Фосфор. Фосфордың қосылыстары.

Сабақ:                             Күні:                                    9-сынып

Сабақтың  тақырыбы:  Фосфор. Фосфордың қосылыстары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға фосфордың периодты жүйедегі орнына сипаттама берумен қатар химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаздыру, ашылу тарихы жөніндегі  мағлұматттармен таныстыру және фосфордың химия өнеркәсібіндегі маңызына түсінік беру.Фосфор қосылыстарына тоқталу.

Дамытушылық: Оқушылардың химиялық білімін одан әрі дамыту, тез ойлауға, шапшаңдыққа , өз бетімен ізденуге үйрету. Ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін, ғылымы көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Өздігінен талпынып, жауапкершілікті сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: тест орындау,

Қөрнекілігі: Периодтық жүйе, интерактивтітақта,  кестелер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа даярлығын тексеру, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау.

ІІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.

Слаидтар: Өткен білімді тексеру үшін «Сенесің бе, сенбейсің бе?»  ойынын ойнату.

Сенесің бе, сенбейсің бе, азоттың перидтық жүйедегі орны  ІІ период, У топтың А тобында орналасқан  (иә)

Сенесің бе, сенбейсің бе, азотты 1772 жылы Д. Резерфорд ашты. (иә)

Сенесің бе, сенбейсің бе, азотта 6 протон,8 нейтрон, 6 электрон барына (жоқ)

Сенесің бе, сенбейсің бе,  азот түсті, иісті, ауадан ауыр газ екеніне (жоқ)

Сенесің бе, сенбейсің бе, азот сутекпен әрекеттесіп аммиак түзетіне (иә)

Сенесің бе, сенбейсің бе, аммиак түссіз, иіссіз газ (жоқ)

Сенесің бе, сенбейсің бе, азоттың бір ғана оксиді болады  (жоқ)

Сенесің бе, сенбейсің бе,  азоттың ауадағы үлесі  78% (иә)

Сенесің бе, сенбейсің бе, азот қышқылы күшті тотықтырғыш (иә)

Сенесің бе, сенбейсің бе,  азот  қышқылының тұздарын нитраттар дейді  (иә)

Сенесің бе, сенбейсің бе, азот қышқылы металдармен әрекеттескенде  сутек газын бөлмейді (иә)

Сенесің бе, сенбейсің бе, азот тек тотықтырғыш ( жоқ)

Сенесің бе, сенбейсің бе, аммоний гидроксиді  медицинада қолданылатын мүсәтір спирті (иә)

  1. «Формуланы тап « ойыны

3 « Сәйкесін тап  « ойыны

4.« Орныңды тап « ойыны

  1. Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен , мақсатымен таныстыру.

Менделеевтің кестесінен,

Аңызға арқау болған

Қасиетті, құдіретті, киелі

Білесің бе, фосфор деген элементті?

Фосфордың ашылу тарихына көз жүгіртсек:

Фосфорды ежелгі замандарда алу әдістерін білген.Осы тарихи деректер туралы оқушыларымызға сөз берейік. .1669ж.неміс алхимигі Х.Бранд фосфорды ашты.

V .  Жаңа сабақ:      ПЖ орны                              табиғатта кездесуі, алынуы

Слаид:                                                                  Р

Физик .қасиеті                                           Химиялық қасиеті

 

Қолданылуы                              қосылыстары

 Слаид:ПЖ орны:Фосфор-3 период. 3-қатар, кіші период, V  топ, негізгі топша

Валенттігі   ІІІ, V.  Тотығу дәрежесі. +3, +5 ,-3

Р+15(15р+ , 16п)15е  Аr(Р  )=15, реттік нөмірі -15

Атом құрылысының электрондық формуласы:1s22s22p63s23p3

Слаид:             Табиғатта кездесуі, алынуы

Фосфор және оның қосылыстары Қазақстан жерінде Онтүстікте  кең орындары орналасқан. Қаратау;Шымкент, Батыс Қазақстанда Алға өнірінде де табылады.

.Ет  ұлпасында 56г.фосфор кездеседі.    3.Адам сүйегінде 600г  фосфор бар.   4.Жүйке жүйесінде  5г фосфор болады.

Слаид:» Фосфор – тіршілік пен ақыл-ой элементі «

                А.Е. Ферсман

 

 

 

 

Слаид:Физикалық қасиеті                                                                                      

Фосфордың 3 аллотропиялық түрөзгерістері бізге таныс:

1.Ақ, 2.қызыл,3. қара фосфор кездеседі.

Слаид:Химиялық қасиеті

Слаид:  Қолданылуы.         Фосфор                                     сіріңке жасау үшін

Дәрі- дәрмектер алуда

тыңайтқыштар

Слаид: Қосылыстары

Фосфордың   қосылыстары

  1. Фосфин-РН3
  2. Фосфор (ІІІ) оксиді-Р2О3

3Фосфор(V)оксиді-Р2О5

4.Фосфор қышқылы   Н3РО4

  1. Мета фосфор қышқылы НРО3

 

Физикалық қасиеттері.                 Н3РО4

РН3                 Р2О3                Р2О5

Фосфин- өте улы, тұрақсыз, түссіз, сарымсақ иісті, күшті тотықсыздандырғышзат. Са3Р2+6Н2О = 2РН3+3Са(ОН)2

Фосфор(v)оксиді –өте ылғал тартқыш зат, ақ түсті ұнтақ зат.     4Р +5О2= Р2О5

Фосфор (ІІІ)оксидібалауыз  тәрізді  кристалдық масса, улы. 4Р +3О2=2Р2О3

Фосфор қышқылы- ақ түсті кристалдық зат, суда жақсы ериді. Р2О5+3Н2О=2Н3РО4

Мета фосфор қышқылы.                            Р2О52О=2НРО3

Химиялық қасиеттері :Фосфин ауада фосфор оксидін түзіп, өздігінен тұтанады:2РН3+5О2=  2О5 +3Н2О .     Фосфин суда аммиактан нашар ериді және сілтілк қасиет көрсетпейді . Бірақ аммиак сияқты өте күшті қыщқылдармен әрекеттесіп, тұз түзеді. Бұл кезде аммоний ионына пайда болады: РН3+НІ=РН4І

Фосфор(V) оксиді-өте ылғал тартқыш болғандықтан, реакция теңдеуін былай жазуға да болады.

Р2О5+3Н2О=2Н3РО4.

   Р2О5-суда ерігенде температураға байланысты әртүрлі фосфор қышқылындарын түзеді:

    Р2О52О=2НРО3метафосфор қышқылы .

Р2О5+3 Н2О= 2 Н3РО4.ортофосфор қышқылы

Фосфор (V)оксиді қышқылдық оксид болғандықтан сілтілермен әрекеттеседі:  6NаОН+ Р2О5=2 Na3PO4+3H2O .

Негіздік оксидпен әрекеттеседі: СаО+  Р2О5=  Са3(РО4)2+ 3Н2О

Фосфор қышқылы  суда ерігенде сатылап диссоциацияланады:

Н3РО4   Н+2РО4           дигидрофосфат ион

                  Н2РО 4  ⇆   Н+ +НРО42-       гидрофасфат ион

                  НРО 2-4    ⇆  Н ++РО43-        фосфат ион

Фосфор қышқылы сілтімен сатылап әрекеттеседі:

 Н3РО4+3NaOH = Na3PO4 +3H2O.

Н3РО4+NaOH = NaH2PO4+ H2O.

Н3РО4+2NaOH = Na2HPO4+2 H2O

Табиғи фосфаттар суда ерімейді. Оларды фосфор қышқылымен өңдеп , ерімтал тұздарға айналдырады да, минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Мысалы:

Са3(РО4)2  +4 Н3РО4  =3Са( Н2РО4) 2кальций дигидрофосфаты.

Фосфат ионға РО43- сапалық реакция:   Н3РО4  +3AgNO3=Ag3PO4+3HNO3

РО4 3-+3Ag+ =Ag3PO4

 

 

 

 

Фосфор қышқылының тұздары.

 

Дигидрофосфаттар NaH2PO4 ГидрофосфаттарNa2HPO4 Фосфаттар  Na3PO4

                                                                                                                                                 

Фосфор қышқылының орта тұздары фосфаттар. Егер сутек иондары металл атомдарымен толық алмаспаса, қышқыл тұздар  түзіледі. Олар  гидрофосфаттар, дигидрофосфаттар деп аталады.

VІ-VII.Жаңа сабақты бекіту:

1.Сергіту сәті-сандарды сөйлетейік

2.Реакцияны  аяқта

  1. Шаршылар мен нөльдер ойыны

4.Химиялық эстафета

5.Эстафеталық ойын

6.Тест: Фосфор

VIII.Үйге:& 20 оқу№6,8,9 .Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау фосфор тақырыбы бойынша

ІХ. Қорытындылау, бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест  фосфор

 

1.Хеккинг Бранд қай жылы фосфорды ашты?

А)1667 жылы

В)1668 жылы

С)1669 жылы

д)1670

2.Игон Куккель қай жылы  жаңа әдіспен фосфорды ашты?

а)1979

В)1780

С)1681

д)1682

3.Қай жылы Маркугод фосфордың құпиясын жариялады?

А)1743

В)1744

С)1745

д)1746

4.Қай ғасырда араб алхимиктері  фосфорды жасады?

А)ІХ-ғасыр

В)Х-ғасыр

С)ХІ-ғасыр

д)ХІІ-ғасыр

5.Фосфордың электронды конфигурациясы

  1. A) 1s22s22p63s23p1
  2. B) 1s22s22p63s23p2

C). 1s22s22p63s23p3

  1. D) 1s22s22p63s23p4

6.Фосфордың табиғаттағы қоры …түрінде болады

  1. A) CaSiO3
  2. B) .3Ca3(PO4)2 * CaF2
  3. C) Ba3(PO4)2
  4. D) H3PO4

7.Фосформен әрекеттесетін заттар

  1. A) KCl, H2, BaO
  2. B) NaCl, Al, Li2O
  3. C) .O2, S, Ca, Cl2
  4. D) MgO, N2O5, Cl2O7

8.Фосфордың болуы мүмкін тотығу дәрежелері?

  1. A) – 2, + 4

B). – 3, + 5

  1. C) – 1, + 7
  2. D) + 2, + 4

9.Фосфиннің формуласы:

  1. A) .PH3
  2. B) NH3
  3. C) AsH3
  4. D) PCl3

10.Натрий дигидрофосфаты формуласы:

  1. A) Na3PO4
  2. B) Na2HPO4
  3. C) .NaH2PO4
  4. D) NaHCO3

11.Фосфор (V) оксидімен әрекеттесетін заттар қатары:

  1. A) .NaOH, H2O, BaO
  2. B) CO2, Cl2O7, Al(OH)3
  3. C) SO3, N2O5, HCl
  4. D) Ag, Cu(OH)2, H3BO3

12Фосфорды қай жерлерде алады?

А.Өскемен;   В.Семей;  С.Көкшетау;    Д.Қаратау

13.Суперфосфат өндіру заводы қайда орналасқан?

А.Таразда;   В.Тлдықорғанда;     С.Алматы;         С.Қостанай

  1. Фосфордың ірі кен орындары:

А.Құмкөл-Теңіз; В.Ембі-Мақат;  С.Қаратау-Шолақтау;  Д.Лепсі-Қаратал.

  1. Қазақстандағы ірі фосфор заводтары:

А.Тараз, Алға;  В .Шымкент, Қызылорда;  С. Талдықорған, Шымкент;  Д.Семей, Атырау

 

ІҮ .Бағалау

Ү. Үйге тапсырма 18 параграф № 5-6