Тәуелсіз елім — тірегім

Тақырыбы: Тәуелсіз елім — тірегім

 

Мақсаты:

1 .Білімділігі: Тәуелсіздік тарихына шолу жасау.

 

  1. Тәрбиелілігі:

Оқушыларды ата-бабаларының тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде. Отанына, халқына адал қызмет етуге, халқының тегі мен тарихын білуге тәрбиелеу.

 

  1. Дамытушылығы:

— Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, рухы мықты азаматтық қасиетті дәріптеуге қалыптастыру.

 

Апталық -оқушылардың өткен ғасырдан бастап, Тәуелсіздікке дейінгі айтулы оқушылардан көріністер көрсету арқылы жүргізіледі.

 

Апталық басы:  Б.Тілеухановтың «Елім менің» әнімен ашылады.

 

Слайдта: Қазақ елінің байлығы, табиғаты көрсетіліп тұрады.

 

1-жүргізуші:

Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні де өз басым шертеді.

Тарих керек іргетасы халықтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі

 

2-жүргізуші:

Арғы атаңыз арыстандай сақтар да,

Ет жүрегі саған сырын ақтарған.

Сыр шертейін мына балғын ұрпаққа,

Сонау шалғай, сол бір шалғай шақтардан.

 

Слайдта: «Ақтабан шұбырынды» бейнесюжет көрсетіледі.

 

Сахна сыртында: Сөйтіп, 1710ж.Жоңғарлар Алатау баурайын жайлаған қаннен қаперсіз жатқан қалың елге шабуыл жасап, қазақтардың қанын судай төкті. Еркек кіндік адамды өлтіріп, әйелдерді, қыздарды байлап, матап алып кетті. Малын, мүлкін, жерін тастап, бала-шағасынан, туысынан, айырылып босқан халық басы ауған жаққа мәжбүр болды.

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Қарындастан айырылған жаман екен,

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.

Қасаба меруерт пен маржан ба еді,

Ел бұрын қонысынан ауған ба еді?

Өлімсіз жан, өткелсіз кешу болмас,

Өлгенге өз жұртында арман ба еді?

Көре жүр күйсізіңді күйің барың,

Қонысынан ауған құлан оңалмайды,

Елім- ай, елім-ай!

 

Слайдта: «Көшпенділер» фильмінен үзінді.

 

1-жүргізуші:

Қазақ елі басыңнан не өтпеді сенің?

ХІҮ ғасырдан бастап, неше өліп, неше тірілдің. ХІҮ ғасыдың бас  кезінде –ақ жергөктен шықпай жатып, Қазақ хандығы ірі жеңіске ұшырады, халқы қырғынға ұшырады.

 

2-жүргізуші:

Қазақ жері көп шеккен қасіретті

Қазақ ері-өнерлі, өсиетті

Египетті билеген Бейбарыстың

Елі-текті, киелі қасиетті!

 

Слайдта: Қазақтың билері, батырлары туралы көрсетіп тұрады.

 

Сахна сыртында: Бірақ 1723 жылғы жеңіліс қазақ халқының еңсесін түсіре алмады.

Ел билеушілер мен батырлар бірлігін нығайтуда елде беделді үш жүздің билері-батырлары зор үлес қосты.

 

1-жүргізуші:

Мына заман қай заман, қысқа заман

Бақыттың құсы Алаштың ұшқан заман

Қазақтың қайда жиын мерекесі?

Ел, ауыл, жердің кетіп берекесі

Ханзада, ханым болып өскен ұл-қыз

Қай елдің болып кетеді келекесі.

 

2-жүргізуші:

Қалса да қайда жерің,

Қайда көлің,

Қасқайып хақ жолынан таймап едің.

Ел едің елшілігін бөліспеген

Ежелден елдігіге сенген шығар,

Ешкімге залалың жоқ бейбіт ел ең.

 

Слайдта: Қазақ жеріне Ресейдің ықпалы мен отарлаудың күшейе бастауының, ал кейіннен Қазақстанның Ресей құрамына толық енуі сол кездегі билеушілердің саясатына тікелей байланысты болған еді.

С.Датұлы, Қ.Қасымұлы, Ж.Нұрмағамбетұлы, М.Өтемісұлы, И.Тайманұлы бастаған көтерілістер жайлы деректер көрсетеді.

Бұдан кейін сахнаға Т.Рысқұлов және  «Бесеудің хатының» авторлары-Ғ.Мүсіролов, Қ.Қуанышев, Е.Алтынбеков, М.Дәулетқалиев, М.Ғатаулин бейнесіндегі оқушылар шығылп,жиналыс өткізе бастайды.

 

Көрініс: Алаштың тұғңғыш құрбаны (Б.Майлин)

 

Слайдта: 1932ж ашаршылық.

 

1-жүргізуші:

Ем таба алмай дертіне мен ертеден

Сол бір қайғы өзегімді өртеген

Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден

Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай?

 

2-жүргізуші:

Түзелесің қашан жұртым оңалып,

Тіл алмайсың,кетпеймісің жоғалып?

Қайтер едің өткен дәуір оралып,

Жылы жүзбен мойын бұрса елім-ай.

 

Сахна сыртында: Осы жағдайлардың барлығы жинақтала келіп, 1931-1932 ж.ж аштыққа әкеліп одан 2,1млн. адам қырылды. Бұл аштық мемлекеттің саясатының нәтижесінде қолдан жасалды. Ұжымдастыру мен қолдан жасалған аштық қазақ халқын бүкіл әлемде босқын ретінде шашыратып жіберді.

Слайдта:

Алаштың зиялы қауымдары, аштықтан құрбан болған адамдардың саны, босқындардың саны есебі көрсетіледі.

 

Көрініс: Қыз бен жігіт далада демалып жүр. Бір кезде соғыстың дауысы самолет жарылысы естіліп, «Вставай страна» әні орындалады.

 

Слайдта:  1941-1945 ж.ж.Соғыс туралы Әлия, Мәншүктің әндері.

 

1-жүргізуші:

1949 жылы 29 тамызда қазақ жері үшін ең қасіретті күндердің бірі ретінде тарихқа енді. Өйткені Семей полигонында ядролық бомбаға алғашқы сынақ басталады. Семей полигонында 1964 жылға дейін ашық атмосферада атом бомбасында 113 сынақ өткізілді. Жерасты сынақтары да өткізіле бастады.

 

Слайдта: Семей полигоны туралы деректі фильм.

 

2-жүргізуші:

Шоқан, Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды қазақтың біртуар азаматтары дүниеге келген қасиетті ата-баба жері осылай тозаққа айналды.

 

1-жүргізуші:

Жанар таудай бұғып жатқан ұлттық ыза-кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды. Желтоқсан құрбандары-Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асановалар тәуелсіздік жолында мерт болды.

 

2-жүргізуші:

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы сол кезде «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағаланып, қазақ жастарына «нашақорлар», «маскүнемдер» деген айып тағылды. Осы әділетсіздіктен қазақ жастарын қорғап, өзінің азаматтық сөзін айтпай білген халқымыздың патриот ақындары Жұбан Молдағалиев пен Мұхтар Шаханов болды.

1991жылдың 16 желтоқсаны ҚР Тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдың ішінде дамыған нарықтық экономикаға өтіп, өзіндік даму жолын талдап жасады. Елдің әлеуметтік саяси –экономикалық дамуындағы табыстары, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасы ел басқаруда бірден-бір дұрыс стратегиялық бағытты таңдап ала білді.

 

Слайдта: Бейнесюжет «Желтоқсан оқиғалары»

 

1-жүргізуші:

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат «ел» деп алғыс сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

 

2-жүргізуші:

Мен-қазақпын, биікпін байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске.

Жаса, жаса мәңгіге туған елім!

 

1-жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста!

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба арына!

 

2-жүргізуші:

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты,өнегелі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ-болар елдің ертеңі!

 

 

 

 

 

Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз.

Мақсаты:

Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.

Қазіргі ғылыми білім негізінде дүние жүзінің өркениет құндылықтарымен қарулануға ниеттерін қалыптастыру.Оқушылардың жан-жақты білімін дамыту,ойлау,сөйлеу қабілеттерін шыңдау.

Апталық кеш.Танымдық ойын кеші.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,пікірталас,ойын.

Пәнаралық байланыс:Биология,география,математика,қазақ әдебиеті,қазақ тілі,мемлекет және құқық.

Ойынға қатысушылар:3 ойыншы,2 жүргізуші,әділқазылар.

Кеш барысы:

І.Кіріспе сөзі.(мұғалімнің)

І жүргізуші: Армысыздар,қадірменді ұстаздар,оқушылар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар!

І жүргізуші: Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер де мол.

Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі-еркіндік. Еліміздің еркін өмірдегі бүгінгі табыстардың бәрі де тәуелсізліктің нәтижесі.Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған мектеп оушылары арасындағы «Тәуелсіз  елдің білімді ұрпақтарымыз» атты танымдық ойын сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІ жүргізуші:

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім Қазақстан – Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі.

ХХІ ғасырдың талантты, дарынды жастары-ойыншыларымен таныстырайық. Қатысушы оқушылармен таныстырады.

І жүргізуші: Қара қылды қақ жарған әділ бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныстырып өтейін.

ІІ жүргізуші: Ойынның барысына тоқталсақ, ойын 4 кезеңнен тұрады.

1 кезең. «Бәйге»

2 кезең. «Тіл-өнер»

3 кезең. «Жеті жұмбақ»

4 кезең «Жорға»

І жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігі ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс.

Сонымен ойынымыздың І кезеңі –Бәйге: (ережесін түсіндіреді)

  1. Мұсылман юолу үшін қандай парыздарды өтеу керек?

(Аллаға сену, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару.)

  1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қандай еңбектерін білесіңдер?

(«Қазақстан-2030»,»Қалың елім,Қазағым» Тарих толқынында, Әділеттің ақ жолы, Бейбітшілік кіндігі, Сындарлы 10 жыл)

  1. Заң шығаушы билік –парламент.
  2. Д\ж қазақтардың І құрылтайы қашан, қай жерде болды?

(Алматы 1992ж,30.09-4.10.)

  1. Нүктеден басталатын екі түзуден құралған фигура қалай аталады? (Бұрыш)
  2. Көлемі жағынан ең кіші мұхит? (Солтүстік мұзды мұхиты)

7 . Түрік қағанатындағы ең жоғарғы билеуші қалай аталады?  (Қаған).

8.»Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді басым мақсаттардың 7-ұзақ мерзімді басымдығы қалай аталады? (кәсіби мемлекет)

  1. Афинада өткен жазғы 28-інші олимпиада чемпионы кім? (Бақтияр Артаев.).

10.Мұхаммед пайғамбардың анасының аты кім? (Әмина).

  1. КСРО тараған жыл? (1991).
  2. Сәкен Сейфуллиннің шын аты кім? (Сәдуақас).
  3. Қазақтың тұңғыш мультфильмі. (Қарлығаштың құйрығы неге айыр?).
  4. Қабанбайдың шын аты. (Ерасыл)
  5. Д\ж қазақтарының II ші құрылтайы қашан, қай қалада болды? (Түркістан 2002 ж. 23-24.х).
  6. Қазақша жыл аттарын ата. (тышқан, сиыр, барыс,қоян,ұлу,жылан,қой, мешін,тауық,ит,доңыз).

Әрбір оқушының жинаған ұпай санын есептеп,хабарлап отырады.

 

II жүргізуші: Бүгін біз тәуелсіз ел деп Отанымыздың иесі, ана тіліміздің киелі болып, ата-тарихымыздың жүйелі болуын айтамыз. Осы ордамызға қонған құт-берекеден айырылмай, ұлт пен ұлыстар арасы ынтымаққа болса ғана қолға қонған бақыт құсы-тәуелсіздігімізді сақтай аламыз.

Орыс тілін түсінемін, білемін,

Шет тілін де хаттап оқып жүремін.

Ата-бабам қастерлеген жанындай,

Ата тілім менің нағыз жүрегім.

 

Келесі кезең Тіл-өнер. (ережесімен таныстырады).

  1. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
  2. Білімнен асқан бақ жоқ.
  3. Өз елімнің басы болмасам да сайының тасы болайын.
  4. Білім-теңіз, мектеп-кеме.
  5. Денсаулық-зор байлық.
  6. Өнер алды-қызыл тіл.
  7. Көсем ел бастар, шешен-сөз бастар.
  8. Отан отбасынан басталады.
  9. Ырыс алды ынтымақ.
  10. Көңілдегі сырды көз білдіреді.

Кезеңді қорытындылайды. Әр оқушының жинаған ұпай санын хабарлайды.

 

I жүргізуші: Отаншылдық-білімділік. Көп оқыған, көп тоқтаған, білген мол адам ғана намысқор, әділетті, айбынды қоғам қайраткері бола алады. Яғни қоғам тағдыры, мемлекет тағдыры білімді ұрпақ өздеріңнің қолдарыңда. Сонымен, келесі кезең «Жеті жұмбақ». Ойынды ұпай саны аз оқушы бастайды.

 

  1. География. Мемлекеті көп құрлықты ата?

Жауап: Африка құрлығы, онда 55 мемлекет бар.

  1. Математика: Көп мүше дегеніміз не?

Жауап: Бір мүшелердің қосындысынан тұратын өрнекті айтады.

  1. Қазақ әдебиеті:

«… Мен Мағжанды сүйемін, оның еуропалық әшекейін сүйемін» кімнің сөзі?

Жауап: М.Әуезовтікі.

  1. Мемлекет және құқық пәні бойынша.

«Жеті Жарғы» қай ханның тұсында шықты?

Жауап: Тәуке хан.

  1. Өнер көрсету:

(ән айту, би билеу, тақпақ айту).

  1. Тарих:

Әнұранның сазы қай жылдан бері шырқалып келеді?

Жауап: 1945 ж. 16 қараша.

  1. Қазақ тілі:

Сын есімнің субстантивтенуі деген не?

Жауап: Сын есімнің заттық мағынаға ие болып,кім? не? Деген сұрақтарға жауап беруі.

  1. Арнайы сұрақ.

БҰҰ-«Адам құқығының жалпыға ортақ декларациясын» қашан қабылдады?

Жауап: 1948 ж. 10.12.

  1. Биология:

Орамжапырақ қай тұқымдасқа жатады, неге?

Жауап: Орамжапырақ шаршы гүлдер тұқымдасына жатады, себебі оның гүлінің құрылысы шаршы (крест) болып келеді.

I жүргізуші: Сонымен танымдық ойынымыздың бесінші кезеңі-Жорға (жүргізуші кезеңнің шартын түсіндіреді).

 

«А»-нұсқасы

 

  1. Абай Құнанбаевтың шын аты? (Ибраһим).
  2. Жолаушы мұраты-жету.
  3. Студенттер тұрағы-жатақхана.
  4. Тұңғыш президентіміз-Н.Ә.Назарбаев.
  5. Ең қадірлі адам-ана.
  6. Бүркітті баптайтын адам-бүркітші,құсбегі.
  7. Соғыста ерлік көрсеткен адам-батыр.
  8. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында-9орын.
  9. «Пайғамбар» сөзі қандай мағына береді? (Алланың жердегі өкілі).
  10. ҚР-сы БҰҰ-на қашан мүше болды? 1992.02.03.
  11. Мұсылмандардың қасиетті айы, күні, түні? (Рамазан, жұма, қыдыр).
  12. Бір жылда қанша апта бар? (52)
  13. 37 санының жартысы қанша? (18.5)
  14. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата? (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана).
  15. Үйдегі ең қасиетті нәрсе не болды? (Ошақ).
  16. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қай жылы, қай айда дүниеге келді? (1941 ж.6.07).
  17. Парламенттің жоғарғы палатасы-Сенат.
  18. Абылай ханның өмір сүрген уақыттары (1711-1781).
  19. Қазақ хандығын кім құрды: Жәнібек пен Керей.

«Жорға» кезеңі аяқталғаннан кейін ұпай саны аз оқушыны қошеметпен шығарып саламыз.

 

2-жүргізуші:

Жеңімпазды марапаттау рәсімі өтеді.Мұның барлығын әділқазылар алқасы мүшелері жасайды.

 

1-жүргізуші:

Елбасымыздың мына сөзімен танымдық ойын сабағының біткендігін хабарлаймыз.

«Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен  тәуелсіздікті алдық.Ендігі мәселе соны ертеңге жеткізу,келесі ұрпаққа,болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» -деген болатын.

Қорытынды сөз.

Егеменді Қазақстанның тізгіні жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда.Халық жазушысы Ә.Нұршайықов: «Ұлттық тілдің,дәстүрдің,салт-сананың мызғымас тірегі –тәуелсіздік.Тәуелді ұлт бұл байлықтың бәрінен айырылып,бейшара болады» -деген.Бұл қанатты сөзді бойымызға сіңіре отырып,халқымыздың салт-дәстүрін,тілін,дінін қасиет тұтуымыз керек.

Тәуелсіздіктің тірегі –білім.Дана халқымыз «Білегі мықты бірді жығады,білімі мықты мыңды жығады» -деп баяғыда айтқан.

Мектеп қабврғасындағы білімді ұрпақ –ел тірегі.Қиялына қанат біткен,ойы ұшқыр,білімді жастар болатындықтарына сенімдімін.Ел болашағын білімді ұрпақ анықтайды.

Адам елінен,жерінен тыс өмір сүре алмайды.Сенің жас жүрегің елім деп,жерім деп соғады.Елің үшін,халқың үшін қызмет ет. Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы,балалар сіздердің қолдарыңызда»,-деген аталық сөзін ақтай біліңіздер.

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста!

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба арына!

3

Үлгі біздің аталардың ерлігі,

Ұлағаты,өнегелі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ-болар елдің ертеңі!