Астанам. Т.Жексенбай

Қысқа мерзімді жоспар

                                                   

Сабақ: Әліппе

 Бөлік   1.2 А , 1 — сабақ

Мектеп: № 101

 

Мерзімі: 11.12 Оқытушының аты-жөні: Мыңбаева Аида Амантайқызы

 

Сынып: 1 «Ә» Қатысқан оқушылар саны: _____________ Қатыспағандар саны:

____________              

 

Сабақтың тақырыбы: Астанам. Т.Жексенбай
Осы сабақтың оқу мақсаттары:
  • Сабақ барысында  оқушылар Астана туралы  кеңінен мағлұмат алады.
  • Өлеңнің мазмұнын түсіну.
  •  Өлеңді  мәнерлеп оқуға дағдылану.

 

      Сабақтың мақсаты                           Барлық оқушылар:

Астана қаласының еліміздің бас қаласы екендігін біледі.

                          Оқушылардың көпшілігі:

Өзгенің пікірін тыңдайды және диалогке қатыса алады. Мәтін немесе сурет бойынша сұрақтар қоя біледі.

                              Кейбір оқушылар:

Берілген тақырып бойынша өз пікірін білдіру барысында сөздік қорын көрсетеді.

Жетістік критерийі
  • Астананың көрікті жерлерін біледі.
  • Т.Жексенбайдың «Астана» өлеңі мазмұнын түсінеді.
  • Мәнерлеп оқуға дағдыланады.
Құндылықтарды дарыту Алған білімін өмірде қолдана алу;
Тілдік мақсаттар

 

 

 Бұған дейін меңгерілген білім:

«Туған жер» тақырыбына мақал – мәтел жаттау. «Астана» қаласы жайлы  ізденіс жұмыстарын жүргізу

                                 Пәндік терминдер:

·         Астана – столица – capital

 

   Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

Талқылау:

·         Астана Республикамыздың … орналасқан

·         Республикамыздың Президенті …

·         Тұңғыш Астанамыз …

 

                                                                       Жоспар

Жоспарланған

   уақыт   

                         Жоспарланған жаттығулар    Дерек көздері

 

 

     Басы

    0 – 10 мин

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Ортасы

   10 – 15 мин

 

 

 

 

    16 – 24 мин

     

 

 

 

 

 

 

 

   25 – 30 мин

 

       Соңы

30 – 35 мин

 

 

 

 

Рефлексия

 

Үйге тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Бүгін қандай күн?» сұрағын қою арқылы оқушылардың көңіл-күйіне әсер ету.

 

І топ. Ребус шешу.  Шешуі: Астана

ІІ топ. «Мюнсберг» әдісі арқылы шатасқан әріптер ішінен «Астана» сөзін табады.

ІІІ топ. «Буыннан сөз құра» ойыны арқылы үш буыннан тұратын сөз құрату. Қажетті буындар: на, ас, та.                                                                                                    ІҮ топ. «Адасқан әріптер» әдісі бойынша алты әріптен тұратын сөз құрату. /А, с, т, а, н, а/

Барлық топтардың тапсырмаларынан «Астана» деген сөз шықты. Астана дегенді естігенде сендердің ойларыңа не келеді?

-Үйге Астана қаласы жайлы ізденіп, сурет салып келу тапсырылған болатын. Сол тапсырмаларды тамашалап көрелік.

 

 

                        Шығармашылық тапсырма.

І топ. «Галерея» әдісі                                                                         ІІ топ. «Кафель» әдісі

ІІІ топ  «Кір жайғыш» әдісімен                                                                                       ІҮ топ. «Диафильм» әдісімен                                           орындаған тапсырмаларыңды көрейік.

Бағалау: «Бағдаршам» 

 

 

 

 

 

 

Бейнеролик көрсету.

 

–Ия, Астананың басқа қалалардан ерекшелігі: онда барлық мекеме орталығы, үкімет үйлері, Елбасы отырып басқаратын Ақорда осы Астана қаласында. Астана — бас қала. Қызылорда облыс орталығы болса, Астана- Республика орталығы. Астана қаласының бұрынғы аты-Ақмола деп аталған. Ақмола қаласы 1997 жылы астана болып жарияланды. Ал 1998 жылы мамырда Ақмола Астана қаласы болып өзгертілді.

-Сендер жаңа Астана жайлы тамаша туындыларыңды сурет арқылы жеткізсеңдер, ақындар өлең жолдарымен жеткізеді. Ендеше ақын Т.Жексенбай қалай жеткізіпті соны білейік. Алдымен ақын жайлы қысқаша мағлұмат алайық.

 

Тұрдақын Жексенбай — 1938 жылы Қытайдың Іле аймағы, Текес ауданы, Шолақмыс деген елді мекенінде туған.  «Аялы алақан», «Тау хикаялары», «Түлкі мен қоян», «Бүркіт», «Қоңыр қонжық», «Әліпби әңгімелері» сияқты прозалық кітаптардың авторы. «Арман-ай», «Сарбұлағым», «Алатауым» атты әндері бар. «Азулылар айқасы» атты тұңғыш әңгімелер жинағы 1985 жылы шыққан.

 

 

Оқулықпен жұмыс:

«Астанам» өлеңін мәнерлеп оқу.

–Қандай сөздер сендерге түсініксіз болды?                                           «Ақыл кітабынан» өлеңде кездескен жаңа сөздердің мағынасын ашып, түсініп  алайық.

Баба – ата-тегіміз, дана – ұлы адамдар, төрінде – жоғарғы жағында, өрінде – бойында.

  • Іштей оқу.
  • Тізбектей оқу
  • Әр топ өлеңді 2 жолдан бөліп, мағынасын ашу

             

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

«Кім мерген?» ойынын ойнау. Доптарда бірнеше сөздер жазылған, сол сөздерді кім бірінші дұрыс оқыса, сол допты қақпаға салады. /Баба, дана, дала, қала, Отан/.

Дәптермен жұмыс.                                                                             Кейбір сөздері қалып қойған өлең жазылған.

Отанымның  ____________,

___________________ өрінде.

_________ ұстаған Астанам-

Әсем _____________, бас қалам.

Керекті сөздер:   төрінде, Сарыарқаның, Ту, қалам. (қалып қойған сөздерді жазу)

 

Сергіту сәті: Би «Тұңғыш Астана»

 

Топтық  жұмыс.  «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр», «Ақорда» суреттерін қима қағаздар арқылы құрастыру, түсініктеме беру. «Экспо – 2017» көрмесіне жоба ұсыну.

 

Бағалау: «Басбармақ»

1-топ: «Астанам менің — бас қалам» тақырыбына Астана қаласының жетістіктерін айтып талдау

2-топ: «Тұңғыш астанам — Қызылорда» тақырыбында Қызылорда қаласының жетістіктерін айтып талдау

3-топ: «Болашақ Астана – менің көзіммен»

4-топ: «Болашақ Қызылорда  — менің көзіммен»

 

Сабақ ұнаса «Бәйтеректің» жоғарғы жағына смайлик жапсыру.

 

«Астанам» өлеңін жаттау. 5 жолды өлең құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Доп

 

Ребус, тапсырмалар жазылған парақшалар

 

 

 

 

 

 

Көрнекі сурететр

 

 

 

 

 

 

 

Автор суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бәйтерек суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дифференциация – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

«Адасқан сөздер, ребус шешу, буыннан сөз құра» атты

шығармашылық тапсырма

беру

 

 

                Рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

 

    Бүгін оқушылар нені  

              үйренді?

 

 

 

  Оқыту ортасы қандай 

                болды?

 

 

            Оқушыларға дифференциация табысты 

              болды ма?

 

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспардан қандай ауытқулар жасадым және неге?

 

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

 

 

Бағалау – оқушылардың жетістігі мен білімін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

 

Қалыптастырушы бағалау элементтер(жұлдызша, бағдаршам, басбармақ т.б)

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, еңбек

                                                               Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі кезеңді атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге байланысты)

1.

 

 

 

2.Қандай екі кезең сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

 

2.

 

Сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім және ол келесі сабақты өткізуіме қандай әсерін тигізеді?