«Сандық және сапалық химия»

Павлодар облысы

Май ауданы

«Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сандық және сапалық химия»

10  сынып оқушыларына арналған қолданбалы курсы

 

 

 

 

 

дайындаған: химия пәнінің мұғалімі

Дукеева Жансая Мукангалиевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

 

Түсінік хат

 

Білімді ұрпақ тәрбиелеп өсіру әрбір ұстаздың борышы. Ал болашағымыздың жарқын болуы мен өмірде оқушылардың  теориялық алған білімдерін өмірде қолдана білуі мектеп қабырғасында жүргізген оқыту үдерісі мен тәрбиелеуге байланыстылығы сөзсіз. Сондықтан бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, заман талабына сай өмір сүруіне ықпал ету мұғалімнің міндеті. Әрбір мұғалім оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыруды көздеп, пәнге деген қызығушылығын тудыру қажет.

Ұсынылып отырған бағдарлама 10-сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама 34 сағатқа есептелген, аптасына 1 сағаттан. «Сандық және сапалық  химия» курсында әртүрлі тақырыптарда есептер шығарудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Бұл курста теориялық алған білімді практикада қолдану аясын кеңейтеді. Жалпы мектеп курсындағы қарапайым есептерден бастап күрделендірілген есептер шығарудың түрлі тәсілдерін меңгеріп, теориялық білімдерін толықтырады. Осы курс материалдарын оқушы дұрыс меңгерсе, олар химия есептерін шығаруды дәл түсініп, оны берік меңгерсе басқа да күнбе-күнгі сабақтарда көмегін тигізеді.

   Курстың мақсаты: Өз ісіне, біліміне сенімі күшті, қоғамдағы өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті адам тәрбиелеу. Химиялық үдерістерді, зат пен құбылыстардың арасындағы сандық қатынастарды жүзеге асыра отырып, оқушының өздігінен білім мен білігін толықтыруға бағыттап, ғылыми көзқарасын дамыту.

Курстың міндеттері:

1.Оқушылардың пенге қызығушылығын арттыру мақсатында танымдық белсенділікті арттыратын есептер, тәжірибелермен  таныстыру.

  1. Оқушылардың өз бетімен белсенді жұмыс істеуіне баулу.
  2. 3. Сандық және сапалық есептер шығару арқылы теория мен практиканың өзара байланысын дәлелдеу.
  3. Саралау әдісі арқылы оқушының жеке қабілетін дамыту, өзара салыстыру, себеп-салдар байланысын ашу, алған білімін дәлелді жеткізе білу.
  4. Тереңдетіп оқыту барысында кәсіптік бағдарлау мәселелерін шешу.

 

Күтілетін нәтиже:

  1. Химиялық есептерді шығару әдістері мен тәсілдерін талдай отырып, көркемдеп, сөйлеу мәдениетінің дамуы.
  2. Есеп шығару барысында математикалық, физикалық әдістерге жүгіну, олардың шынайылығын дәлеледей білуге, тура және кері жору әдістерін пайдалану арқылы есептердің шығындысын тексере білуді үйрету.
  3. Химиялық терминдерді, формулаларды, деректерді зерттеуді кезеңдер бойынша жүргізе отырып, оқушылардың коммуникативті біліктілігінің дамуы.
  4. Сандық есептермен қатар сапалық, эксперименттік жұмыстарды орындауда шығармашылықты дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сандық және сапалық химия» курсының күнтізбелік жоспары

 

Р/с Тақырыптың мазмұны Сағат саны Мерзімі

 

1. Жаратылыстану ғылымдарының дамуына және өндірісте аналитикалық химияның әсері және алатын орны. Экологиялық проблемаларды шешудегі аналитикалық химияның  рөлі 1  
2. Сапалық анализ әдістері. Сапалық талдаудың негізгі принциптері. Сапалық талдаудың жүйелері 1  
3. Гравиметриялық әдіс. Гравиметриялық талдау мәні 1  
4. Титриметриялық әдіс. Титриметриялық талдаудың мәні, ерекшелігі

Сарамандық жұмыс: «Судың кермектілігін анықтау»

1  
5. Сапалық анализ, практикалық есептерді шығару әдістері 1  
6. Зат сапасының құрамын анықтау. Жиі кездесетін бейорганикалық заттар қасиеттері 1  
7. Ерітіндіде өздеріне тән реакциялар арқылы анықталатын заттар. Қасиеттері ұқсас қосылыстар 1  
8-9. Жұмбақталған химиялық есептерді шығару ерекшелігі. Жұмбақ есептер шығару 2  
10. Иондарды сапалық анықтау

Сарамандық жұмыс: «Кейбір аниондар мен катиондарды анықтау»

1  
11. Иондарды анықтауға арналған есептеулер 1  
12. Тұздар гидролизіне эксперименттік есептер шығару жолдары 1  
13. Гидролиз бойынша есептеулер 1  
14. Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілген реакция өнімін есептеу 1  
15. Зат шығымы бойынша реакция өнімін есептеу.

Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер

1  
16-17. Тотығу –тотықсыздану реакциясы.  Тотығу –тотықсыздану реакциясы теңдеуін электрондық баланс әдісімен теңестіру 2  
 
18. Электролиз. Фарадей заңдары 1  
19. Электролиз бойынша есептеулер 1  
20. Қоспа бойынша есептеулер. Қоспадағы заттардың біреуі ғана реакцияға түскенде қоспаның құрамын анықтау. Қоспаның құрам бөліктері түгелдей реакцияға түскенде қоспаның құрамын анықтау. Қоспа компаненттерінің құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеу 1  
21. Қоспаның сандық құрамын анықтау бойынша есептер шығару 1  
22. Құймалардың құрамын анықтау бойынша есептер шығару 1  
23. Газ қоспасының көлемдік құрамын және салыстырмалы тығыздығын есептеу 1  
24. Газ қоспасының массалық үлестері бойынша көлемдік үлестерін табу 1  
25. Термохимиялық  теңдеулер бойынша есептер 1  
26. Реакцияның жылу эффектісін анықтау. Жылу эффектісінің мәні бойынша реакцияға түскен заттардың біреуінің түзілу жылуын анықтау. Берілген жылу шамасы бойынша әрекеттесуші заттардың массасын, көлемін, мөлшерін табу 1  
27. Ерітінділерге жалпы сипаттама 1  
28. Сарамандық жұмыс: «Концентрациясы әр түрлі ерітінділер дайындау» 1  
29. Ерітінділер тақырыбы бойынша есептер шығару 1  
30-31. Химиялық кинетика және тепе-теңдік. Химиялық кинетика бойынша есептеулер 2  
 
32. Химиялық тәжірибелер. Курс бойынша қызықты тәжірибелік жұмыстар орындау. 1  
33. Жоба жұмысы 1  
34. Жоба жұмыстарын талдау. Қорытынды сабақ. 1  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

 

  1. Н:Я.Логинов, А.Г.Воскресенский, И.С.Солодкин «Аналитическая химия». М.: Просвещение, 1979.
  2. Х.Н.Жанбеков «Аналитикалық химия практикумы». Алматы, 2000 ж.
  3. Ж.А.Шоқыбаев «Бейорганикалық және органикалық химия». Алматы: «Білім» баспасы, 2003 ж.
  4. А.Н:Каримов «Аналитикалық химияның негіздері». А., 2002 ж.
  5. Б.С.Имангалиева «Аналитикалық химия пәнінен есептер мен жаттығулар жинағы» 2011 ж.