Ағылшын тілін оқытуда интерактивтік тәсілдерді қолдану.

ТЕЗИС

Заман талабы, білім алатын және алған білімін өмірдің түрлі жадайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу.

Осы талаптың бірі сатылай кешенді талдау —  «оқытудың төл технология-сы». Сатылай кешенді талдау технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту. Сатылай кешенді талдау технологиясында тілдік қатынастың жазылым әрекеті ерекше орын алады. Тілдік материалдарды толық жазылым бойынша сатылай кешенді талдауда сөйлеу әрекетінің түрлері былай орналасады: жазылым – тыңдалым – оқылым – сөйлесім. Бұл талдаудың алғашқы да негізгі тірегі. Себебі, бұдан кейінгі талдау деңгейлері сауатты жазу, сауатты айту, үйренген жүйесін сауатты жеткізуде осы бастапқы деңгейде жүргізіп отырады.

 

 

 

Тезис

 

Вашему вниманию предлагается разработка урока с использованием метода проектов и новых технологии в учебном процессе при обучении иностранного языка.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағылшын тілін оқытуда интерактивтік тәсілдерді қолдану.

 

Ерғалиева Қалдыгүль Орынбасаровна

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы

Маңғыстау гуманитарлық колледжі

Ағылшын тілі арнайы пәндер оқытушысы

 

 

       Жаңа заман талабы білікті азамат, білімі жоғары, шет мемлекеттердің білім стандартына бәсеке бола алатын маман даярлап шығаруды талап етуде,сондықтан елімізде шет тілін меңгеру жоғары деңгейде қарқындап отыр.Ендеше, елбасының қолға алған алғашқы саясатының бірі  үштұғырлы тіл мәселесіне орай ағылшын тілінің даму аясы ерекше көрініс тапты.Әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру еліміздің,ұлттың бәсекеге қабылеттілігін шыңдай түседі . Ағылшын тілін меңгеру- уақыт талабы. Елбасы өз сөзінде  «Ағылшын тілі –ХХІ ғасырдың тілі . Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын,әлемдік деңгейге шығаратын тіл» — деген еді. Жаһандану дәуірінде көштен қалмай үзеңгілес келе жатқан еліміз әлеуметтік –экономикалық және мәдени жаңарулар мектептегі пән ретіндегі оқытылып отырған ағылшын тілі пәнінің өрісін кеңейтті.  Егемендік алған жас мемлекетті  әлемге танытуда халықаралық қарым-қатынастар көбейе түскендіктен ағылшын тіл мамандары көптеп қажет болды.Жылдан –жылға ағылшын тіліне ықыласы артқан адамдар саны  көбейе бастады, шет тілін жаппай меңгеру кезек күттірмес мәселеге айналды.Осыған  орай елбасымыз «Жаңа әлемдегі –Жаңа Қазақстан»-атты жолдауында үштұғырлы тіл мәселесіне көп көңіл бөлген, ашып айтсақ« Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы кем дегенде үш тілді меңгеруі керек қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеуі шарт .Көптілділік біз үшін қалыпты жағдайға айналуы керек .Еліміз бүкіл әлемге үш тілді еркін пайдаланатын,жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс» -деген болатын. Демек тіл кез-келген танымдық іс-әрекеттердің құралы,ойлаудың формасы тілдік дамудың негізі болып саналады.

Бұлар:Қазақ тілі – мемлекеттік тіл,

Орыс тілі – ұлтаралық тіл,

Ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі болып танылып отыр.Яғни мен өзімді тіл маманы ретінде үш тұғырлы тіл саясатын берік ұстанған, оқушыға сапалы білім,саналы тәрбие беруді міндетім деп білемін.Кез-келген елдің тілін үйренуде алғашқы қадам қызық және оңай болып көрінеді өйткені тілдің құрлысы бірінші дыбыстық  жүйеден құрылады бірақ, сол дыбыстық жүйені игеру дұрыс сөйлеудің алғышарты болып табылады.Әр пәннің өз қиындығы бар,ағылшын тілінің оқылуы мен жазылуы екі түрлі болғандықтан фонетикалық аспектіліерге тоқталмай өту мүмкін емес.Жалпы ағылшын тілін оқытудың мақсаты шет тілін іс жүзінде меңгеру оны тіларалық қатынас ретінде пайдалану.Білімділік мақсаты – шет тілінде сөйлеуге үйрету,байланыста бола алу,ортақ тіл табысып,түсіну арқылы қарым қатынасты  нығайтуға ұмтылу болып табылады.Ал тәрбиелік мақсатына келетін болсақ – өзге елдің мәдениетімен танысу арқылы өз пікірі қалыптасып ой –өрісі дамиды.Негізінен нағыз ұстаз –тілді меңгертуде лексикаға  көп ден қойғаны дұрыс деп есептеймін.Лексика –қарым –қатынасты ұлғайтуда ең негізгі бағыт  -бағдар беретін тілді меңгерудегі ең маңыздысы.Өйткені тілді яғни сөздік қоры бар  оқушы грамматикалық қателігі болса да қарым-қатынасқа түсе алады.Мысалы сөйлеушінің сөзінен грамматика арқылы емес, лексикалық сөздің мағынасы арқылы байланыса аласың, яғни сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы түсіністік, сөздің мағынасы арқылы іске асады әрине грамматика қажет емес деп кесіп айтудан аулақпын бірақ, тілдің қарым –қатынас құралы сөздіктің жақсы қалыптасуынан дегім келеді.

Адам өмірінің шегі бар,  ал білімнің шегі жоқ» – деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына  терең үңілуіне шақырды. Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал орыс тілін білу ұлы байлық . Ағылшын ілгерілеушілік пен технологиялардың  тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз деді.

Оқушылар өзге тілді үйренуде қазақ ақын-жазуылары  шығармаларының атқаратын қызметі ерекше. Сабақта қазақ ақын- жазушылардың шығармаларын қолдану, атап айтқанда, оқушылардың оқу-танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін ұйымдастырылатын шараларды жоспарлағанда оқушыларға саналы еңбек етуге,  бір-бірімен қарым-қаынас жасай білуге, өзін қоршаған ортаны тани білуге үйрету қажет. Мұғалімнің  сабақта қазақ   ақын-жазушыларының шығармаларын пайдаланып өткізген  сабағы оқушылардың ойлау қабілеті мен зейінін дамытып, өзі үйреніп  жүрген тілдің құдіретін түсінуіне мүмкіндік береді.

Елімізде білім жүйесінде қолданылып жүрген көптеген технологиялар бар. Ж.Аймауытовтың пікірінше «Мұғалім тіл сабағында сөйлеуге, жазуға, оқуға, қысқасы, әңгімеге жаттықтыратын екен. Ал басқа пәндерді оқытқанда не істемек? Физиканы, жағрафияны, тарихты оқыту дегеніміз осы пәндердің құбылысы туралы әңгіме ету емеспе? Ендеше, тілге төселдіру ғой.  Олай болса, тілсіз оқылатын, ұғылатын пән жоқ екендігі анық». Сондықтан да біз сатылай кешенді талдауды «оқытудың төл технологиясы» деп атаймыз. Ал сатылай кешенді талдау технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту. Сатылай кешенді талдау технологиясында тілдік қатынастың жазылым әрекеті ерекше орын алады. Тілдік материалдарды толық жазылым бойынша сатылай кешенді талдауда сөйлеу әрекетінің түрлері былай орналасады: жазылым – тыңдалым – оқылым – сөйлесім. Бұл талдаудың алғашқы да негізгі тірегі. Себебі, бұдан кейінгі талдау деңгейлері сауатты жазу, сауатты айту, үйренген жүйесін сауатты жеткізуде осы бастапқы деңгейде жүргізіп отырады.

Мен осы сатылай кешенді талдау технологиясын өз тәжірибемде Шетел тілі мамандығы «Ағылшын тілі практикумы» пәнінің барлық курстарында қолданамын. Себебі, ағылшын тілі практикумы пәнінің мақсаты оқушыларды ағылшын тілінде сауатты сөйлеу және сауатты жаза білуді үйрету. Сондықтан осы сатылай кешенді талдау технологиясын жүргізгенде мен сабақ кезінде үлкен жауапкершілікпен қарап, талдаудың әр сатысындағы дәлелдеменің әр сөзіне, сөйлеміне ыждағаттылықпен көңіл бөліп, оны тақтаға, кодоскопқа немесе компьютерге жазуда бірде-бір қате жібермеуге тырысамын. Өйткені, ағылшын тілін үйренуде анық байқалған жағдай бастапқыда оқытушы жазылым бойынша талдаудың бір сөзін, сөз тіркесін немесе сөйлемді қате қолданса, оқушы санасынан оны қанша өшіремін деп әртүрлі әрекеттер жасағанымен, оның ешбірі жүзеге аспайтындығы анық жәйт.

«Ағылшын тілі практикумы» сабағында сатылай кешенді талдау технологиясының бұл деңгейінде оқушы талдауды ауызша толық баяндап, жазуда талдаудың қысқа түрін қолданады. Дұрыс баяндауға қажетті сөйлем құрылысы алдыңғы сатыда толық қамтылып үйретіледі.

Біздің колледжімізде өзім және шетел тілі пәні оқытушылары соңғы кезде талдау үлгісін үнтаспаға жазып тыңдау немесе компьютер арқылы талдауды дауыстап талдап отырып жазуды қолданудамыз. Мұнда екі жақты үрдіс бірдей жүзеге асады. Оқушылар тыңдайды әрі компьютермен жұмыс істеу машығы артады. Бұл талдаудың алғашқы негізгі тірегі.

Дәстүрлі оқыту жүйесін Шетел тілі мамандығының «үйдегі оқу» пәнінде қолданамын. Бұл жүйе үйде дайындалып келген оқушы жауап беруші оқушымен оқытушының сұрағы арасында жүзеге асып, біржақты қызмет атқарады. Сырттай кешенді талдау технологиясында талдау жүйесі барлық оқушыларға түсінікті және кез келген уақытта оқытушы тыңдаушы оқушылардан талдаудың белгілі бір сатысын жалғастырып жіберуді сұрап қалуы мүмкін. Сондықтан тыңдаушы оқушылар жауап беруге дайын отыруға дағдыланады.

Оқу орнында сапалы оқу бағытын айқындайтын жаңа жолдардың бірі, пәндерді модулдік технология арқылы оқыту екендігі теориялық және тәжірибелік жағынан дәлелденуде. Шетел тілін оқыту М.М. Жанпейісованың модулдік технологиясымен тығыз байланысты. Өз тәжірибемізде модулдік оқытуда оқытушы әрекетінде бірізділікті сақтаймын. Колледжде модулдік оқыту технологиясын «Теориялық және практикалық грамматика» сабағында қолданамын. Бірінші қадамда оқу курсын жүйе ретінде құрып, екінші қадамда курсқа технологиялық карта жасаймын. Үшінші қадам – модулдік бағдарлама құрып, оның бөліктері модулдік бағдарламаның модулдер жиынтығын құрайды. Төртінші қадам дидактикалық мақсаттарды жекелік дидактикалық мақсаттарға бөлу және модул құрайтын оқу элементтерінің мазмұнын қалыптастыру. Келесі қадам модулдің өзін құру. «Теориялық және практикалық грамматика» сабағында The Adjective (сын есім) тақырыбына арналған оқытушының 6 әрекет қадамынан тұратын даярлық модулдік құрылымы ұсынылады.

 

 

 

 

The Adjective

 

Practise the use of the degrees of comparison of adjectives
Form the comparative and superlative degrees of the following adjectives
Irregular degrees of comparison

 

The degrees of comparison of many-syllable adjectives
Compare two comedies (thrillers, Musicals, Detective films, etc.) you have seen
Test

 

Тапсырмалардың қиыншылығын есепке алу мақсатында қолданылатын жаңа технология педагог ғалым В. Беспальконың деңгейлеп саралап оқытуды өз тәжірибемде Шетел тілі емес топтарында қолданып көрдім. Ғалым оқу материалдарын меңгерудің төрт деңгейін ұсынады: бірінші – оқушылық деңгей; екінші – алгоритмдік деңгей; үшінші – ізденушілік деңгей; төртінші – шығармашылық деңгей. Деңгейлеп оқыту әдісі Оксфорд және Кембридж басылымдарының оқулығына сәйкес келеді. Топтарда тәжірибе жүзінде негізгі мамандығы шетел тілі болмағандықтан оқушылардың 70 пайызы үшінші деңгеймен шектеліп, қалған 30 пайызы төртінші шығармашылық деңгейге жетіп отырғандығын айта кетуге болады. Сабақ үстінде төмендегіше деңгейлерді қолданамын:

  1. Active words & word combinations.
  2. Doing lexico grammar exercises using the new words.
  3. Retelling the text.
  4. Writing composition using the new words & new grammar materials.

 

Соңғы уақытта кең құлаш жайып, таралып келе жатқан педагогикалық технологияның бірі жобалық әдіс. Жобалық әдісті мен өз тәжірибемде Aударма Iсі мамандығының «Кәсіптік ағылшын тілі» пәнінен қолданамын. Қазіргі таңда ғалым әдіскерлер жобаның әр түрін таратуда. Соның ішінде кеңінен таралған түрі төмендегіше:

 

 

ЖОБА

Моножоба                                                                   Ұжымдық жоба

 

 

Ауыз екі сөйлеу                 Жазбаша

 

 

Түрлілік                                                             Интер жоба

 

Жобалау әдісін оқытушы күнтізбелік тақырыптық жоспарды оқулық бойынша құрастырғанда қолдануға болады.

Күнтізбелік тақырыптық жоспарлау жұмысында оқытушы осы технологияны қолдануға болады. Бұл жағдайда оқытушы жоспарды оқулық бойынша құрастырмайды, ал жобалайды. Жобада оқытушының мақсаты, міндеті көрсетіледі. Жобалау әдісі кезінде жоспар оқытушы үшін ғана жасалмай, оқушыға да түсінікті болады. Ағылшын тілі сабақтарында жобалау әдісін қолдану біріншіден ауыз екі сөйлеуді дағдыландыру, екіншіден оқушыны шығармашылыққа қалыптастырып ғылым әлеміне ұмтылдыру, өз еңбегінің сатыларын жоспарлап, соңғы мақсатқа жеткізу. Үшіншіден оқушы берілген тақырыпты өз бетінше ізденуге, басқа оқушылармен, оқытушымен ойын бөлісуге, анализ жасауға үйрету. Төртіншіден оқушы өз жұмысымен конкурсқа, конференцияға қатысуға мүмкіндік алу.

Жобалау әдісімен өткізілген бір сабақ жоспарын ұсынамын:

 

 

The    plan  of the lesson by the discipline “Professional English”

 

Group: PB-31

The theme of the lesson: Means of Communication in Business.

The type of the lesson: Lesson Project.

 

Objectives:

Word work.

  1. to build a cove vocabulary for talking about means of  communication in business.
  2. To increase knowledge of students life in this way.

 

Materials: A table on project, table of useful telex abbreviations. Sample of       business letters.

Vocabulary: Cards

 

Organization moment:

  1. Preparing the project, fixing the theme and type of the lesson.

 

Asking homework.

Learning the new words, word combinations and useful phrases.

 

Course of the lesson.

 

І. Phonetic drill.

Teacher: Students I want to begin our lesson with phonetic drill. You should use these abbreviations during the lesson.

  • ABT – about
  • ASAP – as soon as possible
  • B/F – Bill of exchange
  • RE – relating to
  • REF – referring to
  • RGDS – regards
  • REPHONE – reffering to telephone conversation
  • LS – letter of credit
  • GFM – please confirm
  • OCC – costumer engaged
  • OK – agreed
  • FIN – end of message

 

ІІ. Working with table of the lesson on the project

 

Teacher: Students look at the table on the project. As you know there are 6 means of communication in business:

 

Means of communication in business

 

 

 

 

 

Telephone conversations

Personal contacts                           (meetings, business talks)
 

Telegrams (cables)

 

 Telexes

 

 Letters

 

Telecopies (facsimiles)

 

 

Your task were to find out words and useful phrases, word combinations for your using during the lesson in your speech. First of all I’d like to listen  your words, useful phrases which you have found out at home.

 

ІІІ. Speech   exercises. Work with the table.

Teacher: Students you’ll show me your knowledge talking about means of communication in business. First mean is: Telephone conversation

  1. Student1:

The next: Personal contacts

  1. Student2:

Teacher.      As you know there are 10 parts of  business letters: 1) the Data 2) the Inside Address 3) the Opening Salutation 4) the Subject Heading 5) the Opening Paragraph 6) the Body of the Letter 7) The Closing Paragraph 8) The Complimentary Closing 9) The Signature 10) Enclosures, Postcripts and copies sent.

  1. Student is going to tell us The Layout and Parts of business letters.
  2. Telexes: Student2
  3. Telegrams: Student
  4. Telecopies (facsimiles): Student3

 

ІV.Answering to the questions. Students are given some guestions and they answered them.S4,S5,S6,S7.

  1. V. Writing business letters on the computer:

VІ. Cards:

 

VІІ. Marking:

 

VІІІ. Home task:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

  1. Елбасынын халыкка Жолдауы 2011, 2012 жж.
  2. «Мектептегі шет тілдері» № 5/2011 ж.
  3. «Қазақстан мектебі» № 2/2010 ж.
  4. «Қазақстан мектебі» № 7-8/2011 ж.
  5. «Иностранные языки в школе» № 3,4/2009, 2010 г.г.
  6. Project Work. 1999. 2000 – Oxford Press Lexical Approach