Білім биржасы

Қобда гимназиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

класы:6

пәні: информатика

пән мұғалімі Л.Мадетхан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зияткерлік ойынның тақырыбы: Білім биржасы

мақсаты:

Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту .

Оқушылардың бойында компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын  арттыру.

Оқушыларды сабырлылыққа, тәртіптілікке, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Қажетті ресурстар:  интерактивті тақта, слайд, аукцион заттары.теңгелер

 

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.

Алдарыңызда өз білімімен, ақыл- ойымен, эрудициясымен ерекшеленген білімді оқушылар. Ендеше кезек оқушыларда. (әр топ  өз аттары мен ұранымен таныстырады.)

«Болашақ» дарындылар тобы:

Ұраны:Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

«Процессор»- тапқырлар тобы

Ұраны:Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

І — кезең: «Білім аукционы». Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға  сұрақтар аукцион арқылы  қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.

ІІ — кезең: «Эрудиттер сайысы». Топтар оқу бағдарламасынан негізгі ережелер мен түсініктерді білу бойынша сайысады.

ІІІ — кезең: «Таңдау табыс». Әрбір топ таңдағантақырып бойынша берілген тапсырманы орындайды.

ІҮ – кезең: «Жарнама » сайысы. Жақсы жарнама жасаса  өз тобына ақша қорын жинайды. 10000 тг.

Ү – кезең: «Сыйлықтар аукционы». Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.

Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы — білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу — Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда теңге бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 5 мың теңгеден бар. Бұл — бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту — өз қолдарыңызда.

Аукционға оқу тақырыптары  қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы-

200 теңге. . Әр топ  бағаны жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол оқушыға беріледі, ал қате жауап айтылса, онда оқушы өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер оқушы қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда- банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыру дағдысы»,- деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.

Аукциондарда информатика пәндерінен алған білімдеріңді көрсетесіздер.

Информатика пәнінен сұрақтардың бастапқы бағасы — 200 теңге. Топ капитаны бағаны 200 теңгеден жоғарылата алады. Баға көрсеткіштері: 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса — баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ капитанынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Аукционға№1 лот.«Әлемнің ақпараттық көрінісі» тақырыбы қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 200 теңге. Қай топ жоғары баға береді? тобы бір, тобы екі, тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына теңге қосады.

Сұрақ: Біздің әлемді қандай  құрылымдарға бөлуге болатындығы туралы айтып беріңіз.

Жауап: Бүкіл әлемді мегаәлем,макроәлем,микроәлем деп бөлуге болады.

Мегаәлем-галактика,жұлдыздар, яғни үлкен көлемді нысандар құрайды.

Макроәлем-адам өлшемдерімен  салыстыруға болатындай тірі және өлі табиғаттан тұрады.

Микроәлем- өте кішкентай нысандардан молекула, атом сияқты  нысандардан тұрады.

Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына_____теңге қосады.

Аукционға №2 лот. «Компьютердің буыны»тақырыбы бойынша қойылады.

Сұрақ:ЭЕМ-нің ІІ буындағы компьютерлер туралы айт. Ерекшелігі неде?

Жауап ЭЕМ ІІ буыны (1958-1964) жартылай өткізгіш транзисторларды қолдана бастады. Олардың сенімділігі артып, ғұмыры ұзақ болып, көлемі кішірейді. Есептеулер орындай бастады.

Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына_____теңге қосады.

Аукционға №3 лот. «Алгоритмдеу» тақырыбы бойынша қойылады.

Сұрақ: Алгоритмнің түрлерін және ерекшеліктерін ата.

Жауап: сызықтық,тармақталған, циклдік.

Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына_____теңге қосады.

Аукционға №4 лот . «Модель» тақырыбы бойынша қойылады.

Сұрақ. Модель неше кезеңнен тұрады?

Жауап:

1 кезең. Есептің қойылымы.Сипаттамасы, мақсаты,талдау

2 кезең. Модельді құру, ақпараттық модель, таңбалық модель

3 кезең. Компьютерлік модель.

4 кезең. Модельдеу нәтижесін талдау.

Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына_____теңге қосады.

Аукционға №5 лот . «Мәтіндік процессор » тақырыбы бойынша қойылады.

Сұрақ: Тізімдердің үш түрін айтыңдар

Жауап: нөмірленген, таңбаланған, көпдеңгейлі.

Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына_____теңге қосады.

Аукционға №6 лот . «Мәтіндік процессор » тақырыбы бойынша қойылады.

Сұрақ: Кестелер құрудың жолдарын талда.

Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына_____теңге қосады.

Осымен І — тур аяқталды. І — турдың қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық. Жоғары капитал жинаған топ_____________

 

Көрермендер сайысы:  Қай топтың көремені жеңіске жетсе, 500 теңге.

  1. БАҒДАРЛАМА

Жауап:  (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,…)

Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады.

Әр топқа берілген уақыт — 2 минут.

Әрбір дұрыс жауап құны — 200 теңге. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы — сөз, сөз қаруы — ой, ақылды ой, алғыр сөз — адамның ең жоғарғы қасиеті», — деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт.

 

ІІ тур. Эрудиттер сайысы.

№1 топқа арналған сұрақтар.

1.Адам мен компьютер арасындағы байланыс (интерфейс)

  1. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)
  2. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)
  3. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)
  4. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)
  5. Дыбыс естілетін қорап (колонка)
  6. Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта)
  7. Компьютердің маманы (программист)
  8. Бүкіләлемдік желі (интернет)
  9. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)

№2 топқа арналған сұрақтар.

  1. Баспа құрылғысы (принтер)
  2. Компьютер теледидары (монитор)
  3. Функционалдық пернелер (F1 — ден F12 — дейін)
  4. Зиянкес бағдарлама (вирус)
  5. Файлдар жиыны (бума)
  6. Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)
  7. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)
  8. Паскаль қандай тіл (программалау тілі)
  9. Корзинаның қызметі ( жойылған файлдарды жинау)

ІІ — турдың қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық. Жоғары капитал жинаған топ_____________

Көрерменмен жұмыс. «Адасқан әріптер»    Әр топтың көрермендері  адасқан әріптерден дұрыс сөзді құрастырыңыз.

О Р Я Д   (ЯДРО)

I W D W O S N ( WINDOWS)

Т ЕФИЙНЕСP (ИНТЕРФЕЙС)

ELEDTE  (DELETE)

«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», – деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.

ІІІ — кезең: «Таңдау табыс». Әрбір топ таңдаған тақырып бойынша берілген тапсырманы орындайды.Әр оқушы ұсынылған тақырыптың  біреуін таңдап, берілген тапсырманы орындайды. Сұрақ құны – 2000 теңге. . Таңдауды капиталы аз топ таңдайды.

«Қызықты жұмбақ» « Мақал –сөз мәйегі»   «Адасқан әріптер»   «Түсін мені»

 

  1. «Қызықты жұмбақ»

1.Қанша тетік тізілген

Саусағыңды сезінген

Барлық сенің ойыңды

Компьютерге енгізген (пернетақта)

2.Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер     /бит/

  1. Бар нәрсеге жетік

Миы күшті тетік

Ол арқылы сөйлесіп

Кетесің шетелге де өтіп.        (компьютер)

2.« Мақал –сөз мәйегі

  1. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

2.Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

3.Адасқан әріптер

В Р Д Й А Е Р  (ДРАЙВЕР)

F O I F E C   (OFFICE)

КСРАНЕ   (СКАНЕР)

4.Түсін мені

  1. Тышқан
  2. Микрафон
  3. Пернетақта

 

ІҮ – кезең: «Жарнама». Жарнама көрермен қолдауын тапса,  тобына ақша қорын  10000 теңгеге ұлғайтады.

Пернетақта

Тышқан

 

Ү – кезең: «Сыйлықтар аукционы». Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.

Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз.

Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақшар қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта суреттер  жасырылған, суреттің  жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға – 1000 теңге. . Кім жоғары баға ұсынады?

«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыз.Қатысқандарыңызға рахмет!