«Қазақшаңыз қалай?»

Жүргізуші:Құрметті әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз — басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру.

Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында жүз отыздан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 9-10-ші сыныптар арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты ашық шарамызды бастаймыз. Құрметті сайыскерлер, өз білімдеріңді дәл әрі көркем тілмен жеткізе білулеріңе тілектестік білдіремін. Сонымен осы сайсымызды әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

 Жүргізуші:

Атамыз қазақ «Бір көрген-біліс, екі көрген-таныс» демекші, өз білімдерін сарапқа салар сайыскерлерімізді ду қол шапалақпен ортамызға шақырамыз.

САЙЫСТЫҢ  ШАРТТАРЫМЕН ТАНЫС БОЛАЙЫҚ:

  • Бір-бірін сыйлау;
  • Дұрыс әрі нақты жауап беру;
  • Бір-бірін мұқият тыңдау;
  • Шуламау;
  • Ұялмау.

Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1 бөлім- «Таныстыру»

2- бөлім «ТҮСІН МЕНІ»

3 бөлім- «Дода»  (сұрақ- жауап)

4 бөлім- « Сөз тапқанға…»

5 бөлім — «Тапқырлық»

6 бөлім – «Сен білесің бе?»

7 бөлім –  Қызықты грамматика

Жүргізуші:

Енді, қай топ бірінші болып бастайтынын анықтау үшін қоржыннан асықты тандап, ойынның басынан аяғына дейін кім бірінші бастайтыннын анықтайды (қоржыннан асықты алады: қызыл асықты алғандар бірінші, көк асықты алғандар екінші, ақ асықты алғандар үшінші).

Жүргізуші:

Сонымен 1 тур «Таныстыру» деп аталады

2- бөлім «ТҮСІН МЕНІ» Мақсаты: Берілген сөзді топ мүшелеріңе түсіндіру

Баға    Емтихан    Ата-ана   Мектеп  Дос    Мұғалім  Отбасы      Қалам

2- бөлім «Дода» . Әр дұрыс жауапқа — бір балл.

  1. Қазақстанның президенті кім?
  2. Қобыздын атасы кім?  (Қорқыт ата)
  3. Жақты сөйлем дегенеміз не?
  4. Наурыз айында неше мереке бар?
  5. Қыста не жауады?
  6. Етістіктің райларын атаңдар?
  7. Күздің бірінші айын атаңдар?
  8. Қазақстан туының түсі қандай?
  9. Қазақстанда неше қорық бар?
  10. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
  11. Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? (4 маусым 1992 жыл)

«Бірлік командасы»

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
  2. Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз, егеменді)
  3. Абай Құнанбайұлының шын аты кім? (Ибраһим)
  4. Жамбыл Жабаев неше жыл жасаған ақын? (100 жыл)
  5. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (4)
  6. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)
  7. Қазақтың тұңғыш ғарышкерін атаңдар?
  8. Қазақ балаларына мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
  9. Бір тәулікте неше саған бар?(24)
  10. Айтылу мақсатына қарай жай сөйлем түрлері? (364)
  11. 22- қыркүйек қандай мереке?
  12. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі)

 

Жүргізуші

2- жүргізуші

ІҮ тур  «СӨЗ ТАПҚАНҒА…» -берілген сөздерді пайдаланып, 5-7 сөйлемді әңгіме жазу. Шарты- құрмалас сөйлем болу

Ү тур “ТАПҚЫРЛЫҚ”  деп талады, мақалды жалғастыру

Мақалды жалғастыру

  1. Оқу білім бұлағы, … … …
  2. Оқусыз білім жоқ, … …
  3. Әдептілік белгісі, … … …
  4. Аққуды атпа, … …

5.Үлкенге – құрмет, … …

  1. Дұшпан күлдіріп айтады. …
  2. Жүз сомың болғанша,…
  3. Әдепті бала — арлы бала,

4-бөлім «Сен белесің бе?»

Мақсаты: тоғыз ұяшақтағы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұпайлар жинау.

Сен білесің бе?

Қазақстан табиғаты-

  • Қазақстанның демалыс орнын «Екінші Швецария» деп атайды. (Бурабай курорты)
  • Қазақстанның аймақтары

География-

  • Қазақстан жерінің ең биік нүктесі- Хан Тәңірі шыңы теңіз деңгейінен 6995 метр жоғары
  • Қазақстан ең төменгі нүктесі- Қарақия ойпаты  теңіз деңгейінен 132 метр төмен жатыр

Тарих

1)Қай хан Қытай мен Ресей сияқты ірі екі ел арасында үлкен дипломаттық  жұмыстар атқарды? Абылай хан

2) Ахмет Иассауи кесенесін қай хан салдырған? (Ақсақ темір)

Салт-дәстүр

1) Сүйінші деген не? Сүйінші сұрау. Өте қуанышты хабарды жеткізуші адам ол үйге «Сүйінші, сүйінші!», — деп кіреді. Бұл сөз тосынан естілсе де үй ішіндегілерді шошындырмай, қайта қуантады. Сол кезде үй иесі: «Қалағаныңызды алыңыз» дейді немесе ол риза болатындай бір жақсы сыйлық береді. Сүйінші алудың сөкеттігі жоқ.

2) Сәлемдеме деген не? Сәлемдеме. Біреу арқылы беріп жіберілген затты сәлемдеме деп атайды. Сәлемдемеге жіберілетін заттар: сыбаға, ақша, көйлек-көншек, орамал (бір ұшына сақина, білезік байланған).

Әдебиет

1) «Адамның бес дұшпаны» Абай бойынша –өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

2) Халық қаһарманы, жазушы,«Артымызда Москва» кітабының авторы кім? (Б. Момышұлы)

Өнер

1) Қазақстандағы өнер мұражайы кімнің атымен аталған?

2)Музыка аспатарының түрлері

Ұлттық киім

1) «Сәукеле» деген не? (ұлттық бас киім)

2) сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім. Қолданылатын терісіне қарай олар: түлкі.., қасқыр.. деп әртүрлі аталады. (ішік)

Тағам

1) Тағамдар түрлерін атаңдар?

2)Наурыз көже компоненті?

Мереке

1)Қыс айындағы мерекелер – 1.12.-Тұңғыш Президент күні, 16.12.-Тәуелсіздік күні, 01.01- Жаңа жыл ,07.01- Рождество

2) Мемлекеттік мерекелер 1-2 қаңтар — Жаңа жыл;
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз — Наурыз мейрамы;
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр — Отан қорғаушы күні;
9 мамыр — Жеңіс күні;
6 шілде — Астана күні;
30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

 

Соңғы  тур «Қызықты грамматика» деп аталады, слайдқа назар аударайық

1.Жинақтық сан есім тұлғалас есімдікті кім біледі?

Қолданылуына қарай бірде зат есім, бірде сілтеу есімдігі болатын қай сөз?

Есімдіктің бірі есептік сан есімнің ең аз саны мен сұрау есімдігінен құралған. Ол қай сөз?

. Бұйрық мәнде айтылса, — етістік,

Жалпылау мәнде айтылса, — есімдік. Ол қай  сөз?

Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік – есімдіктің қай түрі?

  1. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды?
  2. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды.
  3. Біреулері көрсетіп, нұсқап тұрады,

Біреулері мәлімсіз есімдердің орнына қолданылады.

Көпшіл және көңілшек, ештемені бөліп жармайды.

Көптік ұғым беріп, көпшілікті қармайды

  1. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты. Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты

 

 

2- жүргізуші

Сонымен қадірлі қонақтар мен ұстаздар, оқушылар, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділқазыларға сөз береміз.

1-жүргізуші

Білім мен тапқырлықтың сайысында, жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, «Қазақшамыз қалай?» атты сайысымыз мәрісіне жетті.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл — әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Сау болыңыздар!