§8.1. Электр заряды. Электрлену

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

 

Күні:  28.01.

Сыныбы: 10

Пәні:физика

Сабақтың аты §8.1. Электр заряды. Электрлену
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Электр заряды. Электрлену жайлы мағлұмат беру

Ø  Электр заряды. Электрленуді күнделікті тұрмыста және өндірісте қолдана білуге үйрету

Ø  Топта       бағалай  білуге   баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Электр заряды. Электрлену жайлы мағлұмат алады

Ø  Электр заряды. Электрленуді күнделікті тұрмыста және өндірісте қолдана білуге үйренеді

Ø  Топта       бағалай  алатын болады

Негізгі  идеялар Электродинамика – физиканың зарядталған денелер мен бөлшектерінің арасындағы өзара әрекетті іске асыратын материяның ерекше түрі – электр өрісінің заңдылықтарын және қасиеттерін зерттейтін бөлімі.

е – элементар заряд

е=-1,6·10-19 Кл

Макроскопиялық дене электр зарядына ие болу үшін теріс зарядтың белгілі бір бөлігін онымен байланысқан оң зарядтардан бөліп алу керек. Осы процесті электрлеу деп атайды.

Денені электрлеу тәсілдері:

  1. Үйкеліс арқылы.
  2. Зарядталмаған денені зарядталған денеге түйістіру арқылы.

Электрлеу кезінде электр зарядының ешқайдан алынбайтыны және ешқайда іс-түссіз жоғалмайды. Ол бір денеден екінші денеге өтеді, ал тұйқ жүйедегі денелердің толық заряды өзгермейді.

q1+ q1+ q1+… qn=const

 

Тапсырмалар

 

Топтық жұмыс
Топтық     жұмыс
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2 сандары арқылы 2 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

  1. Балқу жайлы не білеміз?
  2. Сублимация не жайында айтылған?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (4 минут)

  1. Электрлену дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. Электр заряды жайлы не білеміз?

ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді  топпен бірлесе отырып оқып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Есептің шешуіне  үлес қосу        
2 Міндетін атқару        
3 Топтық жұмысқа атсалысуы        

 

Ү. Топтық   жұмыс (5 минут)

 

2 топ электрлену тәсілдері бойынша мысалмен көрініс көрсетеді.

VІ. Жеке   жұмыс «Блум таксономиясы» (12 минут)

 

1 Білу Электр заряды дегеніміз не?  

 

2 Түсіну Электр зарядының сақталуының   формуласын жаз?  

 

3 Қолдану Зарядтың сақталу заңына  мысал келтір?  

 

4 Талдау Дененің электрленуі үшін қандай затқа жанастырған тиімді?  

 

5 Жинақтау 15-жаттығу №1  
6 Бағалау Дененің электрленуін білу біз үшін  маңызы қандай?  

 

 

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (2 минут)

Кейінгі тапсырмалар №655
Кейінгі оқу §8,1. Дененің электрленуі