Ата – аналарға арналған 10 кеңес
Ата – аналарға арналған 10 кеңес
- Баланы өзің сияқты болғанын немесе сен қалағандай болғанын күтпе.өзі жеке тұлға болып қалыптасуына көмектес.
- Балаң үшін істеген істеріңе ақы сұрама. Сен оған өмір бердің. Сол үшін ол саған қарыз ба? Бұл – өмірдің заңы. Ол да біреуге өмір береді.
- Баланың өмірін өз қиындықтарыңмен, реніштеріңмен ауырлатпа. Себебі «Не ексең соны орасың».
- Балаңның қиын мәселелеріне аяқ асты қарама. Оның да өмірінде қиыншылықтар бар, мүмкін сіздікінен де көп шығар, себебіоның өмірлік тәжірибесі жоқ.
- Балаңды кеміипе.
- Есіңізде болсын – өмірдегі ең маңызды кездесулер – ол балалармен кездесу. Балаға көп назар аудару керек, себебі біз баланың жан дүниесінде не бар екенін білмейміз.
- Балаң үшін бір нәрсе істей алмаймыз, сол үшін өзіңді кінәлама. Балаңа көмектесетін мүмкіндігің бола тұра көмектеспесең, сонда өз – өзіңді кінәлама.
- Бала сенің барлық өміріңді алатын – жау емес. Бұл тек қана сенің өміріңнің жалғасы емес, ол – өмір саған сақтау мен қорғауға ұсынған қымбат гауһар тас – деп түсінуіңіз керек.
- Өз балаңа басқалардың көзқарасы жақсы болсын десең, өзің де басқа балаларды жақсы көре біл.
- Өз балаңның дарынсыздығына, өмірде жолы болмауына қарамай, жақсы көре біл. Балаңмен қарым – қатынасжасай отырып, әрдайым қуана біл, себебі балаң сен үшін – өмірлік мереке.