«Автобус»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні, айы,жылы: 11.10.2018 ж

Білім беру саласы:  «Шығармашылық»

Бөлімі:  «Сурет салу»

Тақырыбы: «Автобус»

Мақсаты:

Білімділігі: Сурет салуда геометриялық фигураларды пайдаланып автобус суретін салуды үйрету, сурет салу кезінде қаіпсіздік ережелерін сақтау,  сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылығы :Қылқаммен сурет салу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелігі: Достыққа, мейірімділікке,  ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көнекілік құралдар: қылқаламмен сурет салу.

Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбері, саяхат,  тосын сый, әңгімелесу, таныстыру,ойын, сергіту сәті.

Сөздік жұмыс:  көжек.

Билингвальді компонент: қоян-зайц, автобус-автобус

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі    Балалардың

     қызметі

Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері

Біз ұқыпты баламыз,

айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Үлкендерді тыңдаймыз.

Жарайсыңдар балалар!

 

Балалар шаттық шеңберінде өлеңді қайталап, оның мазмұнына сәйкес қыймыл-қозғалыспен жасайды.
Ұйымдастырушы ізденуші Тосын сый: Қоянның жылап отырған бейнесі.

-Ой балалар ненің даусы? Кәне бәріміз іздейік. Балалар іздейді.

-Қоян неге жылайсың?

Қоян: мен көжегімнен орман ішінен адасып кеттім. Көжегімді табуға көмектесесіздерме?

-балалар, қоянға көжегін табуға көмектесеміз бе?

-ендеше қоянның көжегін іздеу үшін бізге не керек?

-балалар, көліктердің бірнеше түрлері бар, ал біз қандай көлікке мінеміз. Көжекті әуе көлігі ұшаққа мініп іздесек қалай болады?

 

 

 

 

 

 

-иә, дұрыс айтасыңдар. Енді су көлігі қайықпен іздеймізбе?

 

-иә балалар, дұрыс айтасыңдар. Сіздер қандай ақылдысыңдар.

-Ендеше біздер құмзарға жақындап  құмнан көжекті іздеуге баратын автобус суретін салайық.

-Ал, балалар бәріміз құмзарға қарай жақындайық.

-Ол үшін барлығымыз бейне таспаға назар аударайық.

Тәрбиеші автобустың суретін қалай салу керектігін бейне таспадан көрсетеді.

-Міне, балалар бейне таспадан көргендей автобус суретін саламыз. –Балалар құммен жұмыс жасау барысында қандай қауіпсіздік ережесін білесіңдер?

-иә балалар, дұрыс айтасыздар.

Суреттің салу барысы бейне таспадан көрсетіледі.

-Алдымен автобус сұлбасы жасалады;

-Содан соң дөңгелектерін жасайды;

-Содан кейін автобус терезелері жасалады;

-міне, балалар автобусты да салып болдық. Енді Қоянның көжегін іздеуге саяхатқа шығайық. Ал бәріміз автобусқа орналасайық. Бәріміз автобусқа сыйдықпа?

Қоян сен міндіңбе?

Қоян: Алақай менің көжегім, көжегім табылды. Бірақ қасындағы қасқыр ғой. Енді қайттім.

-иә қоян менің балаларым саған көмектеседі.

Қасқыр: сәлеметсіңдерме балалар!

Қасқыр: Жоқ менің бірінші шартым бар.

Қасқыр: Менімен ойын ойнауларың

керек, мені жеңсеңдер көжекті жіберемін.

Ойын: «Автобус»

Мақсаты: балаларды шапшаң, тез қозғалуға үйрету.

Ойын шарты: автобустың бір бөлігін қасқыр, бір бөлігін  балалар тақтағы шығып құрастырады. Бірінші болған бала жеңіске жетеді

Қасқыр: балалар ойында сіздер жеңіске жеттіңдер. Енді көжектеріңді жіберейін.

Қоян мен Көжек балалардың көмегімен аман есен қауышады.

Қоян: балалар сіздер мейірімді, ақылды екенсіңдер, сіздердің арқаларыңызда мен көжегіммен қауыштым сіздерге көп  рахмет! Сау болыңдар балалар.

Міне балалар, Қоянға көжекті аман есен тауып бердік, енді келген көлігімізбен балабақшамызға қайтайық.

Барлығы көлікке отырып, балабақшаға қайтады.

Сөздік жұмыс:  көжек.

Билингвальді компонент: қоян-зайц, автобус-автобус.

 

-ой бұл қоян ғой.

 

 

 

-иә көмектесеміз.

 

-бізге көлік керек.

 

-жоқ Айгерім біз аспанда ұшақпен ұшып жүргенде көжекті көрмей қаламыз, ол өте кішкентай  ғой.

-жоқ Айгерім біз көжекті іздеуге орманға барамыз, ол үшін бізге барлығымыз сыйятын жер көлігі автобус керек.

 

 

 

 

 

-құмды аузымызға салуға оны шашып ойнауға, көзімізге тигізуге  болмайды.

 

Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша суретті салады.

 

 

 

 

 

 

 

 

-иә бәріміз сыйдық.

-Иә менде міндім.

 

-Қоян қорықпа біз бармыз ғой.

 

 

-Сәлеметсізбе Қасқыр!

Көжек: анашым мені құтқаршы.

-Қасқыр бізге көжекті жіберіңіз.

-Ол қандай шарт.

 

-жарайды ойнаймыз.

 

 

Балалар ойынды үш рет ойнап қасқырды жеңеді.

 

-рахмет қасқыр!

 

 

 

 

 

-Сау болыңдар!

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қайталайды.

Рефлексивті коррекциялаушы -Балалар, саяхат шыққан сіздерге ұнадыма?

-Саяхатқа не үшін шықтық?

-Көжекті іздеуге қандай көліктің суретін салдық?

-Қасқырмен қандай ойын ойнадыңдар?

-жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар сідерге рахмет.

-иә ұнады.

-Қоянның көжегін іздеуге шықтық.

-автобустың суретін салдық.

-«Автобус» ойынын ойнадық.

 Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қоянның көжегін іздеуге көмектесуді;

Нені игереді: Бірнеше көлік түрлерін олардың атауларын біледі,  ;

Нені меңгереді: Қылқаммен автобус суретін салуды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды.