«Айгөлек» жазғы демалыс лагеріне арналған жұмыс жоспар

 

 

 

     Кезең: ІII

    Өтілу күндері:  25 маусым– 04 шілде аралығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагог-психолог:       Адильгереева Г.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             2018 жыл

 

 

 Бекітемін:

Мектеп директоры:                        А.А Кусаинов

 

                   «Айгөлек» жазғы демалыс лагеріне арналған жұмыс жоспар

Өткізілген шараның тақырыптары Күні Жауапты
1 Қарым-қатынас тренингтері

 

02.06.2017 Психолог
2 «Лагердегі ерекше бір күн»

 

03.06.2017 Психолог
3 «Күн нұрын төккен»

 

04.06.2017 Психолог
4 «Меннен тілек»

 

05.06.2017 Психолог
5   «Суретті тап» 06.06.2017 Психолог
6 «Бәріміз бірге»

 

07.06.2017 Психолог
7 «Өз жұлдызыңды тап»

 

09.06.2017 Психолог

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                           

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 26.06.2018

Тренинг тақырыбы . Қарым-қатынас тренингтері

Мақсаты : Оқушылардың  бір-бірлерімен тіл табысуға, ойымен санасуға, пікір таласуға үйрету.

Сабақтың түрі : ойын-тренинг

Қажетті құралдар : таза қағаз, қалам, түрлі түсті қарандаштар

Жүру барысы :

І.Ұйымдастыру. Амандасу, оқушыларды түгендеу, тренинг ережесімен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім :

1.Танысу. Оқушыларды жұпқа бөліп, әр жұп өзінің жұбын 1 минуттық талқылаудан соң,  топқа таныстырады

2Аңыз : «Екі ақылгөй»

Мақсаты : жағымды қарым-қатынас түрін және оның тиімділігін көрсету

Шарты : Жүргізуші аңызды оқиды

Бір падишахтың екі ақылгөйі болыпты. Бір күні падишах түсінде барлық тістерінің түсіп қалғанын көреді.Сосын түсін жорыту үшін екі ақылшысын шақырады. Бірінші ақылгөй түсті естіп: «О, Ұлы падишах, мен сізге жаман жаңалық айтқалы отырмын, көп ұзамай сіздің барлық тума- туыстарыңыз өледі екен.» дейді. Мұны естіп падишах ашуланып, бірінші ақылгөйін жазалауға әмір береді.  Екінші ақылгөйі: «О, Ұлы падишах, мен сізге жақсы жаңалық айтқалы отырмын, сіз өзіңіздің барлық тума-туыстарыңыздан да ұзақ өмір сүреді екенсіз» дейді. Мұны естіп падишах риза болып, екінші ақылгөйін марапаттауға әмір береді.  

Талдау : Екі ақылгөй  бірдей мағынадағы сөзді айтса да, неге әмірші екеуінің айтқандарын  әр түрлі қабылдады ? Қай ақылгөйдің сөзі тиімдірік ықпал етті?       

3.«Интервью».

—  Өз бойыңыздағы сіз үшін маңызды 3 қасиетті атаңыз

— Басқалардың бойындағы сіз қадірлейтін 3 қасиет қандай ?

— Сіздің ең жақсы не істей алатын нәрсеңіз ?

— Сіздің ең басты үш арманыңыз ?

— Өзіңіз туралы естігіңіз келетін 3 сөз?

4.«Мен күштімін» жаттығуы

А) «Қайырылып қарау» Әр жұптағылар бір-біріне арқасын қаратып тұрады, бір-біріне бұрылып қарап, алақандарын тигізеді. Сонан соң екінші жағына бұрылып жаттығуды орындайды.

Б) «Уқалау» Жұптағылардың біріншісі екіншісінің арқасын, қолдарын, мойынын, басын уқалайды. Сонан соң екіншісі біріншісін тап осылай уқалап  шығады.

В) «Еркін күрес» Жұптағылар аяқтарын орнықты етіп алады да, оларды орныны қозғалтпай , қолдарымен бір-бірін қатты тіреп итереді, бар күшімен күреседі, қарсыласын орнынан жылжытуы керек.

Г) «Арқамен күрес»  Жұптар бір-бірімен арқаларымен тіреліп, итерісіп күреседі. , аяқты орнынан қозғалтуға болмайды.

  1. «Қолды есіңде сақта» жаттығуы Бөлмеде барлығы емін-еркін жүріп, кездескендер бір-бірінің қолын алып амандасады, амандасу кезінде бір-біріне жылы сөздер айтады, айтылған сөздерді есте сақтайды. Одан соң барлығы шеңберге жиналып, ортаға бір адам шығып, көзін жұмып , қолын алға созып тұрып өзінің қолын «тыңдайды» Ортадағы адамның қолын бір оқушы сипауы керек, ал ортадағы адам сол адамның кім екенін және қандай сөз айтқанын есіне түсіріп айтуы керек.
  2. «Әуенді тыңдап, сурет саламыз» жаттығуы. Бір әуен ойналады, соны тыңдай отырып, көз алдарына келген бейнелерді немесе ойларды суреттеу сұралады.
  3. «Сәлемдеме хат» жаттығуы

Мақсаты:Топ ұйымшылдығын ,эмпатия сезімін дамыту, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Уақыт: 5 минут

Нұсқау: Мен әрқайсыңыздың өз сәлемдемеңізді жазып,қобдишаға салуды ұсынамын.содан кейін мен араластырамын ,әрқайсыңыз кез-келген сәлемдемені алып, топқа дауыстап оқисыз және бүгінгі күннен естелік ретінде өзіңізге қалдырасыз.

Талдау:

Сәлемдеме жазу қиын болды ма?

Әркім өзіңіздің сәлемдемеңіз оқылып жатқанда қандай сезімде болдыңыз ?

Қорытынды :  Қатысушылар жұмсақ ойыншық көмегімен тренингтен алған әсерлерімен бөлісу сұралады.

 

Күні:27.06.2018

 Лагердегі ерекше бір күн

 

Сабақ-тренинг өткізу барысында психологиялық және денелік ауыртпалықты жеңілдету үшін сергіту минуттары өткізіледі. Сергіту сәттері де қарым-қатынас дағдасын дамытуға көмектеседі. Олар орнымен өткізілулері қажет. Ерекше назар аударуды қажет ететін жаттығулардың алдында тым қозғалғыш сергіту ойындары өткізілмейді.

 

Сергіту мысалдары

1.«Салат» ойыны: оқушылар шеңберге тұрып, жеміс атаулары бойынша саналады: алма, алмұрт, өрік, шабдалы. Олардың берілген команда бойынша орын ауыстырулары сұралады, әуелі алмалар, сосын алмұрттар т.б.

 

  1. «Көңіл күй»

Оқушыларға өздерінің көңіл күйлерін 5 баллдық жүйе бойынша бағалау сұралады: «Мен өзімнің көңіл күйімді 3 балл деп бағалаймын, себебі ұйқым қанған жоқ.

 

  1. «Есте сақта»

Назар мен бақылаушылықты дамытатын ойындар. Столға бірнеше кез келген зат қойылады. Өз қалауы бойынша оқушылардың біреуі заттарды назар аударып қарап шығады, сосын аудиториядан шығып кетеді.Оқытушы заттардың біреуін алып тастайды. Ерікті қайта шақырылып, стол үстінде қай заттың жоқ екндігін табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28.06.2017 Меннен тілек

 

  1. «Менше жаса»

Қатысушылар шеңберге тұрады, жүргізуші сайланады, ол бір дене жаттығуын көрсетеді, оны қалғандары қайталайды. Сосын жүргізуші рөлі басқаға ауысады.

 

  1. «Мен қандаймын»

Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші допты кез келген қатысушыға лақтырады да өз атының бірінші әрпінен басталатын анықтауышты қосады. Мысалы, Болат-белсенді, Алма-ақылды т.б. Келесі оқушы допты лақтыруды ары қарай жалғастырады, яғни өз атына анықтауыш қосады.

 

  1. «Карусель»

Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы ішкі және сыртқы шенберге тұрады. Белгі бойынша сыртқы топ оңға қарай бір адым жылжып отырады. Әр жылжыған сайын қарсысында тұрған әріптесінің қасиетіне байланысты бір мадақтау сөз айтуы керек: «Мен сен сияқты шыдамды болғым келеді», «Сенің жайдары мінезің маған ұнайды» т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

29.06.2018 Суретті тап!

 

  1. «Тез орында»

Оқушылар екі командаға бөлінеді. Ары қарай олар туған айлары бойынша бір қатарға тұрулары керек. Оқушыларға сөйлеуге тыйым салынады. Мимика мен қимыл арқылы байланысуға болады. Тапсырманы тез орындаған команда жеңіске жетеді.

 

  1. .«Суретті тап»

Оқушылардың арасынан бір оқушы шығып жасырылған суретті таңдап, ол суретті оқушыларға ыммен түсіндіру керек

 

3.«Егер мен…»

Шеңберде тұрған оқушылар бір-бірінің сөйлемдерін аяқтайды. Барлығы да шынайы болулары керек. Мысал: 1) Егер мен милиционер болсам… 2) …Мен балалар үшін ақысыз Диснейленд жасар едім…т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30.06.2018 Бәріміз бірге

 

  1. «Бәрібір сен азаматсың, себебі сен…»

Оқушылар шеңберге тұрып команда бойынша байланысты бастайды. Бір бала оң жағындағы көршісіне бұрылып, өзінің бір сәтсіздігі туралы қысқаша хабарлайды. Көршісі оны тыңдап болған соң: «Бәрібір сен азаматсың, себебі…» деп, көршісінің бір жақсы қасиетіне көңіл аударады. Сосын өзі оң жағындағы көршісіне бұрылып, өз басындағы бір сәтсіздігін жеткізеді…Осылайша ойын барлығы қатысып болғанша жалғаса береді.

 

2.«Сенімді тірек»

Оқушылар шеңберге бір-біріне иық тірестіріп тұрады. Мұғалімнің командасы бойынша оңға, сосын жәйімен солға қисаяды.Оқушылар өз жолдастарының иықтарына сүйенгендіктен құламағандарын, сенімді тірек тапқандарын сезінулері қажет.

 

3.«Өмірлік мақсат»

Оқушылар шеңберге тұрып сағат тілі бойынша байланысқа түседі. Олар кезекпен қасындағы көршісіне мына сөздерді айтады: «Маған осы өмірде бәрінен бұрын…» Көршісінің жауабы: «Ол үшін сен…»

Осылайша диалог шеңбер бойынша жалғаса береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

01.07.2018 Өз жұлдызыңды тап!

 

Сабақ-тренинг өткізу барысында психологиялық және денелік ауыртпалықты жеңілдету үшін сергіту минуттары өткізіледі. Сергіту сәттері де қарым-қатынас дағдасын дамытуға көмектеседі. Олар орнымен өткізілулері қажет. Ерекше назар аударуды қажет ететін жаттығулардың алдында тым қозғалғыш сергіту ойындары өткізілмейді.

1 .«Жұмбақ көсем»

Қатысушылар шеңберге тұрады ( не партаның қасында ). Біреуі бөлмеден шығып кетеді. Бұл кезде топ өз арасынан «Көсем» сайлайды. Шығып кеткен адам қайтып оралғанда «Көсем» белгілі бір қимылды көрсете бастайды(саусағын сартылдату, қолын айналдыру, шапалақтау т.б). Топ оны бірден қайталайды, яғни байқатпай «Көсемнің» қимылын бақылауға тырысады. Жүргізуші «Көсемге» арқасын беріп, сырт айналғанда, «Көсем» қимылын өзгертеді, қалғандары оны қайталайды. Жүргізушінің мақсаты-«Көсем» кім екендігін анықтау.

 

  1. «Жаңбыр»

Сол алақанымызға оң қолымыздың сұқ саусағымен соғамыз. Сосын оған екінші саусағымызды қосамыз, сосын үш саусағымызды. Төрт. Бес. Сосын алақанымызбен түгел соғамыз. Содан кейін керісінше бір саусақтан кемітіп, бір саусағымыз қалғанша қайталап шығамыз.

 

  1. «Бәрібір сен азаматсың, себебі сен…»

Оқушылар шеңберге тұрып команда бойынша байланысты бастайды. Бір бала оң жағындағы көршісіне бұрылып, өзінің бір сәтсіздігі туралы қысқаша хабарлайды. Көршісі оны тыңдап болған соң: «Бәрібір сен азаматсың, себебі…» деп, көршісінің бір жақсы қасиетіне көңіл аударады. Сосын өзі оң жағындағы көршісіне бұрылып, өз басындағы бір сәтсіздігін жеткізеді…Осылайша ойын барлығы қатысып болғанша жалғаса береді.