«Өмір ұстаз»

Алғы сөз

 

 

 

Құрметті бауырлар, қазағымның жас-кәрісі, мақтан тұтар азаматы мен азаматшалары. Сіздердің өмірлеріңізге кішкенеде болса пайдасы тиер деген ниетпен осы кітабымды жазбаққа бел буып отырмын. «Өмір ұстаз» деген тақырыптың өзі де айтып отқандай, бұл кітаптың негізі желісі, айтатын ойы осы өмір жайлы, бастан өткен оқиғалар мен хиқаяттарға толы болмақ. Ақындық қасиетіміді сынамаққа ең алғаш 2014-2015 жылдар арасында өлең жазып, түрлі сайыстар мен мүшәйраларға қатысып, жүлделі орындарғада ие болып жүрдім. Бірнеше айлар бойы көңіл-күйім болмай, бір жағынан сабақ мәселесін де бір жақты ету керек болып, ол өнерден де қол үзіп қалдық.Ол кезде мектеп табылдырығында ойнап-күліп, шат-шадыман жүрген кезіміз болатын. Арада талай уақыт өтті, зуылдаған уақытта өз дегеннін істетпей қойсын ба? Жоқ әрине,қолыма бірнеше жылдардан кейін қайтадан қалам алып, түрлі нәрселерді түртпектеп жазуға қайтадан кірістім. Ақындық өнерінің кереметі мен құдіретін қазір сезінгендеймін. Өлең жазғанда тоқтауым қиын болып, шабытты күтпей-ақ шығаратындай дәрежеге Мұқағали мен Шәкәрім бабаларымның өлеңдері мен өмірбаяндары түрткі болды деп ойлаймын және соған өзім сенемін. Ал осы «Өмір ұстаз» кітабының шығуына, жалпы жазылуына түрткі болған қазақтың бір туар азаматы, менің ұстазым, математиканың маманы Тилесов Нұрлан ағамыз еді. Бастауға қорқып, ойымды жинақтай алмай жүрген кезде, мені қолдап, сөздерімен ерекше әсер қалдырғанды.Қазағымның кереметтей сөзі еске түсер осындайда, кезінде халық арасында айтады екен «Арызшысы көп болса  қазы алжасады, Ақылшысы көп болса хан адасады» деп, менің ақылшым да, сырласым да осы бір азамат болғандықтан па адаспай, алжаспай жүргенім.Бұнымен мен өзімді ханға яқи қазыға теңеп тұрғаным жоқ, дегенмен халық айтса қалып айтапайды, барлығына бірдей айтылған сөз болар деген ойым. Дана халықтың дана ұрпағы болу бұйырғасын, көсемсіп сөйлеу, қалжынмен жеткізу, мәнді де мағыналы сөздер айту бізге міндет деп біліп, осы кітабымды бастағалы отырмын…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жолдыбаев Мейрамбек Наурызбайұлы

 

 

 

1998 жылдың 13-і қарашасында Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу селосында қарапайым отбасында дүниеге келген.Мейрамбектің анасы мұғалім оқыған азаматша болған.Әкесі 4 жасында тастап кеткелі көрмеген.Анасы Жібек мінезі қатаң, дегенмен Мейрамбек дегенде көңілі ерекше болып тұратын жан болған.Әкесімен ажырасқаннан кейін Темір ауданына қарасты Кенқияқ кентіне 2003 жылы қоныс аударған. Мейрамбек 2005 жылы Кенқияқ орта мектебіне 1-сыныбына қабылданады.Жастайынан білімге құштар азамат мектепті үздік бағамен аяқтайды. 2016 жылы мектеп бітіріп Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне «Тілдік дайындық бөліміне» физика мамандығы бойынша оқуға түседі.Бұл жайында кейде Мейрамбектің өзі күліп еске алады.Тіптен мені өмір сүруге,басқаруға, өз бетіммен шешім қабылдауға үйреткен осы мамандығым болды деп те айтады.Себебі әділетсіздіктің сол кезеңдердегі әсіресе жоғарғы оқу орнындағы жағдайлардың қиындауы себеп болса керекті.Ақынның өзі баян еткендей:  Оқып едім тілдік дайындық бөлімінде,

Кім кінәлі шаршап бұлай жүргеніме?

Ағаларым ақылды болғанымен,

Заңнын ортақ боларын білмегенде,-деп өз басынан

өткен қиындыққа кім кінәлі болса сол жазасыз қалмасын айтып жырлаған кезі.Дегенмен Мейрамбектің арманы орындалып «Тілдік дайындық бөлімі» алғашқы және соңғы студенттері атанған.2017 жылы кешенді тестілеу тапсырып Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекетттік университетіне математика мамандығына оқуға түседі.Осы кезден бастап барлық оқиға жайында жаза бастайды.Оның қозғайтын басты тақырыптарының көбі өмір,достық,махаббат және ұстаздық жайында. Елге танымал өлеңдері: «Ұстаз болу жүректің батырлығы», «Өмір», «Махаббат», «Оқу керек», «Кенқияқ»,  «Қазағымның жігіттері», «Нұржижан», «Ұстаз аға» және т.б. көптеген өлеңдер оқырманға жол тартқан. Сөз соңын Мейрамбектің ең сүйікті және үнемі қайталап айтып жүретін сөзімен аяқтағанды жөн көрдік: «Өз елінің бөрісін жойған өзге елдің перісіне таланар»…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу бастамасы

 

 

Өмірдің қызығы мен шыжығы қатар жүретін заманда адамда түрлі болып тұратыны анық.Бүгін міне жылдағы әдетінше Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тағыда оқуға құжаттар қабылдау үшін кезекті жиыны басталды.Жан-жақтан жиылған,кеше ғана мектептен түлеп ұшқан оқушылар есік алдына жиналып құжат тапсыру үшін кезек-кезек сап түзеп тұрғанды.Қобалжыған ата-аналар балаларынан да артық қобалжу үстінде.Мейрамбек бұл жолы анасын үйге тастап оқу құжаттарын тапсырмаққа өзі бет алды.Университет ауласына кіргеннен кереметтей бір қуаныш ішін кернеп, мақтаныш сезімі туындады.Бұл мақтаныш он бір жыл оқыған, қиналған, кітаптан бет алмай отырған ұйқысыз түндердің жемісі екені сезілетін.Ішке жәйменен еніп келеді.Іште топырлаған адамдардан бос орын көрінетін емес.Ақырын ғана кезекшілікте тұрған апайға барып:

-Саламатсыз ба, кешірерсіз кезек бойынша қай жерге барсам болады,-деп жөн сұрады.

-Саламатсын ба, кезектің тым ұзақ екенін көріп тұрсын, соңы кім екенін білмедім,-деп суық жауап қатты.Үстіне құдды бір салқын су құйып жібергендей сезімде қалды.Ішінен не деген адамдар деп ойлады да қойды.Жаймен партаға жайғасқан үлкендеу апайға келді.Өзі қалаған физика-математика факультетінің оқытушысы екен.Қуанғаннан тезірек сұхбаттасуға тырысты.

-Саламатсыз ба, мінекей аттестатым, апай айтыңызшы осы бағаммен математика мамандығына түсе аламын ба?

-Саламатсын ба, иә әрине, бірақ тек ақылы бөлімге,-деп жауап берді.Мейрамбек үнсіз қалды.Бойын кернеген қуаныш сезімі бір сәтте су сепкендей басылды.Қалайша бұлай болмақ? Қаншама еңбек,оқимын деген арман, өз біліміне деген сенімділік бәрі бәрі бос болғаныма? Құжаттарды тапсырмастан үйіне қарай бет алды.Үйіне барған соң анасы жылы шыраймен бәрін білмекке қарсы алды.

-Қалайсын құлыным? Оқуыңнан не хабар? Не деп жатыр?,-деп келе сала бас салды.

-Шүкір мама, оқу жағы қиындау, тек ақылыға ғана түсе аласыз деп қайтарды,-деп басы салбырай үйге бас сұқты.Ертеңіне ерте тұрысымен, таңғы асқада қарамастан оқу жаққа бет алды.Сондағы бар ойы, дәлелдемек болғаны өз күшімен оқуға түсе алатындығы.Қоғамдық көлікке міне сала қатты ой түбіне кетті.Егерде осы қырсықта, қыңыр мінезімнің кесіренен оқуға түсе алмай, жастайымнан жанбай жатып сөнсем не болмақ? Адам болғасын ойыңа неше түрлі ой келеді екен.Осылайша ойланып тұрғанымда университет аялдамасынан өтіп кеткенімді де байқамай қалыппын.Жүгіріп түсіп университетке қарай бет алып жүріп келемін.Көше бойы толған менімен құрдас жас өренге толы.Жүздері бал-бұл жайнаған жастар өз көңілдерін көтеруге топ-топ болып жиылып,көлеңке жерлерді саялай қаз қатар тұрағанды.Университет ішіне кіріп тақтайшаларға ілінген университеттердің атаулары мен өздеріне ғана сәйкес келетін сандарын жазып алды.Мейрамбекке керегі төрт қана университет еді.Үш университетке Ақтөбе университеттерін жазды.Қабылдау комиссиясына кезекке тұрып, кешке таман кезегі келіп қабылдау комиссиясының алдына келді.

-Саламатсыз ба?-деді жай ғана шаршаған үнмен.

-Саламатсын ба, құжаттарыңыз,-деді комиссия мүшесі салқындау кейіппен.Түрінен әбден шаршағаны сезіледі.Мейрамбекте жайғасқан күйі құжаттарын дереу ақтарып керек дегендерін бере бастады.Барлық құжаттары дұрыс тек қана университет таңдауда қате кеткен секілді.Апайы мысқылдай күліп Мейрамбектің бетіне қарады да, үн қатты:

-Ақтөбе педагогикалық институты деген бар ма?-деп сұрақты тігінен қойды.Мейрамбек сасып қалдыда, дереу өзіне қарсы сұрақ қойды:

-Апай егер ондай университет болмаса онда неге университеттер тізімінде ілініп тұр? Әлде осындай алып университетте жаңадан тізім шығару қиын шаруа болып тұр ма?- деді өз-өзіне сенімді түрде.Жақтыртпай қалғаны бірден көрінді.Алайда алдына кім келгендігі енді білінді.Алғашқы жылы оқуға келген талапкерлер сияқты емес, құдды бір аспаннан түскендей деп қасындағыларға гүбір-гүбір әңгіме өрбітіп отыр.Мейрамбекке сыртынан әңгіме айтқаны ұнамай,керек құжаттарға қол қойып, ештеңе сұрамастан орнынан тұрып кетті.Уақытта сырғып өтіп жатты.Мінекей көптен күткен сәтте жетті.Жалпы конкурстын қортындысы шығып, грант иегерлерінің тізімі шықты.Бірақ бұл жолы өзі күткен қортындыға қол жеткізе алмады.Гранттар тізімі қатарында өз аты-жөнін таба алмай газетті қайта-қайта ақтарды.Белгісіз бір дауыс іштен сен ештеңеге жарамайсын дегендей мазақ қылды.Ашуланған күйі үйден шығып,университет жаққа қарай дереу аттанып кетті.Университетке барып құжаттарын алып, үйге келді.Үйге келгесін анасы оқу жайын сұрады:

-Балам нестедін? Оқудан хабар бар ма?

-Мама грантқа түсе алмадым, тізімде атым жоқ,-деді.Анасы жабырқаған күйі Мейрамбекке:

-Уайымдама балам, ертең барып көрерміз, болмаса ақылы негізге түсерсін, бірдене қылып төлерміз,-деді.Мейрамбектің көңіліне үміт оты қайта жанғандай болды.Ішінен ақылы оқуды қаламағанымен басқа амалы да қалмаған секілді.Міне тағы да бозарып таң да атып келеді.Мейрамбек үшін бұл түн ұйқысыз өткен ұзаққа созылған түн болды.Таңғы астарын ішіп болған соң, анасы екеуі киініп университетке қарай бет алды.Не айтарларын білмей екеуіде  үнсіз ғана отыр.Университет аялдамасынан түсіп, университет ауласына еніп келеді.Аула толған жас түлек.Шаршаған күйлері отырғышқа барып жайғасты.Қасында отырған адамдармен әңгіме айтпаққа берді.

-Амансыз ба апа, қалайсыз?-деп қасында отқан үлкендеу апаймен амандасты.

-Амансын ба қалқам, шүкір,шүкір,-деп күлімсіреді.

-Балаңыз оқуға түстіме?-деп анасы  қызығушылығын білдірді.

-Иә түсті, алдыңғы жылы грантқа ілікпей қалып, балам ашуланып ауылға қайтты, бір жыл уақыт дайындалып енді міне осы жылы кешенді тестілеу тапсырып грант жеңіп алды,-деді

Анасы болса ішінен еңбектің ақталды дегені осы болар деп ойлады.Кезек келгенде университет ішіне енді.Қабылдау комиссияларының басшысын сұрастырып жүріп 101 кабинетте отыратындығын естіді.Ол кезде басшысы Нұржан деген ағай еді.Нұржан ағаймен жүздеспекке кабинетке қарай бет алғаны сол еді, кезекшілікте тұрған апайлар ішке қарай кіргізбеді.Айқайласып жүріп шаққа деп ішке кірді.Екіге бөлінген кабинетте толықша келген,үлкендеу кісі телефонмен сөйлесіп отыр.Жөн сұрасып амандасқаннан кейін анасы:

-Балам оқуға түсе алмай қалды, сізге келіп отқанымыз несиемен оқыту жайын сұрайын деп едік, қай банкке барып келісім шарт жасауымыз керек,-деп сұрақ қойды.

-Халық банкіне барсаңыз болады, дегенмен жалпы конкурстан  бөлек ойнайтын тілдік дайындық бөліміне іріктеу жүреді,оны бір жыл оқып бітірген студент келесі жылы қалаған мамандығына түсе алады,-деп күлімсіреп отыра берді.Анасы қуаныштан мүмкіндік туғанына қуанып кетіп тіпті баласының қай мамандықта оқығысы келетінінде ұмытып, барынша сол грантты алуына сол тілдік дайындық бөліміне түсуге үгіттеуге ынта-шынтасымен кірісті.Мейрамбекте амалсыздан келісті.Тамыз айының ортасы, қапырық жаздың шақырайған күні шекеге қатты түсетін кез еді.Тілдік дайындық бөліміне қабылдамаққа тест өткізді.Тест ағылшын және физика пәндерінен болды.Мейрамбек бұл екі пәннен де оп-оңай тапсырып шықты.Кешкі сағат бестер шамасы тест қортындысы шықты.Ең жоғарғы балл жинапты.Қуанышында шек жоқ.Бұл кезде анасы екеуі ауылға қарай жолда кетіп бара жатқан.Таксиде отырып қуанышты хабарды естіп мәз болды. Азғантай уақыт өткеннен кейін Мейрамбек оқыған Кенқияқ орта мектебінің директоры Алия есімді апай анасына хабарласты.Анасымен әңгімесі ұзаққа созылмады, күлімдеген күйі Мейрамбекке қарай бұрылып:

-Балам сүйінші, тілдік дайындық бөлімінің гратын алдын, тағыда аудан әкімінің гратын алуғада мүмкіндігің бар.Қасындағылардын барлығы құттықтап жатты.Анасы үнсіз ғана қуанған күйі көзінен қуаныш жасы тамшылап кетті.Ауылға барып мәз болып дастархан басына жайғасты.Кешке қарай жолға дайындалды.Ертең аудан әкімшілігімен кездесуге дайындалды.Ертесімен жолға шығып, Шұбарқұдық ауданы келді.Әкімшілік алдында он шақты жас талапкерлер ата-анасымен тұр екен.Кезек-кезек комиссия алдына келіп өз сөздерін айтуда.Мейрамбек бір жағынан қуаныпта кетті.Себебі өзімен туысқандығы бар ағасы сол комиссия мүшесінде отыр екен.Туысқаны Мейрамбекке қарап сұрақ қоя бастады:

-Айта беріңіз, сіз неге осы мамандықты таңдадыңыз?

-Мен Жолдыбаев Мейрамбек Наурызбаевич Кенқияқ орта мектебінде он бір жыл оқып бітірдім.Оқуға баллым аз болғандықтан түсе алмадым.ҰБТ-дан уақыттын аздығынан жауаптарды белгілеп үлгере алмадым.Математика мамандығы менің бала кездегі арманым.Келесі неге түскім келеді дегенге жауабым біздің Кенқияқ орта мектебінде білім керемет, ал математик мамандар тапшы.Егер мен осы грантты алсам өзім оқып бітірген жерге барып жұмыс жасайтын едім,-деп жауап берді.Комиссия мүшелері сөзін бөлместен тыңдап болған соң:

-Мақсатыңыз жақсы, біз ақылдасып шешімді шамалы уақыттан кейін айтамыз,- деді де шығарып салды.Жарты сағаттық ақылдасудан кейін комиссия мүшесінің біреуі шығып барлық ата-аналар мен талапкерлерді кабинетке шақырды.Сөзді комиссияның ішіндегі үлкендеу бір ағай бастады:

-Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, бүгін біз әкімшілік грантты кімге беру жөнінде ақылдастық, балалардың өз ойларын тыңдадық,-деп өздерінің шешімдерін хабарлай бастады.Барлық әкімшілік грант иегерлері қылып Шұбарқұдықтан шыққан оқушыларды атады.Аты аталмаған екі мектеп бітіруші Шұбарши ауылдық округінің мектеп бітірушісі мен Мейрамбек еді.Бұйырмай қалған грант тағыда көңілді түсірді.Алайда қоржында бір грант болғандықтан еш уайымсыз ауылға қайтты.Әдетте университетте,мектепте оқу қыркүйек айында басталатын.Бірақ тілдік дайындық бөлімінде қазан айында басталды.Қазан айының басы оқу басталды, Мейрамбек университетке келді.Қасында өзімен бірге мектеп бітірген досы бар.Басқа ешкімде таныс емес, түрлері бөтен он шақты адам отыр.Жай басып жандарына жақындамаққа әрекет қылды.Беттей бергенінде үш жігітте бұларға қарай бет алды.Қастарына келіп:

-Ассалаумағаликүм, қалайсындар жігіттер? Тілдік дайындық бөліміне ма?-деп сұрады. Болашақ группаластары екенін сезгеннен кейін Мейрамбекте:

-Уағаликүмассалам, иә тілдік дайындық бөліміне келдік,-деп жауап берді.Әрі қарай жігіттер жағы танысып,білісіп жөн сұрасты.Араларына қосылмай, елден ерекше болып бір жігіт отыр.Амандаспақ ниеті де жоқ екені көрінеді.Әңгімелесіп тұрғандары сол еді,бір ірі денелі, кең маңдайлы көзіне киген көзілдірігі бар бір ағай қастарына келді де:

-Саламатсыздар ма? Тілдік дайындық бөлімінің студенттері ма?-деп сұрады.Барлығы қуанып орындарынан тұрып:

-Саламатсыз ба? Иә тілдік дайындық бөліміне келдік, ал сіз кімсіз,-деп сұрақты тігінен қойды.

-Артымнан еріндер,-деп қастарындағы кабинеттің бірін ашып, отырғызды.Жайғасып отырғаннан кейін, студенттер жайында толық мәліметтерді сұрастырды.Мейрамбекке әуел бастан бұл адам ұнамаған, қазірде айтқан сөздеріне мән беріп,тыңдап отқаны шамалы.Бар ойы қасындағы жігіттермен танысып,бірге жақын араласу.Сол үшін барлығынның телефон номерлерін алып, әлеуметтік желіде топ ашты.Ең бірінші күн ешқандай тосын сыйсыз,артық сөзсіз бітті.Кешке қарай үйлеріне барғасын барлығы телефондарын қолға алып,сөйлесуге кірісті.Әңгіме қызып,бір-бірлерін мазақ қылып,әзілдесуде.Бұл студенттердің сабағының ерекшелігі соншалық, сабақтарының өзі түстен кейін болатын.Әдетті барлық топтар,барлық студенттер түске  дейін оқып, түстен кейін студенттің өзіндік жұмысын тапсыратын.Күндер өтіп жатты.Жігіттер жағы өте тату, кеше ғана кездессе де,бір-бірін бұрыннан білетін адамдарша араласатын. Оқуға түскен Асылбек,Амандық,Нұрдәулет,Дәурен және екі Мейрамбек осы алты жігіттің жинала қалса айтатын әңгімелері келесі жылғы оқу жайында еді. Бұлар қыздармен көп араласпайтын.Осылайша студенттік өмірдің қызығы мен қиыншылығын көріп өмірлері өтіп жатты.Он бір адамнан құралған топ болсада ұйымшылдығымен көзге түсетін.Іштей қырғи-қабақ болғандарымен сырт көзге көрсетпейтін.Университетте ұйымдастырылған барлық концерт,квн дегендердің біреуінде жібермей баратын.Солай жүргенде бір күні топ жетекшісі Нұржан есімді ағай топқа келіп барлық жағдайды өзгертті.Қаңтар айының орта кезі, топқа келіп оқуға қабылдау кезіндегі әңгімелердің барлығын басқаша айтып жеткізді.Бір жыл оқып,келесі жылы қалаған мамандыққа түсе алмайтындарын,кешенді тестілеу тапсыратындарын айтты,сондықтан ешқандай концертсіз оқуға көңіл бөліп дайындалу керектігін айтты.Топ студенттердің ашуының шегіне жеткені соншалық,топ жетекшісін сұрақтың астына алды.Қалайша бұлай болуы мүмкін? Басында айтқан әңгіме ше? деген сұрақтар бірінен соң бір қойылып жатты.Нұржан ағай болса еш саспастан сабырлы түрмен студенттерге қарап күлімсіреп отырды.Мейрамбектің одан сайын ашуы келіп:

-Жақсы айтпасаңыз айтпаяқ қойыңыз, университет басшылығына бәрібір жауап береді.Алдыңызда отқан  студенттер ақымақ емес,-деді Нұржан ағайына қабақ түйген жүзімен қарап.Нұржан ағай болса еш қайғысыз:

-Жарайды ол жағын өздерің шешерсіндер,басында айтылды емес пе, тест тапсырасындар содан кейін түсе алсаңыздар оқуды жалғастырасындар,-деп оытра берді.Іштерінен өздерін қор санап,

-Жоқ басында сіз басқаша айтқансыз,мен ондайды білгенде ақылы негіздегі оқуға түсер едімғо,-деп өз-өздерін іштей жей берді.Оқу дегенде көздерінен от шашып тұратыны да, диплом алмақ үшін жүргендері де бұл тығырықтан қалай шығарларын білмей абдырап қалды.Бәрі ашуланған күйі үйлеріне қайтып кетті.Әдетте жігіттер жағы кешкі серуенсіз қайтпайтын.Ең құрығанда 118 кабинетті иемденіп алып, сол жерде шүйіркелесетін.Бүгін олда жоқ, ешқайсысының оқуды ойлап көңіл-күйлері жоқ.Жаңа күн басталғанда Мейрамбекте ойына сап ете қалған ойды бүге-шүгесіне дейін ойластырумен болды.Қанша өштеспейін, жаман атты болмайын десе де, өздеріне жасалған қиянатты ұмыта алар емес.Университет қабырғасына жиналып, сабақтың басталуын асыға күтуде.Өзімен сырлас достарын көрмекке асықты.Асыққаны соншалық, өзім деп санайтын достарына хабарласып, ерте келулерін өтінген.Міне сол сәтте жетті.Сабақ басталуға жарты сағаттай қалғанда достарымен мәз-мейрам болып құшақтасып, амандасып, көрісіп жатты.Сырт көзге бұлар бір-бірін жылдап көрмеген адамдарша болатын.Бірінші сабақ біте салысымен, Мейрамбек өзі сенетін жігіттермен ақылдаспаққа алтыншы қабатқа көтерілді.Ешкімнің көзіне түспей, танитын ешкім келе қоймас  деген оймен маңызды шаруаларды сол жаққа барып ақылдасатын.Бұл азаматтардың қатарында Асылбек, Дәурен, Амандық сияқты достары болатын.Ананы мынаны әңгіме қылып біраз тұрғаннан кейін Мейрамбек өз ойын бастап айтты:

-Кешегі ағайдың айтқаны, че то ұнамады, осылай үндемей отыра берсек басымызға шығып кетеді.Бірдене істеуіміз керек-, деді де Асылбекке сен не дейсін деген түрмен қарады.Асылбекте досының ойын бірден түсіндіме, одан әрі сөзін жалғай:

-Иә бірдене жасау керек, басындағы берген уәдені ұмытып бізді лақтырып кеткілері келетін сияқты-,деп өз ойын жеткізді. Бұл кезде терең ой түбіне кеткен Амандық пен Дәурен үнсіз ғана тыңдап тұрды.Мейрамбек не істеу керектігін тапқандай болып қуанышты дауыспен:

-Өзімізді қорлатуға болмайтыны болмайды онымен келісемін. Бірдене жасау керек екендігімізде дұрыс, бірақ артық кетсек сол сәтте оқудан шығарады.Сол үшін қазірден бастап келісейік егер біреумізді оқудан шығарғысы келсе бәрімізді шығарсын деп соңына дейін бірге болуымыз керек, түбі КТ(кешенді тестілеу) тапсырады екенбіз, бізге одан артық ештеңе де істей алмайды. Бірдене істеу жағына келсек, оған асықпандар уақыт жетеді, ойымда не істеуге болатыны жайында идея бар,-деді.Сол сәтте ойында не барын айтқысы келмеді.Себебі оның ойлағаны жоғарғы жаққа хабарласу, қызметкерлерінің ештеңе шеше алмай, былайша айтқанда түкке де жарамсыздарының бар екенін көрсету болды. Өйткені дәл сол уақытта Мейрамбектің ойында қалайда біреуде кеткен есесін қайтару болды.Әңгімелесіп тұрып қоңырауды да ұмытып кеткен бұл төртеуінің естеріне сабақ түсіп дереу астыға түсе бастады.Астыға келгендері сол еді, сабақ басталған барлығы сыйлайтын Бибігүл деген апайлары сабақ өткізіп жатыр екен. Есікті тоқылдатып,  — кешірерсіз апай кіруге бола ма?- деп төртеуі ішке кіріп келді.

-Саламатсыздар ма? Келіңіздер,-деп апай жымиып бір қарады да, әрі қарай сабақ жайына кірісіп кетті.Бұл сабақ үнемі қызықты өтетін, себебі Бибігүл апай өз басынан өткен оқиғаны, студенттік кездерін сабақпен бірге түсіндіріп баян ететін.Енді ғана оқуға келіп, отбасынан ажыраған студенттер үшін беттеріне күлімдеп қарап, әңгімелесу олар үшін үлкен қуаныш екені айтпасада түсінікті шығар сірә. Сабақ бітіп,қоңырау соғылды. Топ студенттерімен ақылдасуға барлығы бір жерге жиыла қалды. Алдыға қарай жақындап, сөз