Табиғаттан нәр алып
Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі _________________
Мектеп: №6 Хромтау гимназиясы Мерзімі: 08.02.2017 ж
8 класс № 21 сабақ
Тақырыбы: Табиғаттан нәр алып
Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: аялы қарым-қатынас, қамқорлық.
Сабақ мақсаты:Табиғатқа «Қиянат жасамау» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері: ü Оқушыларға табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсіндіру; ü Оқушыларды табиғатты аяушылық сезімдерін дамыту; ü Оқушыларды сүйіспеншілікке,мейірімділікке тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 Т 1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. 2. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Волшебная компазиция «Хрустальная грусть» 5 мин. Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма? Қандай сезімде болдыңдар? 3.Үй тапсырмасы №21 сабақ, 94-беттегі О. Бөкей «Алтай» мәтінін оқып келу 1. Алтай өлкесінің сұлулығын мәтін арқылы сезіне алдыңдар ма? 2. Өр Алтай, Асқар Алтай, асқан Алтай дегенде қандай сезімді аңғардыңдар? 3. Табиғат тамашасын сезіну адамға не үшін қажет? 4. Табиғат сұлулығын қалай сақтап қалуға болады? 5. Табиғат әдемілігі мен адам көркіне тамсану бірдей сезіле ме? 6. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі қандай сезім тудырады? |
Сабақ барысын талқылау: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4.Дәйексөз.
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» Ф.Оңғарсынова 2 рет — қыздар 2 рет – ұлдар 1 рет – барлығы қосылып айту. ü Табиғатсыз өмір сүру мүмкін бе? ü Егер адамдар ағаштарды кесіп,гүлдерді жұлып,ауаны,суды,жерді ластаса не болады? Қалай ойлайсыңдар?
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5.Мұғалімнің сыйы.
Үзілген гүл –Табиғатта не нәрсенің болса да өз орны, заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер – көктемнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар қурағанымен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де адамға қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шығар еді. Ал сен оларды білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді. |
Кеңес Оразбекұлы – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза кеңшарында туып өскен.Жас жапзшы балалар пьессасын жазуда қаламгерлік танытып ұштап ұсынған бұл жинақ мектеп сахнасына арналған қойылымдардан тұрады. Тілі жатық оқиғасы қазақты шығармалар жас өскін көңілінен шығып келеді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1 топ: Топырақ «Табиғат — мен үшін қуаныш, өйткені… » 2 топ: Су «Табиғат — мен үшін денсаулық, өйткені… » 3 топ: жылу «Табиғат — мен үшін шығармашылық, өйткені… » 4 топ: Ауа «Табиғат — мен үшін екінші ана , өйткені… » Талдау: Ал енді сұрақ? Адам үшін қайсысы маңыздырақ: су ма, ауа ма, топырақ немесе жер ме? (Пікірталас) 7 Ойын: Түйіндеме: Қазіргі уақытта қоршаған ортаның ластанғаны, жоғалып-құру жағдайында екендігі жиі айтылады. Әйтсе де мұны жою немесе түзету оңай шаруа емес екендігі де белгілі. Егер де ғылымда табиғатты тазалауға арналған құрал ойлап табылса да, мұның өзі сыртқы тазалықты сақтау болып қалмақ. Нағыз сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң пайда болады. Олай болса осы кесте ішінен жақсы қасиеттерді тауып алайық.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8. Топпен ән айту. Атамекен
Сөзі Қ.Мырзалиев Әні: Е.Хасанғалиев Жасыл жайлау-түкті кілем көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Айдарымнан сипап өткен самалды, Қазағымның алақаны деп білем. Қайырмасы: Қайда жүрсең атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі ұясына, Қимай оны батады екен. Жасыл жайлау – түкті кілем көк кілем, Көк кілемде көп аунаймын көп күлем. Асқар тауың, аспанымен таласқан, Қазағымның мәртебесі деп білем. Қ-сы: 9. Үй тапсырмасы. 22 сабақтың 99 бетіндегі Қ.Толыбаевтың «Қайыңның қасіреті»мәтінін оқып келу. 10. Соңғы тыныштық сәтi. Балалар, дұрыс отырайық, арқаларыңызды түзу ұстайық, қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Тыныштықта тұрып, өзіміздің Арынғазы Аманкелдінің «Салтанат» күйін тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық)Оқушылар көздерін жұмып,бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып,іштейөздеріне,мұғалімге,барлық әлемге тыныштық,сүйіспеншілік жолдап, ризашылықтарын білдіреді. Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық. Сабаққа қатысқандарына рахмет!
|
«Өзін-өзі тану»оқулығы 8 сынып,21сабақ. |