Уақыт алтыннан қымбат
Тақырыбы. Уақыт алтыннан қымбат.
Мақсаты: білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы тереңдету. дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту; сауаттылығын арттыру дағдыларын, оқушылардың дүниетанымын, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге , өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер: жаттығу ,ой жинақтау, сұрақ-жауап,талдау
Көрнекіліктер: тірек сызба, карточкалар.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ процесіне дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: семантикалық карта.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сөздікпен жұмыс:
мұғалім жаңа сөздерді оқып, түсіндіреді;
оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен оқиды;
оқушылар жаңа сөздермен сөйлем құрастырады.
1)Мәтінмен жұмыс:
Видео көрсету.
Уақыт алтыннан қымбат. Неліктен олай айтылған? Өйткені адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне бағыт белгілейді. Халықтың тіршілігі, мәдениеті, тарихы, сол тарихтағы өзгерістер уақыттан тыс бола алмайды.
Адамзаттың дамуы да уақытқа байланысты. Уақыт кері жүрмейді, қаншама тарихи өзгерістердің бәріне куә — уақыт. Сондықтан біз “уақыт – алтынды” бағала
Тапсырмалар:
- Мәтінді оқиды.
- Мәтінді аударады.
- Мәтін бойынша сұрақтар құрайды.
- Мәтінді өз сөздермен әңгімелеп береді.
Уақыт алтыннан қымбат. Неліктен олай айтылған? Өйткені адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне бағыт белгілейді. Халықтың тіршілігі, мәдениеті, тарихы, сол тарихтағы өзгерістер уақыттан тыс бола алмайды.
Адамзаттың дамуы да уақытқа байланысты. Уақыт кері жүрмейді, қаншама тарихи өзгерістердің бәріне куә — уақыт. Сондықтан біз “уақыт – алтынды” бағалаймыз.
2) Грамматикалық тақырып:
Карточкамен тапсырма.
- Қорытындылау.
«Уақыт» тақырыбына топтастыру.
- Үй тапсырмасы: сөздікті, ережені жаттап келу
- Бағалау.