Қаңқаның негізгі бөлімдері: бас сүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы.

Қысқа мерзімді жоспар

               Пән мұғалімі:     Спанов Нурболат

 

Пәні: Биология Сыныбы: 8 « Б »  Сабақтың өтілетін мерзімі:  
Сабақтың тақырыбы Қаңқаның негізгі бөлімдері: бас сүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы.
 Мақсаты 1. Оқушыларды қаңқаның негізгі бөлімдері туралы түсініктемелерімен және олардың қызметімен таныстыру; сүйектердің жұмысын нығайтудағы еңбек пен дене шынықтырудың маңызын түсіндіру.
2. Бақылағыштықты, білімге деген белсенділігін дамыту, мәтінмен жұмыс істеуді үйрету.
3. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу (гигиена, дене шынықтыру, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану),
Күтілетін нәтиже Қаңқаның негізгі бөлімдеріне байланысты ерекше ойлары қалыптасады, сөйлеу тілдерімен танымдық және логикалық ойлау қабілеттері дамиды, білім, білік дағдылары қалыптасады.Жаңа сабақтан алған теориялық білімдерін практикада қолдана алады,өзін-өзі бағалап,өз жұмысын сыныптастарының жазғанымен салыстырып,өзін-өзі реттей алады.
Сабақта қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер Сиқырлы қорапша,АКТ,СТО,топтық жұмыс,жеке жұмыс,сергіту сәті,Сабақтан алдын және кейін  атты бағалау парақшасы,эссе,сызықтық диктант,тест тапсырмалар,крассворд т.б.
Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Сабақтағы оқушылардың ісәрекет Дифференциация Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі

( 2 минут)

Оқушылармен сәлемдесіп,түгелдеу.Оқушылардың көңіл-күйін смайликтер арқылы анықтап алу. Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады. Оқушылар өздерінің көңіл күйлерін  смайликтер арқылы білдіреді. Көңіл күйлерін көтеру. Көңіл күй смайликтері
«Миға шабуыл»

( 3 минут)

 

 

 

 

 

«Сабақтан алдын, сабақтан кейін» стратегиясы.           ( 2 минут)

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлату мақсатында сұрақ-жауап өткіземін.

Қозғалыс,тіршілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам денесінің тірегі қаңқасын алып тастағанда қалай болар еді?

Алдарына ақ парақша таратып қандай сүйектің аттарын білетінін жазуларын түсіндіремін.

Оқушылар берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланулары арқылы жауап береді.

 

 

 

 

 

Оқушылар алдарында ақ парақшаларға білетін сүйектерінің аттарын жазып мұғаліміне жинап береді.

Сыни тұрғыдан ойлануларын дамыту. Сұрақ-жауаптар

 

 

 

 

 

 

Ақ парақшалар

Үй тапсырмасын сұрау

( 2 минут)

«Қорапшадан сұрақтар алу» әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасын қорытындылап алатынымызды түсіндіріп өтемін.

 

 «Қорапшадан сұрақтар алу» әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

Үйге бірілген тасырма «Сүйектердің құрамы,құрылысы олардың пішіндері және қызметі» тақырыбы.

Оқушылар шығып қорапшадан сұрақ алып үй тапсырмасы бойынша қойған сұрақтарына жауап береді.

Талантты және дарынды оқушыларды анықтау. «Сиқырлы қорапша», кеспе қағаздар.
Жаңа сабақ

( 5 минут)

Оқушыларға жаңа сабақты интеративті тақтадан слайдтар қою арқылы түсіндіріп өтемін. Мұғалім тарапынан сабақтың қысқаша мазмұны слайдтар арқылы таныстырылады. Зейіндерін дамыту. АКТ,бейне көрсетілім, слайдтар.
«Салауатты өмір салтын ұстану»

( 3 минут)

Оқушыларға жаңа сабақтан үзінді «салауаттылықты ұстану» атты бейне көрсетілім көрсетіп өтемін. Оқушылар интерактивті тақтадан қойылған бейне көрсетілімді мұқият тамашалайды. Салауатты өмір салтын ұстату. АКТ,бейне көрсетілім.
«Топқа бөліну»

( 2 минут)

Оқушыларды топқа бөліп алу мақсатында «Сиқырлы қорапшадан» кеспе қағаздарды алуларын сұраймын. Оқушылар «Сиқырлы қорапшадан» сүйектердің атаулары жазылған кеспе қағаздар арқылы 4 топқа бөлінеді. Колабаративті орта қалыптастыру. «Сиқырлы қорапша», кеспе қағаздар.
«Топтық жұмыс»

( 10 минут)

 

 

 

 

 

 

 

«Бағалау»

( 2 минут)

 

Оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша түсініктерін калабаративті орта қалыптастыра отырып флипчартқа түсіріп,топ болып постерлерін қорғайды.

 

Оқушылардан топтардың бағаларын алдарында тұрған қаңқа бөлімдері бейнеленген сүреттер арқылы бағалау.

Әрі қарай топтар мәтін бойынша жұмыстана бастайды. Тапсырма:

І топ:  «Бас сүйегі»

ІІ топ: «Кеуде бөлігі»

ІІІ топ: «Иық белдеуі,қол сүйектері.»

ІҮтоп: «Жамбас белдеуі,аяқ сүйектері»

 

Оқушылар топтардың жұмысын алдарында тұрған қаңқа бөлімдерінің біреуін көтерулері арқылы бағалайды.

Бағалау кретерийлері:

5 деген баға:  «Бас сүйегі»

4 деген баға: «Кеуде бөлігі»

3 деген баға: «Иық белдеуі,қол сүйектері.»

2 деген баға: «Жамбас белдеуі,аяқ сүйектері»

Талантты және дарынды оқушыларды анықтау,өз ойларын еркін саналы түрде жеткізе алу дағдыларын қалыптастыру.

 

 

Өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру.

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

Критерий  арқылы  бағалау

 

«Сергіту сәті»

( 3 минут)

 

Оқушыларға интерактивті тақтадан тақырыпқа сай қаңқалар биін қойып,қосылып билеулерін түсіндіріп өтемін. Оқушыларға интерактивті тақтадан тақырыпқа сай қаңқалар биін қосылып билейді. Шымырлықтарын дамыту АКТ,         іс-қимыл.
«Жеке жұмыс»

( 5 минут)

 

Әр топтың оқушыларына жеке жұмыс жасату мақсатында тапсырмалар беремін.

І топ:  «Сематикалық картаны толтыру»

ІІ топ: «Тест тапсырмаларын орындау»

ІІІ топ: «Кроссворд шешу»

ІҮтоп: «Сызықтық диктант»

Топ мүшелері өздеріне берілген тапсырманы жеке орындайды.

І топ:  «Сематикалық картаны толтыру»

ІІ топ: «Тест тапсырмаларын орындау»

ІІІ топ: «Кроссворд шешу»

ІҮтоп: «Сызықтық диктант»

Талантты және дарынды. оқушыларды анықтау Ақ парақшалар.
«Қорытындылау»

( 2 минут)

 

Оқушыларға сабақтан тыс сүйектер жайлы «Білгенің жөн» атты қосымша ақпарат айтып өтіп,жаңа сабақты қорытындылаймын. Оқушылар сабақтан тыс сүйектер жайлы «Білгенің жөн» атты кезеңінен қосымша ақпарат алады. Зейіндерін дамыту. АКТ, слайдтар
Рефлексия

( 2 минут)

Оқушылардан бүгінгі сабақтан түсінгендерін «Сиқырлы қаңқа» атты плакатқа стикерлер жабыстырулары арқылы бүгінгі сабағымды бағалайды. Оқушылардан бүгінгі сабақтан түсінгендерін «Сиқырлы қаңқа» атты плакатқа стикерлер жабыстырады. Бұл арқылы мен бүгінгі сабағым қандай дәрежеде өтілгенін анықтап аламын. Жаңа сабақты бағалау. «Сиқырлы қаңқа» атты плакат,стикерлер.
«Үйге тапсырма»

( 2 минут)

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойланулары мен шығармашылықтарын дамыту мақсатында үйге тапсырма «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында эссе жазу. Оқушылар үйге берілген тапсырмаларын күнделіктеріне жазып алады. Шығармашылықтарын дамыту. АКТ,слайд.