Мамандықтың бәрі жақсы.

Білім беру саласы:Коммуникация.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы:Мамандықтың бәрі жақсы.

Мақсаты: Балаларға мамандықтар туралы білімдерін нығайту.
Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.Тілдерін дамыту. Үлкендерді еңбектеріне қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 Билингвалдық компонент: дәрігер-врач, аспазшы-повар.

Іс-әркет кезеңдері Тәрбиешінің ісәрекеті Балалардың іс-әрекеті
            Мотивациялық-қоғаушылық   Шаттық шеңбері

Әрқашан аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын!

Сендердей тәтті  балаларымыз бақшамызда көп болсын!

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Дұрыс айтасыңдар.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, жылы жүзбен амандасады.

 

 

 

 

Балалар орындарына жайғасып отырады.

 

Көктем

 

Күн жылынып, қарлар ериді, құстар ұшып келеді,жерге шөптер шығады, ағаштар бүршік атады.

 

 

 

Ұйымдастырушылық

ізденістік

 

Ұйымдастыру барысы.
Бір — екі — үш.

Топтың іші тып — тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Оқу қызметін біз бастаймыз.

Тосын сәт: Балалар, бүгін бізге пошташы ағай хат жіберіпті, ашып көрелік. (пошташы-хат тасушы маман иесі). Бұл хат бізге Жұмбақбай атайдан келіпті. Мен хатты ашып, оқып берейін. «Құрметті балалар, мына жұмбақтардың жауабын шешіп, бір сөзбен қалай атауға болатынын айтыңдар!» деп жазыпты. Жұмбақ шешкенді жақсы көреміз бе?

Олай болса, атайдың, жұмбақтарын шешімін табайық.

1. Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

2. Ауырған адамның қасында

Емделудің жөнін айтар(дәрігер)

Осы сөздердің ортақ атауы — МАМАНДЫҚ.

Балалар осы мамандық атауларын есімізде жақсы сақтау үшін мен сендерге тағы сұрақтар қоян сендер мұқият тыңдап жауап беріңдер.

Асты кім әзірлейді?
Ауырғанда бізді  кім емдейді?

Балалар осы  тамаша мамандықтар жайлы тақпақ кім біледі?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын:  «Кімге не қажет?»

Мақсаты: Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажетті құралдардың суреттері тұр, бір баланы шығарып, ойын шартын түсіндіремін.Бала берілген мамандық иесіне лайықты құралдары бейнеленген суретті тақтаға жабыстырады. (аспаз,дәрігер).

 

Сергіту сәті:

Біз ұшамыз, ұшамыз,

Бар әлемді құшамыз.

Әрбір ел мен қалаға,

Қуанып бақыт сыйлаймыз

Сюжеттік — рөлдік ойын: «Дәрігер»

 

Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан — жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ойынның шартты: бір бала дәрігер болады, ал екінші бала еиделуші болады. Емделуші бала ауырып дәрігердің алдына келеді, дәрігер емделушіні қарап тексеріп дәрі жазып береді.

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иә.

 

 

Иә.

 

Аспазшы

 

Дәрігер

 

Мамандық

 

 

 

 

 

Аспазшы.

Дәрігер.

 

Мен дәрігер боламын

Үлкеннің де баланың

Қиналғанда қасына

Бірінші боп барамын

(Айгерім)

Оқу-білім ордасы,

Ұстаз оның арнасы.

Ұстаздық деген ұлы іс,

Адамдардың айнасы (Медина)

 

Біздің гүл бақшада

Бар әсем асхана.

Мен сондай аспазшы

Боламын бақшада.(Алтайр)

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мамандық иелеріне сай құралдарын тауып  жабыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең жолдарына сәйкес қимыл қозғалыспен сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

 

Рефлексифтіүзетушілік Осымен ұйымдастырылған  ашық оқу іс-әрекетіміз аяқталды, жылулық шеңберімен қоштасайық!
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық! Балалар, біз бүгін көптеген мамандық иелері туралы білдік. Оқу қызметіне белсенді қатысқан балаларды смайликтермен  мадақтады.
 

Балалар жылулық шеңберіне тұрып,қонақтармен қоштасады.

 

 

 

 

Балалар смайликтерді алып риза болды.

 

Біледі:мамандық иелерінің  атауларын, атқаратын қызметін.

Игереді:жұмбақтарды шешіп, өлеңдерді жатқа айтады.

Меңгереді:сурет бойынша әңгіме құрастыруды, сөздік қорларын молайтуды, ойын анық, нақты жеткізуді.