Сергіту жаттығулары

Массаж    « Алқа»

Танауыңды ысқыла 1,2,3

Танау астын ысқыла 1,2,3

Қасты керіп сен тара 1,2,3,4,5

Маңдай терін сен сыла 1,2

Сал сырғаны құлаққа

Шашты тара артына

Желке тұсын ілгекте

Дәл таптың ба ?

Мулт етпе

Моншағыңды тағында

Алқаңды сен дұрыста

Білезікті тағайық,

Қозғап-қозғап қояйық.

Алақан

1.Алақанды ашайық

Қатты-қатты ысайық

Кәне босқа тұрмайық

Саусаққа массаж жасайық

2.Тырнақты босқа қоймайық

Қырып-қырып ойнайық

Қолды әбден жуайық

Білекті де сулайық

3.Саусақтарды ашамыз

Қояндарша қашамыз

Аяқты да ысқылаймыз

Енді біздер ауырмаймыз

Міне біздер сондаймыз

Денсаулықты қолдаймыз

 

Нүктелі массаж        А.А.Уманская

Қыс мезгілі келгенде

Тұмау-вирус қозады

Жөтел,мұрын-құлақты

Айболит саусақ емдейді

Саусақпен шеңбер жасап

Қоңыраулатып басамыз.

Бір,екі,үш,бір,екі,үш,бір,екі,үш

Тоғыз рет айналдырдым оңға

Айналдырам енді солға

Вирусты қуып шығамын

Тек міндетті түрде ,

Істе шын ықыласыңмен.

Бұл саусақ Айболит,

Емдейді,жазады.

Жөтелден,мұрын бітуден ,

Құлақтан,баспадан.

Таңертен,түсте,кешке,

Есте сақта үнемі.

Нүктелі массаж жасасаң,

Қорған болар үнемі.

Денсаулықты осылай ,

Сақтайықшы балалар!

 

Ұйқыдан кейінгі нүктелі массаж

Кеудені жай басамыз

Мойынды біз сипаймыз

Басты төмен иеміз

Желке тұсты табамыз

Сұқ саусақпен басамыз

Қабақты біз сипалаймыз

Көзіміздің үстін біз

Жаймен ғана басамыз

Мұрнымызды тазалаймыз

Құлақты да ұмытпаймыз

Әр саусақты ұстаймыз

Ысқылаймыз,қозғаймыз

Қол шұңқырын табамыз

Оны жаймен басамыз

Қолымызды сипаймыз

Тынығатын сәт келді