«Қар жамылған ағаш»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  технологиялық картасы.

Күні, айы, жылы: 31.12.2018 жыл.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі:  Сойлемді дамыту

Тақырыбы: «Қар жамылған ағаш»

 Міндеттері:

Білімділік: Табиғат аясында көрген жалпы қыс мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіріп, айналада болып жатқан құбылыстар жайлы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Ағаштардың бейнесін дұрыс бейнелеу, дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы, суретке қарап әртүрлі түстерді байқауға, олардың түсін ажырата білуін, алған әсерлерін сөзбен жеткізе білуге, ойлау қабілеттерін дамыту. ;

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, достыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Жылулық шеңбері, әңгіме, түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,жұмбақтар

Жабдықтар: Қыс бейнесі суреттері, орман бейнесі бейнеленген алаң,

Қостілділік компонент: қыс-зима.қар-снег

Сөздік жұмыс: қар, қыс, ағаш

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Салем аспан

Салем жер

Салем балабақшам

Салем жер

Шеңберге тұрып,өлең жолдарын айта отырып көңіл- күйлерін көтереді.Бір-бірімен амандасады.
Ұйымдастыру – іздестіру Сұрақ – жауап:

Жылдың қай мезгілі?

Дұрыс айтасындар!

Қыс мезгілінің қандай өзгерістері бар?

Қыста күн қандай болады?
— Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр?
— Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты

Суретпен жұмыс:

сендер мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
— Осы суретке қарап әңгіме құраңдар.
— Ағаш бұтақтарын қырау басқан. Ағаштардың бәрі ақ тон, ақ қалпақ киіп алғандай.
— Ағаштар, қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.
— Қыста серуен кезінде ағаштың бұталарын сындырмау керек. Ағаштың түбіне қар үйінділерін үю керек.

Сергіту сәті

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап кйіп аламыз.

Сарт-сарт-сарт

Шапалақты соғамыз.

Етік киіп аламыз

Топ-топ-топ

Топылдатып билейміз

Тоңса біздің денеміз

Тонды киіп аламыз

Зу -зу -зу

Шанамен зулаймыз,

 

Қыс

 

Қар жауады,

 

— Суық, аяз, боран.

 

 

 

 

 

 

— Ағаштар, орман іші, айнала аппақ қар.

Тәрбиешінің көмегімен құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең жолдарын бірге қосылып айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды.

 

Рефлексивті – түзетушілік — Балалар, сабағымызды қортындылау мақсатында бүгінгі сабақта өткен тақырып бойынша сурет салайық.

Балаларды мадақтау.

 

Күтілетін нәтиже: 

Нені біледі: қыс мезгілінде ағаштар қар жамылатынын, оның ерекшеліктерін бейнелеуді

Қандай түсініктерді игерді:  Қардың әртүрлі қасиеті бар екенін, жылдың суық мезгілін

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:. Ақ түсті бояуды пайдалану арқылы қар жамылған ағаштарды  бейнелей білуге және сурет бойынша әңгіме құрастыра білуді біледі