Тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы  ауа құрамы

 Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

6.3А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Мектеп: №25 ЖОББМ
Мерзімі:08.02.2019 Мұғалімнің аты-жөні:Сатыбалдиева Ж.М
Сынып: 6 А Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 
Сабақ тақырыбы Тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы  ауа құрамы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.4.2.7 тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы  ауа құрамындағы айырмашылықты  зерттеу
Сабақ мақсаттары Оқушы:

·                   Тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауаның құрамындағы айырмашылықты анықтау;

·                   Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы оттек, көмірқышқыл газы, су және энергияның мөлшерін зерттеу;

·                   Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықтың себебін түсіндіру.

Бағалау критерийлері:           1. Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты сипаттайды;

2. Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықтың себебін ажыратады.

Тілдік  мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Tыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауаның құрамындағы айырмашылықтардың себебін көрсетіп жазбалар жасап, есеп дайындайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

Оттегі, көмірқышқыл газы, су булары, азот

Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

·     Тыныс алғандағы ауа құрамында … көп, өйткені…

·     Тыныс шығарғандағы ауа құрамында … көп, өйткені…

Tыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауаның құрамындағы айырмашылықтың себебі… .

Құндылықтарды дарыту

 

Жұпта және топта жұмыс істеу барысында ынтымақтастық, өзіне және басқаларға құрметпен қарау, академиялық адалдық — өз бетімен жұмыс істеу, ашықтық — оқушылар сабақтың мақсаттарын және міндеттерін өз бетінше анықтай алады.
Пәнаралық байланыстар Биологиялық ұғымдар туралы көбірек біледі.

НЕМЕСЕ

Топта жұмыс істегенде оқушылар биологиялық терминдерді қолданатын болады.

Бастапқы білім

 

Оқушылар 5 – ші сыныпта . 5.2.4.2 тіршілік ету үшін қажетті жағдайларды анықтады. Оқушылар тірі ағзаларға қажетті жағдай ауа екенін ажырата біледі. Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында ауаның құрамындағы газдардың атаулары және әрбір газдың пайыздық ара қатынасын сипаттау арқылы жүзеге асады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет   

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

5 мин

 

1. 1. Сәлемдесу, түгелдеу, қалыптастырушы бағалау арқылы сабақ бойы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

2.Үй тапсырмасы

Сұраққа жауап бер

1.Өсімдіктердегі су,минералды заттар және органикалық заттар қандай ұлпа арқылы өтеді? (өткізгіш)

2.Өткізгіш ұлпа дегеніміз не? (өсімдіктің барлық мүшелеріне қоректік заттарды жеткізетін сопақша келген жасушалар тобы)

3.Өткізгіш ұлпасының аралық перделері мен қабырғаларында не орналасады?

4. Су және минеарлды заттар өсімдік тамырынан басталып,сабаққа не арқылы жетеді?(түтікшелер)

5.Түтікшелер су мен минералды заттарды сабақтан кейін қайда тасымалданады? (жапыраққа)

6.Адамдардағы қоректік заттарың тасымалдануы қандай жүйелер арқылы жүзеге асады? (қан тамырлары және лимфа жүйесі)

7.Жануарлар ағзасындағы заттардың тасымалдануы қалай жүзеге асады?(тыныс алу және асқорыту)

Дескриптор:Оқушылар сұраққа дұрыс жауап береді.

ҚБ: Мадақтау

Өсімдіктердің өмірінде қоректенудің маңызы зор екен.Тірі ағзаға тән қандай тіршілік қасиеттерін білесіздер?

3.Ой шақыру ( Пристли тәжірибесі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

7мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 -14мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

4. Бейнекөрініс «Адамның тыныс алуы»

ТЖ:

1 топ:тыныс алу құбылысы

2 топ:тыныс шығару құбылысы

3 топ:тыныс алу және тыныс шығару көлемі

Бағалау критерий: 1. Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты сипаттайды;

2. Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықтың себебін ажыратады.

Дескриптор: — ауа құрамындағы оттектің бар екендігін дәлелдейді;

— тыныс шығарғандағы ауа құрамында көмірқышқыл газының көп екендігін дәлелдейді;

— тыныс алу мен тыныс шығару құбылысының көлемін салыстырады.

ҚБ:Басбармақ

5. ТЖ: Ең бірінші оқушылардан қауіпсіздік ережесі сұралады.Оқушылар көздеріне қорғаныс көзілдірігін киіп алады.

1-топ. Оттекті салыстыру: Алдымен бос стақанды немесе банканы май шамның үстінде орналастыру керек. Содан соң төңкерілген стақанды немесе банканы түтіктің көмегімен дем шығарған ауамен толтырады. Стақанды абайлап, жағылған шамға жауып, оның қанша жанатынын белгілеу. Таза ауасы бар стақанмен тәжірибені қайталау. Майшамның жану ұзақтығы арқылы қай ыдыстағы ауада оттегі көп болғанын анықтау.

2-топ. Көмірқышқыл газын салыстыру

Тыныс шығарғандағы ауаны ізбесті суы бар стақанға бағыттау керек, таза ауаны ізбесті суы бар басқа стақанға бағыттау керек.

3- топ. Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы  ауа құрамындағы ұқсастық пен айырмашылықтар салыстырады.

  Тыныс алу

 

Тыныс шығару

 

Ұқсастықтар

 

   
Айырмашылықтар

 

   

Бағалау критерий: 1. Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты сипаттайды;

2. Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықтың себебін ажыратады.

Дескриптор: — ауа құрамындағы оттектің бар екендігін дәлелдейді;

— тыныс шығарғандағы ауа құрамында көмірқышқыл газының көп екендігін дәлелдейді;

— тыныс алу мен тыныс шығару құбылысының көлемін салыстырады.

ҚБ:Бағдаршам

6.Тәжірибе «баклашкадағы тыныс алу мүшесінің моделі»

Проблемалық сұрақ:Ал осы адам тыныс алмай қалған жағдайда не істеуіміз керек?Мысалы,суға кеткен адам тұншығып қалды.Оған жедел түрде тыныс алдыру үшін не істеуіміз керек? Қалай ойлайсыздар?

 

Әр топта топ басшылары бағалау парағы арқылы бағалап отырады.

7.Терминдермен жұмыс.Оқушылармен бірге қайталау

1.Тыныс алу- Inhale

2.Тыныс шығару- Exhale

3.Оттегі — oxygen

4.Көмірқышқыл газы — Carbon dioxide

5.Азот — nitrogen

6.Су булары — water vapor

 

 

 

https://bilimland.kz/upload/content/lesson/12741/media/cdd9dbd3b9720c252754577f3ae6ba86/content/script_00002/media/mccp_bi_up_l002_a01.mp4

Қосымша мәлімет

суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы:

5 мин

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына  жету деңгейін талқылайды. Топ басшылары топтағы оқушыларды қолдарындағы бағалау парағы арқылы бағалайды.

Мұғалім кері байланыс береді.Оқушылар топта бір -біріне сіз өзіңізге қандай жаңа ақпарат алдыңыз сұрағын қоя отырып сұхбаттасады.

8. Рефлексия. Жетістік сатысы

Үй тапсырмасы. §38 оқып келу

 

 

 
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы