«Алғыста шек болмайды»

Пәні Тәрбие сағаты
Сыныбы 6 ж
Күні 23.02.218ж
Сабақтың тақырыбы «Алғыста шек болмайды»
Сабақтың мақсаты 1 Оқушыларды Қазақстан Республикасының  мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, олардың символикалық айырым белгілерін білуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға тәрбиелеу:

2 Еліміздің  мемлекеттік рәміздерінің қадір-қасиетін оқушыларға ұқтыра отырып, оларды ұлтжандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Түйінді идея Алғыс айту күні
  Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурс
Ұйымдастыру 3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып оқушылары орындауында ән

 

 

Қазақстан Республикасының  Ән – ұраны!

Бір-бірлеріне  сәттілік тілейді

 

 

 

 

 

 

 

Тұсаукесер  

8 мин

Таныстырылым

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды.Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел-бір тағдыр» тақырыбымен басталған XX|| сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Назарбаев  «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл  далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі үйде тұрған біздің отбасыүш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан олардың  бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды-киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасында өмір сүрді, жұмыс істей бастады. Өмір бойы алғыс айтып өтті.

Келесі кезекте өнерлі ұлдарымыздың өнерін тамашалаңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Видеоролик. Мұражайға саябақ.

| жүргізуші: Қайырлы кун, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

|| жүргізуші: «Алғыста шек болмайды» атты ризашылық күніне арналған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

| жүргізуші: Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның құрмет көрсететін күні белгіленбек.

 

 

 

|| жүргізуші:

«Құрманғазы , Тәттімбет»

Домбырамен сайраған

Жүректе от жансын деп,

Елге күйін арнаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күй: «Балбырауын» Орындайтындар: Қ.Бейбарыс, М.Алихан.

 

 

 

 

Негізгі бөлім 12 мин Келесі кезекте жыр-шумақтар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Көрініс: «Болашақ бүгіннен басталады»

Тенеев Құрбан:

Қара жер жаралғалы қазағымның,

Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?

Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,

Жетті деп тарихымды жазатын күн.

Құрбанбек Әмина:

Уақыттың диірмендей тасы айналад…

Ұл туса, бауырына бас аймалап.

Тағдырды Алла ғана нәсіп етсін,

Тарихты тұлға ғана жасай алмақ.

Сюндеталі Алмат:

Мектебің – алтын ұя жарқыраған,

Ұстаздың – бұлақ көзі сарқыраған.

Шыңдалып, шыңға қарай  қанат қақтың,

Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.

Бегалиева Айсәуле:

М ұғалім.Бұл адамның ардақты аты,

Білімділік бар биікке шығар сәті

Ең алғаш басталады осы адамнан

Сүйеді сондықтан да сүйген жаты

Мыңбосын Талшын:

Қазақстан-атамекен құт қонған  жер,

Кең дала,суы мөлдір,нұр тұнған жер.

Көк орай белестері мақпал кілем

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Оқушылардың орындауында

 

,

 
Кері байланыс 7 мин

 

|| жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әңді сүйсең, менше сүй деп, дей келе Сюндеталі Алмат, Махмұт Алихан, Қажымұқан Бейбарыс  ұлдарымыздың өнерін тамашалаңыздар.

|жүргізуші:  Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай – ақ оның ойы мен іс – әрекетіне,  жасаған істеріне жоғары баға беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

|| жүргізуші:

Қазақ қызы күлімдеп күн көзіндей,

Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.

Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,

Би: «Қазақ биі»

 

Ән: «Қазақ жастары»

 

Жыр – шумақтар:

Кулмирзаев Рамазан:

         Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса , кім береді парасатты

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек,

Алишбекова Айгерім:

        Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

Жақсылар ұмытпайды ұстазарын,

Ойлайды , олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкіртінің биікке шыққандарын.

Махмут Алихан:

       Бүгінгі кун – нұрлы күн

Жарық шашқан әлемге

Ескеретін күн бүгін

Ризашылық қой әр елде.

Мархабаева Аружан:

Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!

Аты да , өзі де ұлы тұрар алда

Отанмен , туған жермен теңесесін,

Нәр алған аналардан даналар да.

Көбек Айбек:

        Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,

Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ

Жүз көрер айнасыңдар шаң конбаған,

Жайдары жаз күніндей жанңа шуақ.

 

        

Биші қыздар бұрала билейді би.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

,

 
Қорытынды 4 мин || жүргізуші: Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.

Хор «Атамекен»

 

Оқушылардың орындауында: ән «Атамекен»