«Тиіндерге арналған жаңғақта»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  технологиялық картасы.

Тәрбиеші: Картаева Т.С.

Күні, айы, жылы: 11.12.2018 жыл.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:  Мүсіндеу

Тақырыбы: «Тиіндерге арналған жаңғақта»

 Міндеттері:

Білімділік: Балаларды ермексаздан домалақ пішін жасауға үйрету;

Дамытушылық: балалардың шығармашылық, танымдық ой-қабілеттерін, тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылдарын жетілдіру;

Тәрбиелік: балаларды жабайы жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу;

Жабдықтар: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, доп, тақтайша, ермексаз, сулық.

Қостілділік компонент: жаңғақ – орешки.

Сөздік жұмыс: сопақша

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Салем аспан

Салем жер

Салем балабақшам

Салем жер

Шеңберге тұрып,өлең жолдарын айта отырып көңіл- күйлерін көтереді.Бір-бірімен амандасады.
Ұйымдастыру – іздестіру Жұмбақ жасыру.

Орманда өмір сүреді,

Көңілді боп жүреді.

Бұтақтан – бұтаққа секіреді,

Жаңғақты жақсы көреді.

Ол не?

Дұрыс айтасыңдар, бұл тиін.

Балалар қазір біз тиіндердің қорегі – жаңғақтарды мүсіндейміз.

Жаңғақтардың түсі қоңыр болып келеді. Пішіні

сопақша ұқсайды. Сыртқым қабығы қатты, ішіндегі дәні жұмсақ, әрі дәмді болады. Балалар сендер тиінге жаңғақты мүсіндеп бергілерің келеді ме?

– ермексазды таңдап аламыз;

– ермексазды алақан арасына салып, айналмалы қимыл- қозғалыстар жасай отырып, домалақтаймыз.

– жаңғаққа ұқсатып мүсіндейміз

Сергіту сәті:

Алақай-ау, алақай,

Ән шырқайық, балақай.

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық балақан!

 

 

Жұмбақтың жауабын шешуге тырысады

 

 

 

 

 

Жаңғақпен сурет арқылы сыртқы пішінмен, түсімен және жаңғақтың өзін қолдарына ұстап көру арқылы қасиетімен (жұмсақ, қатты) танысады.

 

Тәрбиешінің айтқанын балалар мұқият тыңдайды.

Балалар ермексаздан жаңғақты мүсіндейді.

Өлең жолдарын бірге қосылып айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды.

 

Рефлексивті – түзетушілік -Балалар, бүгінгі сабақта немен таныстық?

–бүгін не мүсіндедік?

-Тиін қайда өмір сүреді екен?

Балаларды мадақтайды

Тиінмен

Жаңғақтарды мүсіндедік.

Орманда

Күтілетін нәтиже: 

Нені біледі:  ермексаздан домалақтау тәсілімен жасалған жаңғақтымүсіндеу;

Қандай түсініктерді игерді: жаңғақтың ерекшеліктерін (пішінін, түсін, салмағын)

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ермексазды алақан арасына салып, домалақтай сопақша пішінге келтіруді.