Еңбекке жастан, өнерге бастан  Алтын балта (ертегі)

Қысқа мерзімді жоспар

 

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Сәулет өнері

Күні: 21.12.2018

Сынып: 3

Мектеп: Сам орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:  Сарсенова Гулсимай

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы  Еңбекке жастан, өнерге бастан  Алтын балта (ертегі)
 Оқу мақсаттары 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау;

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: ертегі мазмұнын түсінеді,  ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс – әрекетіне, мінез-құлқына  сүйеніп,оқиғаның дамуын болжай алады; бағалауға негізделген сұрақтар қояды.

Кейбір оқушылар: бағалау сұрақтарын қояды, оған дәлелдер келтіріп жауап бере алады.

Бағалау критерийлері ·         ертегідегі оқиғаны жүйелі жалғастырады;

·         ертегідегі оқиғаның негізінде сюжеттің соңын болжайды;

·         ертегі бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;

·         шығарма жанрын ажыратады.

 

Тірек сөздер Оқушылар:

Шығарма жанрын ажырата алады. Ертегіні жүйелей әңгімелейді. Мақалдың жалғасын тауып жаза алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Отын, диірменші, алтын басты балта, қара темір балта, дүниеқоңыз.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Егер алтын балта қолыма түссе… тілер едім, себебі- …

Құндылықтарды дарыту Бұл сабақ академиялық адам бойындағы қанағатшылдық, еңбекті сүюге, ұйымшылдық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыстар Мақалды жалғастырып жаза алуы барысында қазақ тілі  пәнімен байланыс пайда болады.  Құрылыс материалдарын тануы, олар  жайлы  айтып беруі барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Алдыңғы білімді игерулері Шығарма жанрын ажырта алады, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады, кейіпкердің сі – әрекетін бағалай алады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

0-5 минут

 Ширату тапсырмасы

Оқушыларды ортаға шығарып дөңгеленте тұрғызып аламыз. 1 тұрған оқушының қолына жіпті ұстатамыз.Жіпті алған оқушы өткен тапсырмадағы «Он саусақ» өлеңінен бір шумағын айтып келесі оқушыға береді. Келесі оқушы екінші шумағын айтып өзінен кейінгі оқушыға ұсынады. Осылайша өлең жолдары қайталанады. Жіпті түгел оқушыларға ұсынып болған соң мұғалім екі оқушыға екі шетінен ұстатып басқа оқушыларды орнына отырғызады.

Бірнеше оқушының алдына сұрақ жазылған карточка қойылады.

1.Шона Смаханұлы кім?

2.Шона Саханұлының қандай жыр жинақтарын білесің?

3.Мұзафар Әлімбай туралы не білесің?

4.Сен қандай мамандықты ұнатасың?

Оқушы жауабын айтып жіпке карточкасын іледі.

-Балалар, бүгінгі тақырыбымыз Алтын балта ертегісі.

Бүгінгі мақсатымыз: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау;

 

 

Слайд

жіп, кір қыстырғыштар, карточкалар

Сабақтың ортасы

 

6-10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11-16 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17-27 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28-37 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма

(Жұптық жұмыс)  «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы  жұпта өзара ақылдасып алдарына таратылып берілген мақалдың жалғасын тауып, ортақ тақырып ойластыру   әрекеті жүргізіледі.

Еңбек етсең, …..  .

Еңбегі аздың ….   … .

Еңбек етсең ерінбей, ….    …..   …..  .

Еңбектің наны  ….  .

Еңбек, еңбек бәрін … .

Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.

2-тапсырма

(Топтық жұмыс) сабақтың тақырыбын анықтауда «Ой шақыру» әдісі арқылы «Балта» сөзі көзіңе нені елестетеді? 5 сөз ата.

Үлгі:

Сайман-Құрылыс-Жұмыс-Темір-Ағаш

 

 

 

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы  топтар бірін-бірі бағалау

3-тапсырма

(Ұжымдық жұмыс)  «Бағытталған оқу» әдісімен ертегінің бір бөлігі оқылады, оқиғасын болжайды. Болжамымен салыстырылады. Мәтін тұтас оқылады. Ертегі бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді. Шығарманың жанрын анықтап, ерекшелігін айтады.

Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

ü  -ертегідегі оқиғаны жүйелі жалғастырады;

ü  -ертегідегі оқиғаның негізінде сюжеттің соңын болжайды;

ü  -ертегі бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;

ü  -шығарма жанрын ажыратады.

4-тапсырма

(Өзіндік жұмыс) «Меніңше» тірек сөзі  арқылы оқушылар жоғарыдағы мақал-мәтелдерден осы ертегінің негізгі ойына сәйкес келетіндерін табады. Ертегіден көңіліңе не түйгенін ортаға салады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі.  Қарасөзбен өз ойын жеткізуде  кейбір топтарға  мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

 

Мақал жазылған  жазылған

парақтар, интербелсенді тақта,маркер, слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балта суреті салынған плакат, оқулық 115-117-беттер, маркер,

слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Плакаттар, маркерлер, оқулық, слайд

 

 

\

 

Мұғалім арнайы безендірілген орындық дайындайды. Әңгімешіге (оқушы) өз ойын баяндауы үшін уақыт береді смайликтер, орындық, слайд

 Сабақтың соңы

38-40 минут

 

«Түймедақ» әдісі кері байланысын пайдалануына болады. Әр оқушы гүл күлтелеріне сабақ туралы ойларын жазып, оқиды  Түймедақ гүлі,

Слайд