Астана.  К.Ахметова

 

Қысқа мерзімді жоспар

                                                    

Сабақ: Әдебиеттік оқу

 Бөлік   1.2 А , 2 — сабақ

Мектеп: № 101

 

Мерзімі: 26.11.2016 жыл Оқытушының аты-жөні: Абдраманова Рыскүл Нұрмаханқызы

 

Сынып: 2 «Ж» Қатысқан оқушылар саны: _____________ Қатыспағандар саны:

____________              

 

Сабақтың тақырыбы: Астана.  К.Ахметова
Осы сабақтың оқу мақсаттары:
  • Сабақ барысында  оқушылар Астана туралы  кеңінен мағлұмат алады.
  • Өлеңнің мазмұнын түсіну.
  •  Өлеңді  мәнерлеп оқуға дағдылану.
  • Астана мен Алматының айырмашылығын түсінеді.

 

      Сабақтың мақсаты                           Барлық оқушылар:

Астана қаласының еліміздің бас қаласы екендігін біледі.

                          Оқушылардың көпшілігі:

Өзгенің пікірін тыңдайды сабаққа белсене  қатыса алады. Мәтін немесе сурет бойынша сұрақтар қоя біледі.

                              Кейбір оқушылар:

Берілген тақырып бойынша өз пікірін білдіру барысында сөздік қорын көрсетеді.

Жетістік критерийі
  • Астананың көрікті жерлерін біледі.
  • К. Ахметованың  «Астана» өлеңі мазмұнын түсінеді.
  • Мәнерлеп оқуға дағдыланады.
Құндылықтарды дарыту Алған білімін өмірде қолдана алу;
Тілдік мақсаттар

 

 

 Бұған дейін меңгерілген білім:

Бөлімді қайталау. «Астана» қаласы жайлы  ізденіс жұмыстарын жүргізу

                                 Пәндік терминдер:

·         Астана – столица – capital

 

   Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

Талқылау:

·         Ең бірінші Астанамыз қай қала ?

·         Екінші Астанамыз ше ?

·         Үшінші Астанамыз қай қала?

·         Төртінші Астанамыз қай қала?

 

                                                                       Жоспар

Жоспарланған

   уақыт   

                         Жоспарланған жаттығулар    Дерек көздері

 

 

     Басы

    0 – 10 мин

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Ортасы

   10 – 15 мин

 

 

 

 

    16 – 24 мин

     

 

 

 

 

   25 – 30 мин

 

     

 

 

 

 

 

 Соңы

30 – 35 мин

 

 

 

 

 

Рефлексия

 

 

Үйге тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Психологиялық ахуал

Әрбір адам? Туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің? Тірлік,тірек,адамдық.

Әрбір сөзің? Шындық,бірлік, адалдық.

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз

 

( Баспалдақтың суреті арқылы сабақты бөліктерге бөлу)

І қадам

Ізденіс тапсырмасы арқылы суреттер беріледі , сол суреттер арқылы топқа бөлу ( түсінік беріп өту )

І топ « Орынбор » қаласы

ІІ топ « Ақмешіт» қаласы

ІІІ топ « Алматы » қаласы

Ivтоп « Астана » қаласы

 

ІІ қадам

Топтық жұмыс

І топ. Ребус шешу.  Шешуі: Астана

 

ІІ топ  Сөзжұмбақ шешу «Астана» сөзін табады.

 

ІІІ топ. Ребус шешу . Шешуі : Алматы

Бағалау « Бес жұлдыз »

ІҮ топ. Тірек сөздерді құрастыру арқылы  «Астанаға»  әңгіме құрайды. Астана дегенді естігенде сендердің ойларыңа не келеді?

Әрі қарай ІІІ қадамға көшеді

  1. Бейнеролик көрсету;
  2. Астанаға , Алматыға түсінік беру;

–Ия, Астананың басқа қалалардан ерекшелігі: онда барлық мекеме орталығы, үкімет үйлері, Елбасы отырып басқаратын Ақорда осы Астана қаласында. Астана — бас қала. Қызылорда облыс орталығы болса, Астана- Республика орталығы. Астана қаласының бұрынғы аты-Ақмола деп аталған. Ақмола қаласы 1997 жылы астана болып жарияланды. Ал 1998 жылы мамырда Ақмола Астана қаласы болып өзгертілді.

-Сендер жаңа Астана жайлы тамаша туындыларыңды сурет арқылы жеткізсеңдер, ақындар өлең жолдарымен жеткізеді7

  1. Авторға түсінік беру , өмір жолына тоқталу

Күләш Ахметова  -ақын, жазушы. Ол Қырғыстан Республикасы ,Талас ауданында, Киров ауылында 1946жылы 26 сәуірде  дүниеге келген. «Ақ гүлім менің», «Жапырақ жаздың жүрегі» атты жыр-жинақтары жарық көрген.

  1. Өлеңді үнтаспадан тыңдату

 

ІҮ қадам  Оқулықпен жұмыс

1.      Іштей оқыту

2.      Екі шумақтан оқыту

3.      1-2-3 топ бір-бір шумақтан қара сөзбен мағынасын ашу

4 топ Өлеңдегі ақын ойын сызбаға сүйеніп   түсіндіру.

а) Сарыарқа                            ә) Алатау                                               б) Алматы

↓                                                 ↓                                                               ↓

Есіл                                          Алматы                                                 Астана

Астана

Бәйтерек

Ү қадам Сергіту сәті ( экраннан шығару )

 

ҮІ қадам Дәптермен  жұмыс

« Хокку »  әдісі арқылы  барлығымыз тақтадағы бәйретектің суретіне зер салайық.Осы сурет сендерде қандай сезім туғызды? Ақынға ілесіп, суреттен алған сезімдеріңді өлеңмен жеткізіп көріңдер.

Бәйтеректің басына сен шықтың ба ?

———————————————-

———————————————-

———————————————-

Бағалау

ҮІІ қадам  Топтық жұмыс

Пазылдар арқылы сурет құрастыра отырып ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесіне жоба ұсынып, электронды почта арқылы ЭКСПО басшысы А. Есімовке жоолдайық

( Қазақы нақыштағы аялдама құрастыру)

1 топ — « Ханшатырды »

2 топ —- « Бәйтеректі »

3 топ —— « Перамиданы »

4 топ —- « Ақорданы » құрастыра отырып жобамызды ұсынамыз.

Бағалау

ҮІІІ қадам  ­Өз ойларын ортаға салу

 

1-топ: «Астана- бас қала» тақырыбына Астана қаласының жетістіктерін айтып талдау

2-топ: Алматы мен Астана аттары неге қатар аталады деп ойлайсың?

3-топ: «Болашақ Астана – менің көзіммен»

4-топ: «Болашақ Алматы  — менің көзіммен»

Бағалау

ІХ қадам  « Күншуақ » кері байланысы

( Сабақты түсінсе күнді, сабақты жартылай түсінсе  күн мен бұлтты, түсінбесе бұлтты жапсырады)

 

 

Үйге өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу

 

 

 

Шуағын шашқан шұғылалы күн астында , аспанымыз ашық ,еліміз тыныш болсын !

 

 

 

 

 

 слайд

 

 

 

 

суреттер

 

 

 

 

Ребус, тапсырмалар жазылған парақшалар

 

 

 

 

 

 

суреттер

 

 

 

Автор суреті

 

 

оқулық

 

 

 

таратпа

 

 

 

Бәйтеректің суреті

 

 

 

суреттер

 

 

 

 

 

 

 

таратпа

 

 

 

 

 

Аспан бейнесі суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дифференциация – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

«Адасқан сөздер, ребус шешу, буыннан сөз құра» атты

шығармашылық тапсырма

беру

 

 

                Рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

 

    Бүгін оқушылар нені  

              үйренді?

 

 

 

  Оқыту ортасы қандай 

                болды?

 

 

            Оқушыларға дифференциация табысты 

              болды ма?

 

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспардан қандай ауытқулар жасадым және неге?

 

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

 

 

Бағалау – оқушылардың жетістігі мен білімін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

 

Қалыптастырушы бағалау элементтер(жұлдызша, бағдаршам, басбармақ т.б)

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, еңбек

 

                                                               Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі кезеңді атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге байланысты)

1.

 

 

 

2.Қандай екі кезең сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

 

2.

 

Сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім және ол келесі сабақты өткізуіме қандай әсерін тигізеді?