Мақал- мәтелдер

Мақал- мәтелдер

 

 

Шын ер жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас.

Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер;
Ер басына күн туса,
Етегімен су кешер.

Үйде шешен, дауға жоқ,
Үйде батыр, жауға жоқ.

Батыр мақтанса,
Жауға шапқанын айтар.
Қу мақтанса,
Алдап қаққанын айтар.

Ел даусыз болмайды,
Ер жаусыз болмайды.

Ерді кебенек ішінде таны.

Шешінген судан тайынбас.

Түпкі айылдын батқанын
Ійесі білмес, ат білер.
Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмес, жат білер.

Ердің атын,
Не аты шығарар,
Не қатыны шығарар.

Ер бір рет өледі,
Ез мын рет өледі.

Тауекел тау жығар.

Су жетпейін демейді,
Жар жеткізбейді.
Ер жетпейін демейді,
Мал жеткізбейді.

Бас болмақ оңай,
Бастамақ киын.

Жаман жолдас жауға алдырар,
Жаман би дауға алдырар.

Ер бақыттың
Конғанын білмейді,
Ұшқанын біледі.

Қорыққанға қос көрінер.

Қорқақтың көзі үлкен,
Ақымақтың сөзі үлкен.

Жау жоқта батыр коп,
Дау жоқта ақыл көп.

Қылышынан қан тамған батырды,
Тілінен бал тамған ақын алады.

Ердің жақсысы
Елімен ойласады.
Айелдің жақсысы
Ерімен ойласады.

Ер қадірін білмеген
Ел қадірін білмейді.

Айла алтау,
Ақыл жетеу.
Айла мен ақыл қосылса,
Алдырмайтын екеу.

Қыдырып жеген жанбастан,
Шақырулы жеген жақырын артық.

Іитке төсек не керек,
Естіге өсек не керек.

Қалыңдығына өкпелеген күиеу,
Қайнысына салем бермейді.

Ел болатын жігіттер,
Ел намысын жыртады,
Ел болмайтын жігіттер,
Елін ұрлап кұртады.

Қамысты бос ұстасаң,
Қолыңды кеседі.
Қатынды бос ұстасаң,
Төбеңді теседі.

Бірлік қайда болса,
Ерлік сонда.
Еркіндік қайда болса,
Елдік сонда.

Жығылған күреске тоймайді.

Көз қорқақ, қол батыр.

Күшті болсаң нәпсіңді тый.

Шындық қамал бұзар.

Үйренген жау атыспаққа жақсы.

Сақтықта корлық жок,
Салемде зорлык жок.

Бұқа болар бұзау,
Биіттейінен белгілі.
Батыр болатын бала,
Тійттейінен белгілі.

Ер айтса ел айтқаны,
Елдің қамын жеп айтқаны.

Елуінде ер дана,
Елу жылда ел жаңа.

Ат басына күн туса,
Айыл, тұрман садаға;
Ер басына күн туса,
Бастан құлақ садаға.

Арманымен ер сұлу,
Орманымен жер сұлу.

Өзін өзі білген ер бақытты.
Өзін өзі билеген ел бақытты.

Ел іші алтын бесік.

Ел құлағы елу.

Қырыктың бірі — қыдыр.

Бүлінген елден,
Бүлдірген алма.

Тау мен тасты су бұзар,
Ер арасын ку бұзар.

Балық іздесең, көлге бар,
Береке іздесең, елге бар.

Ел-жұртыңның қадірін
Іс түскенде білерсің.
Сары тоннын қадірін
Қыс түскенде білерсің.

Өсер елдің баласы
Қозысын күтіп қой қылар.
Өспес елдің баласы
Қозысын сойып, той қылар.

Көпті жамандаған
Көмусіз қалар.

Ақылсыз адам айқай келеді,
Жан-жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай-жай келеді,
Жан жағын байқай келеді.

Сұлу сұлу емес,
Сүйген сұлу.

Болар адам он бесінде бас болар,
Болмас адам қырык бесінде жас болар.

Жаман итті еркелетсең,
Ауызыңды жалар.
Жаман адамды еркелетсең,
Жаныңды алар.

Судың да сұрауы бар.

Берекесі кеткен ауылдың
Айтқаны өсек болар,
Аңдығаны төсек болар.
Берекесі кірген ауылдың
Айналдырғаны шаруа болар,
Еккені тары, жегені жарма болар.

Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
Не ексең соны орарсың.

Еріншектің егіні піспес.

Маңдайы терлемегеннің
Қазаны кайнамайды.
Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды.

Еріншектің ертеңі бітпес,
Жеңілшектің селтеңі бітпес.

Кедейлік жаны тәтті жалқауга үйір,
Еңбек ете білмейтін, аңқауға үйір.

Екі аяқтыда бажа тату.
Төрт аяқтыда бота тату.

Түйе ботасымен жарасты,
Тамақ батасымен жарасты.

Ынта болса адамда,
Қиын іс жоқ ғаламда.
Ағаш тамырымен мықты.
Адам дос-жарымен мықты.

Жолдасы жоқ жігіттің
Олжасы жоқ.

Жаман жолдастан,
Жақсы дұшпан артық.

Ас адамның — арқауы.

Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.

Пышағы бар, сүйгенін жер,
Пышағы жок, тигенін жер.

Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, кой қалар,
Қоймай жесең, не калар?!

Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.

Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады.

Жылқының етін жесең,
Тісіңе кіреді,
Жемесең түсіңе кіреді.

Аз ғана асым,
Даусыз басым.

Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.

Тұр-тұрдан қабар келсе,
Ұйқыдан маза кетеді.

Кісінің кісілігі,
Киімінде емес,
Білімінде.

Акыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.

Киіміне қарап, қарсы алады,
Біліміне қарап, шығарып салады.

Ақылды өзінен көреді,
Ақылсыз ағайыннан көреді.

Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
Ақылды көрген-білгенін айтады.

Ер жігіттің өлгені
Ессіз болса алғаны.
Әділ бидің өлгені
Сөзінің болса жалғаны.

Еңбегі жоқ ғалым
Істігі жоқ жалын.

Білім гауһар
Бағасы жоқ.
Надандық кесел
Дауасы жоқ.

Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

Күш — білімде,
Білім кітапта.

Кәргістің ен жаманы:
Өзін білме,
Білгеннің тілін алма.

Түстік өмірің болса,
Кештік білім жи.

Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.

Ақылы жоқтың арманы жоқ.

Өнер алды қызыл тіл.

Тіл тас жарады,
Тас жармаса,
Бас жарады.

Басқа пале тілден.

Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.

Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.

Ұлы сөзде ұят жоқ.

Жақсы сөз жарым ырыс.

Ауруда шаншу жаман,
Сөзде қансу жаман.

Жүздің көркі сақал,
Сөздің көркі мақал.

Ең тәтті де тіл,
Ең ашты да тіл,
Ең жұмсақ та тіл,
Ең қатты да тіл.

Көздің аласынан,
Сөздің аласы жаман.

Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,
Адал сөйлеп, жұртқа жақ.

Артында баласы қалса
Көзі қалды де.
Артында сөзі қалса
Өзі қалды де.

Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.

Жылтырағанның бәрі алтын емес.

Қына тастан шығады,
Өнер білім жастан шығады.

Сырлы аяқтын сыры кетсе де,
Сыны кетпейді.

Сабыр түбі сары алтын.

Еріншек қатынның
Етегі жыртық,
Ерке қатынның
Еріні тыртық.

Жақсы әйел
Жаман еркекті түзетеді.
Жаман әйел
Жақсы еркекті жүдетеді.

Жаман қатын алғанның
Жауы үйінде.
Екі қатын алғанның
Дауы үйінде.

Төркіні жақын қатынның
Төсегі жиылмайды.

Келіннің бетін кім бұрын ашса,
Сол ыстык.

Астінда атін болса,
Аргімак не керек?
Жаксі катінін болса,
Ұжмак не керек?

Бардін катіні олсе,
Тосегі жаңірар.
Жоктін катіні олсе,
Басі каңірар.

Атың жақсы болса пырағын,
Қатының жақсы болса шырағын.
Ата-ананың кәдірін
Балалы болғанда білерсін.
Ағайынның кәдірін
Жалалы болғанда білерсін.

Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.

Әзілің жарасса,
Атаңмен ойна.

Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.

Акең өлсе өлсін,
Акеңді көрген өлмесін.

Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басін жерге сүйрер.

Ашаршылыкты көп көрген,
Өзі тоймай же демес.
Жетімдікті көп көрген,
Үш шақыртпай жа демес.

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

Қарга баласын аппағым дейді.
Кірпі баласын жұмсағым дейді.

Жалғыз баласы бардың
Шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың,
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың,
Бұқарада пұлы бар.

Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.

Үйдін жылы-суығын,
Қыс түскенде білерсін.
Ағайынның алыс-жақынын,
Іс түскенде білерсін.

Алыстағы ағайыннан,
Ауылы бірге көрші артық.

Туыс туыс емес,
Қоныс туыс.

Өзі қонақ болып көрмеген,
Қонақты силай да білмейді.

Ағайынның аразы болса да,
Азары болмайды.

Қонақ келсе ет қызарар,
Ет қызармаса, бет қызарар.

Асты сұрап бергенше, сабап бер.

Балалығында сағынсан,
Нағашыңа бар.
Жігіттігіңді сағынсаң,
Қайнына бар.

Ағайын, барында аузыңды жалайды,
Жоғында желкеңнен қарайды.

Жаман туыстан,
Жақсы таныс артық.

Ерінбеген електен су ішеді.

Бетің қисық болса,
Айнаға өкпелеме.
Ниетің қисық болса,
Ағайынға өкпелеме.

Ағайыныңді іске шақырма,
Асқа шақыр.

Үйден ұзап шықпасаң,
Қатынға кәдірің болмайды.
Ауылдан ұзап шықпасаң,
Жақынға кәдірің болмайды.

Бір ауылда мың туысың болғанша,
Әр ауылда бір туысын болсын.

Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай.
Жаман адам қартайса,
Бықсып жанған оттай.

Алтыға дейін бала ерке,
Алпыстан кейін шал ерке.

Өмір қартайса да,
Көніл қартаймайді.

Қатарынан қалган кәрі жетім.

Бейнет,
Бейнет түбі зейнет.

Еңбек етсен емерсің.

Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.

Қолы қимылдағанның
Аузі қимылдар.

Ерте тұрған жігіттің
Бір ісі артық.
Ерте тұрган әйелдің
Ырысы артық.

Ерінген екі істейді.

Бағы тайған адамды,
Түйе үстінен ит қабар.

Ат айланып қазығын табар.

Тай тайға жеткізер,
Тай кұнаңа жеткізер,
Кұнан атка жеткізер,
Ат мұратка жеткізер.

Аттан тай озады.
Атадан бала озады.

Ат сүрінбей жер танымас,
Ер сүрінбей ел танымас.

Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоныц қондыртпас.

Арғымақ аттың баласы,
Аз оттап көп жусайды.
Асыл ердің баласы,
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.

Тістейтін жылқы тісін көрсетпес.

Акылсыз атқа мінсе,
Атасын басып кете жаздайды.

Тегін келген аттың
Тісіне қарама.

Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман силағанды білмейді.

Ортақ өгізден,
Оңаша бұзау артық.

Өгізге туған күн,
Бұзауға да туады.

Сиыр судан жериді,
Су сиырдан жериді.

Әңгіме бұзау емізер,
Бұзау таяқ жегізер.

Бас екеу болмай,
Мал екеу болмайды.

Жоғалған пышақтың сабы алтын.

Кісі берген,
Кісіге ырыс болмас.

Малым жанымның садақасы,
Жаным арымның садақасы.

Есек семірсе,
Иесін тебер.

Ер тұрманы алтын болса да,
Есектің есек аты қалмас.

Есекті есек десең,
Иесінің көңіліне келер.

Бітер істің басына,
Жақсы келер қасына.

Сырласуға дос жақсы,
Силасуға жат жақсы.

Ақ сәбиттің жағасы бар,
Жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар,
Кегі жоқ.

Көргенді кісі,
Көргенін айтар.
Көргенсіз кісі,
Бергенін айтар.

Жақсының айтқаны келмейді,
Жаманның сандырағы келеді.

Біреуге ор қазба, өзін түсерсің.

Туа жаман жоқ,
Жүре жаман бар.

Жыланға түк біткен сайын,
Қалтырауық болады.
Жаманға мал біткен сайын,
Бақырауық болады.

Еркектің жаманы,
Қатынын жамандар.
Елдің жаманы,
Батырын жамандар.

Жаман байыса,
Жақынын танымас.

Жаман адам торшыл.

Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.

Жаман мақтанса қатынын сабар.

Жақсылыққа жақсылық,
Әр кісінің ісі.
Жамандыққа жақсылық,
Ер кісінің ісі.

Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп өтеді.

Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді.

Жақсы болса алғанын,
Үйінен кісі кетпейді.
Жаман болса алғанын,
Шын досын да шеттейді.

Жақсыны жамандасаң,
Аруағы тасады.
Жаманді жамандасаң,
Кұты қашады.

Жаман ағайын
Бар болсаң, көре алмайды.
Жоқ болсаң, бере алмайды.

Жапалақ мақтанса,
Жардан қоян алдым дер.
Жаман мақтанса,
Жақсының жағасынан алдым дер.

Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.

Ермек қуған,
Палеге жолығады.
Еңбек қуған,
Қазынаға жолығады.

Жақсыдан жаман туса,
Емі табылмас.
Жаманнан жақсы туса,
Теңі табылмас.

Жақсы жігіт сапардан:
Елін аңсап қайтады,
Алдына мал салып қайтады.
Жаман жігіт сапардан:
Пістесін шағып қайтады,
Қалтасын қағып қайтады.

Жақсыны арман оздырар,
Жаманды құлқын тоздырар.

Жақсы әйел,
Жаман еркекті би етеді.
Жаман әйел,
Жақсы еркекті құл етеді.

Жақсының соңынан көп ереді.
Жаманның соңынан шөп ереді.

Жақсының жақсылығын айт,
Мейірі тасысын,
Жаманның жамандығын айт,
Құты қашсын.

Жаман адам кетсе,
Дүние кеңіп қалғандай болады.
Жақсы адам кетсе,
Дүние кеміп қалғандай болады.

Жақсы жігіт
Ағайынның басын қосады.
Жаман жігіт,
Жақсы ағаның жолын тосады.

Жақсы силағанның құлы,
Жаман қорыққанның құлы.

Есепті дос айрылмас.

Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.

Айрылғысы келген дос,
Аяулыңды сұрайды.

Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.

Адамның көнілі,
Бір атым насыбайдан қалады.

Досыңмен көп сөйлеспе,
Жолынан қалдырарсың.
Дұшпаныңмен көп сөйлеспе,
Сырыңды алдырарсың.

Күлме досыңа, келер басыңа.

Кемедегінің жаны бір.

Досқа ауырлығыңды салма,
Достан қарыз алма.

Қарғайын десем жалғызым,
Қарғамайын десем жалмауызым.

Байлық мұрат емес.
Кедейлік ұят емес.

Бай бір жұттық,
Батыр бір оқтық.

Бар болсаң аспа,
Жоқ болсаң саспа.

Үйдегі есепті,
Базардағы нарық бұзар.

Базарда мың кісі бар,
Әркім сүйгеніне сәлем берер.

Қарға қарғаның көзін шұқымас.

Қоянның қарасын көріп,
Қалжасынан түңіл.

Анкау елге арамза молда.
Аюға намаз үйреткен таяқ.

Қасқырдың аузы жесе де қан,
Жемесе де қан.

Ит итті жұмсайды,
Ит құйрығын жұмсайды.

Ақ ит, қара ит, бәрі бір ит.

Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара,
Он бес жасқа дейін қос шыңдай сана,
Он бестен асқан соң досыңа бала.

Сүтпен кірген мінез,
Сүйекпен кетеді.

Күйеу — жүз жылдық,
Құда — мың жылдық.

Керек тастың ауырлығы жоқ,
Барар жердің алыстығы жоқ.

Құдайдан қорықпа,
Құдайдан қорықпағаннан қорық.

Ары тартсаң өгіз өледі,
Бері тартсаң арба сынады.

Кең болсаң, кем болмайсың.

Әлі жетпеген, ақыретшіл.

Жаңбыр жауса, жерге сый,
Жігіт туса, елге сый.

Қойшы көп болса,
Қой арам өледі.

Екі қошқардың басы бір қазанға симас.

Ала қойды бөле қырққан
Жүнге жарымайды.

Арық малды асырасаң,
Ауыз мұрныңды май етер.
Жаман адамды асырасаң,
Ауыз мұрныңді қан етер.

Қойдан қойдың несі артық,
Қол басындай еті артық.
Ерден ердің несі артық,
Ойлап айтқан сөзі артық.

Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп
Құлағынан айрылыпты.

Ешкі бастаган қой,
Егінге түседі.