«Қар жауып тұр» (дәстүрлі емес техникасымен сурет салу)

 Тәрбиеші: Мустафина Ш.Б.

Топ: «Шағала» екінші кіші тобы

Сабақтың тақырыбы: «Қар жауып тұр» (дәстүрлі емес техникасымен сурет салу)

Білім беру саласы:  Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Мақсаты:Дәстүрліемес техникасымен суретсалудыжалғастыру.Балаларды  дәстүрлі

еместехникасының біртүрімен таныстыру, мақта таяқшалар (ватные палочки)бейнелеу

арқылы  сурет салу. Балаларға  жағымды  эмоциялық фон жасау, шығармашылық

қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеттері: Балаларды  жұмыс кезінде дәстүрлі емес техникасы мақта

таяқшалармен (ватные палочки)  сурет салуға үйрету,түстер туралы  және табиғат

құбылыстары  туралы білімдерін кеңейту. Балаларды  табиғат құбылыстарына деген

қызығушылықтарын арттырумен   табиғатқа  сүйіспеншілікпен   қарауға тәрбиелеу.

Дәстүрлі  емес қағазға бейнелеуге  қызығушылықтарын  және  ұсақ моторикасын дамыту;

сөйлеу,  зейін, ойлау, қарым — қатынас жасау дағдыларын арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:  демонстрациялық материалдар,  қар жауып тұрған

суреттер,қар, шелектер,  қоян

Қажетті құрал — жабдықтар: әрбір балаға көгілдір қағаз парағында  бейнеленген  қоян

мен шыршалар, ақ түсті гуашь, мақта таяқшалар (ватные палочки), майлықтар.

Алдын —  ала жұмыс:  Серуен кезінде балалармен қысты бақылау, қыс туралы  тақпақтар

жаттау және оқу, иллюстрацияларды қарау.

Сабақтың  әдіс – тәсілдері: сұрақ –жауап,  түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, тақпақ айту,

тосын сый кезі, физминутка (ойын көрсету арқылы), сурет салу  (тычка әдісімен), дәстүрлі

емес сурет салу

   Сөздік жұмыс:  қар, қар жауып тұр, ақ, жеңіл

   Билингвальді компонент:  қар – снег, қар жауып тұр – идет снег, ақ – белый

  Жоспарланған нәтижелері: Балаларда  мақта таяқшалармен (ватные палочки) сурет салуға қызығушылықтарын қалыптастыру  және жағымды әсер алуға; балалар  физминуткаға белсене қатысады, сұрақтарға жауап береді, тәрбиешіні мұқият тыңдайды, сурет салуға белсенді қатысады (мақта таяқшалармен); эмоционалдық қызығушылықтарын танытады

Оқу іс әрекетінің қызметі Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Сәлеметсіздер ме, балалар! Кәне,барлығымыз орнымыздан тұрып бір – бірімізмен амандасайық және де балалар бізге бүгін қонаққа  апайларда келді. Апайлармен де амандасып алайық.

 

Жылулық шеңбері:

Амансыз ба Алтын күн!

Амансыз ба Достарым!

Амансыз ба Апайлар!

Тілейміз сіздерге жарқын күн!

 

— Балалар, мен бүгін балабақшаға келе жатқанда сандық тауып алдым. Ол жай қорапша емес,  сиқырлы екен. Қарайықшы ішінде не бар екенін. Ішінде ұлпалар бар екен. Ұлпада жұмбақтар жасырылған екен. Жұмбақты шешеміз бе?

 

 

Балалар орындарынан тұрып, шеіеңбер бойына тұрады. Бір – біріне жылы лебіздерін білдіріп, апайлармен амандасады.

 

 

 

 

 

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Қорапшаның ішінде не бар екенін қарайды.

 

— Иә, жұмбақты шешеміз

Ұйымдастырушылық – ізденістік Жұмбақтар:

Қыста ғана болады,
ұстасаң  қолың тоңады. (қар)
****
Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады. (Аяз Ата)

 

-Жарайсыңдар, жауабын дұрыс таптыңдар.

Балалар,  осы  жұмбақтар қай мезгілге  жатады?

—         Дұрыс айтасыңдар,  жұмбақтар қыс

мезгіліне жатады. Далада қазір суық. Біз қыста жылы киінеміз.

 

Есік қағылады.

—         Балалар, кім келген екенін қарайықшы.

(қоян секіріп кіреді)

Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, қоян! Сіз қайдан  жүрсіз. Адасып кеттініз ба?

Қоян: Жоқ, мен адасқан жоқпын. Мен орманда келе жатқанда сендердің дауыстарынды естідім, сондықтан сендерге келдім. Мен қар жауғаның жақсы көремін. Бірақ далада қар жауып жатқан жоқ (мұнаяды қоян).

Тәрбиеші: Қоян, сен мұнайма. Біздің балалар сен туралы тақпақ біледі. Балалар, қоянның көңіл күйін көтеру үшін, тақпақ айтып берейікші.

 

Айбар: Ақ қоян ау, ақ қоян,

Ұзын құлақ, сақ қоян.

Қаша берсең орманға,

Қорқағым деп ат қоям.

 

Әдия: На земле снежок лежит,

Зайка по снегу бежит.

Мерзнут уши, мерзнут лапки,

Без сапожек и без шапки.

 

Қоян: Балалар, рақмет. Мен туралы тақпақтар біліді екенсіңдер.

Тәрбиеші: Балалар, сендердің тақпақтарын қоянға ұнады.  Балалар, қараңдаршы қоянның қолында шелек бар екен.

—         Шелектің ішінде не бар, қарайықшы.

Балалар, бұл  қар  ғой.

—         Қардың түсі қандай?

—         Сендер, қар қалай жауғандарын көрдіңдер

ме?

 

 

Ол қар

 

 

— Аяз Ата

 

 

— Олар қыс мезгіліне жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қоянмен амандасады.

—         Сәлеметсіз бе, қоян!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қоян туралы тақпақ айтып береді.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар назарларын шелекке аударады.

Балалар тәрбиешімен бірге шелектің ішіне қарайды.

—         Қардың түсі ақ

—         Иә, көрдік

 

Ұйымдастырушылық – ізденістік —         Ешдеше біз, қар сияқты айналайық.

Тәрбиеші өлең жолдарын оқиды.

 

Жапалақтап ала қар

Жауды күнде қайталап,

Жауды, мінеқ араппақ, (айналады)

Айналаның бәрі аппақ.

Ауда айналып, ақырын  ғана түседі(орындарына отырады)

— Балалар, қарандаршы. Қоянның қолында тағы да бір шелек бар екен. Ішінде не бар екен.

— Дұрыс айтасыңдар, ішінде мақта таяқшалар (ватные палочки) бар екен.

— Мақта таяқшалармен  сурет салуға болады ма?

— Біздің қоянымызға жапалақтап қар жауып тұрғанын салып берейік. Қоянымыз сендер қалай әдемі сурет салып жатқандарын қарайды. Алдымен тақтада ілініп тұрған суретке назар аударайық.

— Мінеки, балалар мына суретке қараңдаршы, дала аппақ, қар жауып тұр. Балалар  таза  ауада серуендеп жүр екен. Олар өздеріне ұнайтын ойындарды ойнап жүр. Қазір бізде қыс мезгілі. Дала қар жатыр. Қардың  түсі қандай?

— Ұлпа қарлар  қандай?

— Сендер, қысты жақсы көресіңдер ма? Не үшін?

— Ендеше біз, стөлге барып отырайық. Тұзу отырамыз, мені мұқият тыңдаймыз.

— Қарды қандай түспен  саламыз.

— Дұрыс айтасыңдар. Қандай түсті қағазда саламыз.

— Қағазда не бейнеленген?

 

     —   Балалар сурет салу алында  сөздік жұмыс жасайық.

 

Сөздік жұмыс:  қар, қар жауып тұр, ақ, жеңіл

 

Билингвальді компонент:  қар – снег, қар жауып тұр – идет снег, ақ – белый, жеңіл –легкий.

 

—   Балалар сөздік жұмыс жасадық, енді мен  суретті қалай салатымды қараңдар. Алдымен  ауада құрғақ мақта таяқшамен  қарды саламыз. Қолымызға мақта таяқшаны  аламыз, оны екі саусақпен ұстаймыз, ақ гуашьке батырамыз. Сосын  суретке қойып  (приложить) аламыз.  Бізде жапалақтап жауып жатқан қар шығады. Балалар, қар жан – жаққа ұшады.  Олар шыршаның және қоянның үстіне жауады.

 

 

 

 

 

 

——-

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды және іс – әрекеттер жасайды

—         Балалар айналады

—         Орындарына отырады

 

 

 

Балалар назарларын шелекке аударады. Шелектің ішінде не бар екенін қарайды.

—         Ол мақта таяқшалар

(ватные палочки)

—         Иә, болады.

 

 

 

Балалар тақтада ілінір тұрған суретке назарларын аударады.

—         Қар жұмсақ, ақ түсті

 

 

Қар ақ  түсті

—         Әдемі

—         Иә, жақсы көреміз. Қыста

шана тебеміз, сырғанақтан сырғанаймыз.

—         Ақ түспен саламыз.

—         Көк түсті де.

—         Қағазда ақ қоян мен

жасыл шырша бейнеленген.

 

 

 

«Қар, қар жауып тұр, ақ, жеңіл» сөздерді қайталайды

«Қар – снег, қар жауып тұр – идет снег, ақ – белый, жеңіл– легкий»     сөздерді  сыбырлау әдісі арқылы қайталайды

 

Тәрбиешімен бірге қайталайды, ауада құрғақ мақта таяқшамен сурет салады.

Балалар назарларын тақтаға аударады, тәрбиеші қалай сурет салады екенін.

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық – ізденістік       — Ал, балалар  суретті  салуға  кірісейік.  Балалар сурет салуды орындайды, тәрбиеші  қажет болған жағдайда көмектеседі және бақылап жүреді.

 

— Балалар, сендер  сурет салуға шаршаған шығасындар.   Саусақ гимнастикасын  жасайық.

 

Саусақ гимнастикасы:

(қолды жұдырықтаймыз – ручки сжаты в кулачок)

Бір, екі, үш, төрт, бес ( бір – бір саусақтан  ашу)

Қояндар серуенге шықты

Бір, екі, үш, төрт, бес (бір – бір саусақтан  қысу)

Үйшікке тығылып қалды

 

Қоян:  Балалар, мен отыруға шаршадым, бір ойын ойнасақ қайтеді.

Тәрбиеші:  Балалар, ендеше қоянмен бір ойын ойнайық.

Балалар сурет салуға кіріседі.

Балалар сурет салып жаткан кезде музыка ойнап тұрады.

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге саусақ гимнастикасын жасайды.

 

 

 

—         Ойнайық

 

 

 

Рефлексиялық – түзетушілік Ойын: «Қоян тонып қалды».

 

Қоян   отырса тонады

Қолын  жылыту керек

Осылай,  осылай

Қолын жылыту керек

Қоян тұрса тонады

Қоянға секіру керек

Осылай, осылай

Қоянға секіру  керек

 

—         Балалар, суретімізді қоянға көрсетейік.

Тәрбиеші мен қоян балалардың жұмыстарын

қарап, мадақтайды.

Қоян:  Балалар, сендерге көп рахмет. Мен ұмытып кеттім ғой, сендерге арнайы сыйлығымды ала келдім. (қоян шығып кетіп, балаларға сыйлық әкеліп береді)

Тәрбиеші: Рақмет, саған қоян.

Қоян: Балалар, маған орманыма оралу керек.

Тәрбиеші: Қоян, сен кетейіндеп жатырсын ба? Балалар, қоянымызбен  қоштасайық.

—         Балалар, сендер жарайсыңдар. Бүгін біз қар

туралы әңгімелестік. Жақсы ойын ойнадық және де мақта таяқшаларымен  сурет салуға үйрендік.

 

Балалар отырады

 

Екі алақанды  бір – біріне қосып ұқалайды

 

Балалар бір орында сікіреді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қоянмен қоштасады.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қардың ерекшеліктері жайлы қарапайым түсініктерді.

Игереді:   мақта таяқшалармен бейнелеуді.

Меңгереді: қардың суретін салуды.