Абайлаңдар, балалар!

    Тақырыбы:            Абайлаңдар, балалар!

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер.

1-жүргізуші:Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Абайлаңдар,балалар!» жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,                                                                      Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.                                                                                         Арманға сапар тарту мүмкін емес                                                                                                 Жол журу ережесін білмей тұрып.

1-жүргізуші:Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп —

Ол ортақ

Үлкен кіші баршамызға!

2-жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады гой әлем деген.                                                                                    Бүгінгі бізге келген қонақтарға                                                                               Жиынымыз басталсын сәлемменен.

 

1-жүргізуші: Ой қозғау.

-Ендеше ,балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?

-Көшеде жүру тәртібі

-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?

 

жаяу жүргінші                                                                    тротуар

жол белгілер

машиналар          бағдаршам    инспектор         қиылыстар

 

2-жүргізуші:-Жол ережелері бойынша  2-топқа бөлініп ,сайысқа түсеміз.

Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді:

I    топ.«Бағдаршам»             II         топ.«Жол белгілері»

   I топ.«Бағдаршам»

Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.                                                                                           II   топ.«Жол белгілері»

Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл!

  1-жүргізуші:.

1-топқа тапсырма: Бағдаршамның шығу тарихы

Iтоп.«Бағдаршам»

(Бағдаршамның шығу тарихы жәйлы баяндайды.)

1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапканынбілесіңдерме? Ал ендешетыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сакталмаған.

2-оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

3-оқушы: Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.

4-оқушы: Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

5-оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

6-оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

 

 2-жүргізуші:

 1-тапсырма: Жол белгілері

ІІ топ. «Жол белгілері»

1-оқушы:Үйрен таппай тыным бір.

Белгілердің тілін біл.

Егер оны білмесең.

Тартар жолың бұлыңғыр.

2-оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

3-оқушы: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,

Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.

4-оқушы:Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,

Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, өауіпті.

Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

5-оқушы: Баратын сапардың қашығын, тұрағын,                                                                                               Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.                                                                                                 Күндіз де, түнде де от болып жанады,                                                                                                   Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.

1-жүргізуші:     2-тапсырма:

Викториналық сұрақтар.

1-сұрақ .Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жолқоғалысын реттейді.

3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап: жолбойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен кележатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн

2-жүргізуші:   3-тапсырма:

 Келесі сайысымыз «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы» . Өздерін қалап алған ұпай бойынша  сұрақтарға жауап бересіңдер.

  1. Мына белгі нені білдіреді? (Абайла,балалар!) 5 ұпай                              2.  Мына белгі нені білдіреді?       (қозғалысқа тиым салынады) 5 ұпай

3.Сымға асылып,жүр асығып.       ( троллейбус) 10 ұпай

4.Мына көліктер қалай аталады,көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады?   ( Өрт сөндіру-01,жедел жәрдем-03,

МАИ-02 )

10 ұпай

5.Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?( алдан түсіп,арттан мінеді)

15 ұпай

  1. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа)

15ұпай

 

      1-жүргізуші:   4-тапсырма    МАИ емтиханы. Сауалнама

 

1.Жүргіншілер деген кім?

А) машина жүргізетін адамдар        В) көшеде жаяу жүрген адамдар

С)  белгілер

  1. Мына белгі нені білдіреді?

А) кіруге тиым салынады       В) басты жол       С) жол беріңіз!

  1. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?

А) болады          В) болмайды           С)  білмеймін

4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?

А) аялдамалардан          В) кез-келген жерден          С) дүкен алдарынан

  1. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс

А) кез-келген жолмен      В) тротуармен         С) автомобиль жолдарымен

  1. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?

А) 10               В) 12           С) 14

  1. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?

А) ескерту белгілері                 В) көрсеткіш белгілер        С) тыйым белгілері

  1. Мына жол неше қозғалысты?

А) 4            В) 2           С)1

  1. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?

А) сары             В) жасыл                С) қызыл

 

 

Мұғалім: Жолбелгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді , топ басшылар сайысы  жұмбақ шешіп көрелік.

1-жұмбақ: Арқаным бар тымұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)

2-жұмбақ: Біртұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

-Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады?

Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады.

 

 

Жол белгілерін тапқандарын тексеріп жіберейік:

Ескерту белгісі:     Қып-қызыл үшбұрыш

Ескерту белгісі мен болам

Қауіптен сақ бол деп

Сәт сапар жолдаған.

          Тыйым салу белгісі

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жақта.

Нұсқау белгісі :Баратын жерінің бағыты тұрағын

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.