өте пайдалы  және кез- келген адам уақытылы, дұрыс тамақтануы қажет.

-Кальций қандай тағамдарда  болады? Барлық сүт өнімдерінде. (дұрыс тамақтануға баулу –тәрбиелік кезең )

 

Бүгінгі сабағымды Сергей Островойдың өлең жолдарымен қорытындылағым келеді:

Человек-он ведь  тоже природа,

Он ведь  тоже закат и восход.

И четыре в нем времени года.

И особый в нем музыки ход.

И особое  таинство цвета,

То с жестоким, то с добрым огнем,

Человек- он зима. Или лето.

Или осень. С грозой и дождем.

Все вместил в себя. Версты и время.

И от атомных бурь он ослеп.

Человек- он и почва и семя.

И сорняк  среди поля . И хлеб.

И какая в нем брезжит погода?

Сколько в нем одиночества встреч?

Человек- он ведь тоже природа…

Так давайте природу беречь!(Сергей Островой)

-Әрине, адам – табиғаттың бір бөлігі және өзін тек өзі ғана құтқара алады.

-Ол үшін не істеу керек?

-Дұрыс, салауатты өмір салтын насихаттау, жат әдеттерден аулақ болу, уақытында дұрыс тамақтану.

VІІІ. Үйге тапсырма  §34, конспектіні қайталау