Қош бол, бастауыш мектеп!

                           Қош бол, бастауыш мектеп!

 

Тәрбие сағатының мақсаты:   Білім негізі бастауыштан қаланатын

оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған

бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін

жасау. Бастауыш мектептен алған білімдерін,

өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай

білуге, жан – жақты білім алуға, саналы азамат болуға

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:   Слайдтар; балалар қолөнерінің көрмесі,

қабырға газеті, буклеттер, шарлар, гүлдер.

 

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар!

Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан – жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін, міне бой түзеп, ойларына сана қосып, еліміздің саналы бір азаматтары болғалы отыр.

Бүгінгі « Қош бол, бастауыш мектеп!» атты мерекемізге қош келіпсіздер! Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып, тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

 

Биылғы бастауышпен қоштасқалы отырған түлектерді ортаға шақырамыз.( Музыка ойналып, оқушылар аркадан өтіп, кіреді.)

1 жүргізуші:             Армысыздар, мұғалімдер, аз жандар

Ақбота                      Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп, оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарлаңдар.

2 жүргізуші:            Қош, келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Арлан                      Жүздеріңнен  мейірім менен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған.

                                  Біз алаңсыз балғын шақты балалар .

3 жүргізуші:            Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Айғаным                       Қыран құстай болашағын мәпелер,

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп кешегі сәби-еркелер.

4 жүргізуші:            Бүгін міне , қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әліхан                       Әні менен жырына, тарландарым, сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың шамшырақ!   

Бәрі бірге: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

                                   Мектеп – кеме, білім – теңіз,

                                   Барар жолға тез жетеміз.

                                   Адаспаймыз ұлы жолда,

                                  Ұстаз берген білім қолда.

Нұрали:     Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке –думан болып осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны

 

Рашит:                         Үйретіп бізге алғаш әліппені

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Айшуақ:     Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым,

Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік

Мейіріммен жауырыннан қаққаның.

Жаннұр:                                Анамдай асыл мектебім,

Құшағы нұрлы көктемім.

Өмірдің аттап өткелін,

Қойныңда өсіп көктермін.

Айжан:          Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма,

Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімде алаулаған жас жалын,

Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.

 

Айғаным:     Байсалды мінезіңнен бір қалыпты

Менің де көкейімде із қалыпты

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің әр әріпті

Қоссаңдар бірге екіні үш болады

Деуші едің, біліммен күш толады

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылменен істесең    іс болады.

Беруші ең бізге айтып  өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Руслан:                         Мынау менің сезгенім        Ол сыныптың анасы

Өзінің де, өзгенің,           анасы оның анасы .

Қай кезде де ол анық        Қайғырады біз үшін

Біздер үшін қуанып,        қызарады біз үшін.

Ақбота:      Ай, жыл сайын қарулантып біліммен,

Алға дәйім мені бастап өсірдің

Нәр аламын, оқытушы, үніңнен

Аялысың мектеп – алтын бесігім.

 

 

 

Арлан:                              Тек үйрендік әділ мен адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жаманды.

Жалғастырар ақ жолын сенің салған

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

Тоғжан:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

«Аяулы әнім -мектебім» әні орындалады.

Радмира : Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

Бекарыс: Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Саида:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Асанали:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

 

Тимур: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Дамир: Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

Ақбота: Сондай-ақ, біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

Айшуақ: Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын әдебиет, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.

 

Айбибі: Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.

 

Дарын: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

 

Аяжан: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

5-шіге барған соң,

Гүлжан апай бағалар.

 

Мұстафа: Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.

 

Абылай:Үйренеміз жалықпай,

Орыс тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Гаухар, Әсел апай тәлімі

Сәулесін шашқан жарықтай.

 

Әліхан: Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын.
Өзіңдей болса, Бауыржан  ағай,  барлық ұстаз
Қолы шебер, күміс көмей, сөзі алтын.

Тимур: Бар білім бастауыштан басталады.
Шығармыз шыңға биік асқаралы.
Тынымсыз ізденісті еңбегіңіз
Алма апай, әлі — ақ ақталады.

 

Айжан: Мың алғыс бәріңізге үлес қосқан,

Қараңғыда оқушы көзін ашқан.

Тілеуі кемедегі бір дегендей,

Баршаңызға берсін дейміз ашық аспан!

 

Нұрали: Зор үміт күткен біздерден,

Келешек ұлан ұрпақпыз.

Ұстаздан алған біліммен,

Шыңдарға биік шықпақпыз.

 

Айшуақ: Енді міне, сағымдай өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті?
Ұстаздар жасады мына бізден
Ел танитын, азамат, бір — бір мықты.
Хормен: «Ұстаздарға  мың алғыс!»

Ән: «Ұстазым менің»

 

 

Арлан: Бала ата — ана ісінен көпті үйреніп қана қоймай,
Олардың тәрбиесін де бойға сіңіре біледі. Сондықтан 4 жыл бойы оқығанда ата — ананың да еңбегі мол.
Хормен: «Ата – ана, сізге мың алғыс!»
Келесі ән ата — аналардың құрметіне арналады. «Анаға сәлем» әні (кетеді)

Жүргізуші Асанали мен Рашит:

  • Білесің бе, Рашит, мектеп туралы көптеген әндер жазылған.
  • Иә, біздің қыздар да мектеп туралы бір ән айтып жүр еді.
  • Ендеше сол әнді ата-аналар алдына паш етейік.
  • «Аяулы әнім- мектебім» қабыл алыңыздар! (екеуі бірге)

 

Жүргізуші Жаннұр мен Аяжан:

  • Менің сыныптағы достарым шетінен өнерлі.
  • Оны неге айттың?
  • Олар ән де шырқайды, түрлі билер де билейді, тіпті домбыра да шертеді.
  • Олай болса, соны көріп тамашалайық.
  • Сынып оқушыларының орындауында « Жастар биі » күй.

 

Жүргізуші  Нұрали мен Айжан.

  • Назым, сен көршілеріңмен татусың ба?
  • Әрине, неге сұрадың?
  • Қазақстанмен шекаралас көршіміз өзбектер емес пе?
  • Иә.
  • Олай болса, Өзбекстаннан келген қонағымыз Сандыбаева Алияның орындауында өзбек биі

 

Жүргізуші Мұстафа мен Дамир:

— Бойыңа бар сұлулық жиылғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген ел алдында,
Биші қыздар ғажап еді биің қандай! демекші ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.

  • Сынып қыздарының орындауында « » биі

 

Жүргізуші Айшуақ пен Тоғжан:

-Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерлерін аналарға бағыштайды.

  • Дұрыс айтасың, Айшуақ, сыныптың өнерлі оқушыларының бірі

әні.

  • Қабыл алыңыздар!

 

 

 

Жүргізуші :Ақбота мен Руслан

  • Ақбота, айтшы осы соңғы кезде флэшмоб деген сөзді көп естиміз. Ол не?
  • Флэшмоб(ағылш. flash mob — flash — жарқыл; сәт, мезет; mob — топ; адамдар жиыны) — жастар арасындағы кеңінен тарап қалыптасып келе жатқан салт-дәстүр. Интернеттің көмегімен іске асатын бұл іс-шараға адамдардың көпшілігі өзгелерден ерекшеленіп, көзге түсу үшін қатысады.
  • Айтқаның жақсы болды ғой, енді біліп жүремін.
  • Біз де заман талаптарынан хабардармыз. 4-ші «А» сыныптың орындауында флэшмоб.
  • Алақай, мен де билейші!

 

Жүргізуші Айбат пен Нұрбол:

( Айбат «Қазақтың қыздары» әнін айтып, билеп тұрады)

  • Айбат, не істеп тұрсың?
  • Е, жай, қыздардың биін қайталайын деп едім, қиын екен.
  • Әрине, ол тек біздің қыздардың қолынан ғана келеді.
  • «Қазақтың қыздарын» көріп, тамашалаңыздар!

 

Жүргізуші Гүлім мен Ақбота:

  • Сен анаңды жақсы көресің бе?
  • Қатты, қатты!
  • Ана болу қандай қиын екенін білесің бе?
  • Жоқ, білмейді екем.
  • Ендеше, « Үш ана» көрінісінен байқайық.

 

Жүргізуші Айбибі:

— Осындай керемет мереке вальссіз қалай өтеді?

Саида:  Ендеше, мектеп вальсі

 

Жүргізуші Абылай:

  • Жунусбекова Ақботаның орындауында «                                    »

пьесаларын тамашалаңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

Руслан: Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

 

Саида : Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

 

Бекарыс:Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

 

Радмира;  Жаным толқып, лүпілдейді жүрегім,
Бойым өсіп, ойым толып, түледім.
Бірі құрбы, бірі шын дос біз үшін
Боламыз енді жоғары сынып түлегі.

Жаннұр: Бір ұядан түлеп ұшқан құстармыз
Жақсылықпен адалдыққа құштармыз.
Еңбек пенен тіршілікке сән берсін,
Достық туын әр кез биік ұстармыз

 

Аяжан: Сондықтан да бұл сәтті қасиеттеп,
Мәңгі сақтап қалармыз жүректе біз.
Қош айтысып соңғы рет осы жерде
«Мың алғыс, бастауышым, саған!» дейміз

Тимур: Сенен алған білімге де рахмет!
Сенен тапқан достарға да рахмет!
Бастауышым, қоштасарда тағы да
Жүз қайтара айтарымыз рахмет!

« Бастауыш мектеппен қоштасу» әні 

 

Марапаттау рәсімі

Мұғалім:

— Биылғы бастауыш сынып түлектеріне ақ жол тілей отырып, мынадай өлең шұмақтарын арнаймын.

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

 

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

 

  • Осымен бүгінгі « Қош бол, бастауыш мектеп!» атты мерекеміз аяқталды.

Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!