§11. Азамат соғысы және шетелдік интервенция жылдарында.

9-сынып.  Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §11. Азамат соғысы және шетелдік интервенция

жылдарында.

 Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы азамат соғысы  және шетелдік интервенцияның әрекеттерін оқушыларға түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

  • Жұптық және жеке жұмыстар жасату
  • Оқушыларды деректі және дәлелді сөйлеуге дағдыландыру.
  • Ұлтжанды, озық ойлы, адамгершілігі жоғары тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жұптық жұмыс.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Көрнекілік: Қазақстан картасы

Сабақтың жоспары:

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу. Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:§10. Қазақстандағы ұлттық автономиялар.

«Математикалық қобдиша»

(925* 2)+ 55= 1905 ж.

(474*5)-459 = 1911 ж.

19130÷10= 1913 ж.

(2016÷3)+1244= 1916 ж.

(790*4)-1243= 1917  жыл ақпан

(1250+650)+17= 1917 жыл қазан

(900*2)+117= 1917 ж қараша

(2290-1290)+917= 1917 жыл желтоқсан

(527*0)+1919= 1919 жыл 14 сәуір

«Тұлғаны таны»

  1. «Бастауыш білімді отбасында алып, Ташкент гимназиясын орыс тілінде бітірді. Петербург университеттінің заң факультетін үздік бітірген. Аса көрнекті саяси, қоғам және мемлекет қайраткері, публицист, журналист, гуманист, демократ. ХХ ғасырдың басында еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрескерлердің ірі өкілі» М. Шоқай
  2. 2. «ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, Алаш қайраткері, тұңғыш тарихшы ғалым. Верный қаласында гимназияны алтын медельмен бітірген. Санкт-Петербургтегі инженер институтына үздік бітірген. Түркісіб құрлысын жобалау мен жүргізуге белсене қатысқан.» М. Тынышбаев
  3. «Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым публицист, аудармашы. Санкт-Петербургтегі орман техникалық институтының экономика факультетін бітірген. Қазақстан бойынша Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалған. Қазақтардың дербес мемлекет құруына белсене қатысқан» Ә. Бөкейханов.

«Термин сыры»

Декрет

Декларация

Пролетариат

Большевизм

ХКК

Тоталитаризм

Алаш автономиясы

Түркістан автономиясы

«Зымыран сұрақтар»

  1. Қоқан автономиясы қашан құрылды?
  2. Қоқан автономиясының тарихи маңызы неде?
  3. Ереже бойынша Түркістан федерациялық Республикасының жоғарғы басқару және атқару органдары, олардың құрамы қанша адамнан тұрды?
  4. Алаш автономиясы қашан құрылды?
  5. Алашорда үкіметін кім басқарды?
  6. Алашорда үкіметінің құрылуының қандай маңызы бар?
  7. Түркістан Кеңестік федерациялық республикасы жарияланған күн?
  8. Тоталитаризм дегеніміз не?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстандағы азамат соғысы және шетелдік интервенция.
  2. Қазақстандағы азамат соғысының ошақтары.
  3. Қазақстандағы азамат соғысы мен салдарлары.

Оқушылар жұп болып «Әткеншек» әдісімен талқылайды.

«Топтық тергеу»

1-топ Тарихшы

2-топ Әлеуметтанушы

3-топ Саясаткер

Сабақты бекіту:

  • Азамат соғысы деп  қандай  соғысты  айтамыз?
  • Азамат соғысының  негізгі  оқиғаларын  атап  көрсетіңдер.
  • Соғыс жылдарындағы  экономикалық  саясаттың  бағыты  қалай  болады?
  • Азамат соғысы  жылдарында  өздерің  тұрған  жерде  қандай  оқиғалар  болғанын  анықтаңдар.
  1. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы ақ легионерлердің қазақ қалаларын басып алуы түсіндіріледі.

1918 жылы.  мамырда Петропавл қаласын басып алды.
1918 жылы маусымда Көкшетауды, Ақмоланы, Омбыны, Павлодарды, Семейді, Қостанайды басып алды.
1918 жылы наурызда Орал қаласын алды.
1919 жылы суірде Қостанай қаласын алды.
  1. Топтастыру.

Топтастыру арқылы кеңес өкіметінің азық саясатына қарсы пайда болған көтеріліс ошақтарын түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

  1. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы ақ легионерлерге қарсы күрескен майдандарды түсіндіру.