Қалыптастырушы бағалау- білім сапасын қамтамасыз етудің басты шарты

Қалыптастырушы бағалау- білім сапасын қамтамасыз етудің басты шарты

Баланы оқытудың мақсаты- ары қарай мұғалімнің көмегінсіз дами алатындай ету.         

Э.Г. Хаббард

Заңғар жазушы М.Әуезовтың халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім  деген сөздерінде халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік  ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойынша сіңіретін орта екендігі айқын байқалады. Қазіргі таңда бөлім  саласында жүргізіліп жатқан  реформаның басты мақсаты-  дүниетанымы жоғары ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Ал, мақсатқа жету жолында оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің  кәсіби бейнесі  жоғары, кәсіби біліктілігін, кәсіби  қабілетін, өздігінен жетілдіруге ұмтылатын қасиеттерге ие болуды талап етеді. Қоғамның алдына қойған мақсат- нәтижеге бағытталған білім беру.  12 жылдық оқытуға көшуге байланысты білім беру жүйесінде құзірет, құзіреттілік, құзырлылық деген сөз жаңадан қолданысқа енді. Құзіреттілік латынның компете- лайықтылық, компетекс- қабілетті сөзінен алынған ұғым. Оқушының білімі болу үшін, мұғалім кәсіби құзіретті болуы керек.

Ал, маманның кәсіби құзіреттілігі кез келген уақытта оңтайлы, шешім қабылдап, уақыт көшінен қалмауға  тырысуы қажет. Биылғы оқу жылында жаңартылған білім бағдарламасы курсынан өтіп ж.б.бағдарлама бойынша 1-сыныпқа  сабақ берудемін. Сыныбымда 27 оқушы бар. 13 қыз, 14 ұл. Әр сабақтан жиынтық бағалау бөлім бойынша алынып, тоқсандық жиынтық бағалау өткіздім. Нәтижесінде 8 үздік, 12 екпінді, 7 ортақ көрсеткіш көрсетті.

81-100%-8оқушы-«5»80-50% оқушы-12оқушы-«4» 50-20% оқушы-7 «3» Үлгерім 100, сапа 74 пайызды көрсетті. Ата-аналармен тығыз байланыстамын. Кері байланыс рубрика арқылы баланың дамуын әр ата-анаға таныстырып отырамын. Оқушылардың білім сапасын қамтамасыз етудің басты шарты- оқушы білімін бағалау. Оқушы білімі критериалды бағалау арқылы жүзеге асырудамын. Критериалды бағалау екіге бөлінеді: қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау.

Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты оқыту үдерісінде алған нәтижелерге сүйеніп оқушылардың іс-әрекетін түзету болып табылады. Қалыптастырушы бағалау негізінде- бөлім соңында жиынтық бағалау алынады.

Қалыптастырушы бағалау формальді, формалді емес болып екіге бөлінеді.  Формальді қалыптастырушы бағалау- нақты оқу мақсатына негізделіп жүргізіледі. Дискриптор мен бағалау критерийлері тапсырмаға сай құрылады.

Формальді емес қалыптастырушы  бағалау сабақтың кез келген бөлімінде жүргізіле береді. Ол визуалды болуы мүмкін, бағдаршам түрінде т.б. мұғалім шеберлігіне байланысты.

27.03.2017 жылы Талдықорған қаласында  №25 орта мектепте ҚР бастауыш сынып білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жаңарту аясында қалыптастырушы бағалауды. Қолдану атты облыстық кәсіби  семинарға қатыстым. Семинарды ұйымдастырған.облыстық пилот  мектептің мұғалімдері, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері. Жансүгіров атындағы Жетісу мемелекеттік университеті Педагогикалық шеберхана «Үйрен-бөліс» тренинг, коучинг, дөңгелек столға қатыстым. Қалыптастырушы бағалаудағы проблемалар, ізденістер, шешімдер туралы ой-бөлістік. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі кәсіби семинар, оқу білімін жетілдіру курстары, т.б. өзін-өзі дамыту, өз еңбегін талдай білуі.

Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер, деп Ж.Аймаутов айтқандай оқушы білімді болу үшін мұғалім кәсіби құзыретті болуы шарт деп ойлаймын.