Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жел арқылы).

Алматы облысы

Алакөл ауданы

«Қарабұлақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» кмм

Биология пәнінің мұғалімі Ахметова Инкар Мынбаевна

 

Сабақ:   57 Мектеп    Қарабұлақ орта мектебі
Күні   ___.04.2018 ж Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова И.М.
СЫНЫП:  7

Сабақтың тақырыбы:

Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жел арқылы).

Қатысқан оқушылар  саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты  7.2.1.3 — өздігінен және айқас тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау;
Сабақ  нәтижесі:

 

Барлық оқушылар

Гүл құрылысы туралы әңгімелейді.

Оқушылардың басым бөлігі

Тозаңдану түрлері жайлы түсінеді.

Кейбір оқушылар

Өздігінен және айқас тозаңдану жайлы пікірлерін айта алады.

Бағалау критерийі —          гүлдің құрылысын біледі.

—          гүлдің әрбір құрылысының атқаратын қызметін түсінеді.

—          аталықтың және аналықтың құрылысын, қызметін айтады.

—          тозаңдану және оның түрлері жайлы әңгімелейді.

Тілдік құзіреттілік Айқас тозаңдану, өзігінен тозаңдану, желмен тозаңдану, жәндіктермен тозаңдану.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі
Алдыңғы оқу Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімдік өсіруде өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (қалемшелермен, көзшелермен), көбею ұлпаларымен.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

 

Ұйымдастыру кезеңі  2 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:  3 минут

«Сурете байланысты тілек» тренинг

 

 

Суреттер

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Өсімдікті тозаңдану және ұрықтану түсінігі. Гүлді өсімдіктің жынысты көбею мүшесі – гүл. Гүл қосымша және     басты мүшелерден  тұрады. Қосымша бөліктер бұл  –  гүлсағақ,  гүлтабан,  тостаған жапырақшалар  және  күлтелер.  Гүлдің басты бөліктері – аталығы және аналығы. Аталығында  түзілген  тозаңда  аталық жыныс жасушалары бар. Ал  аналығында аналық жыныс жасушалары болады. Аналығының жоғары бөлігі аналық аузы деп аталады.

Тозаңдану – аналық аузына тозаңның түсу үдерісі. Тозаңдану үдерісінен кейін ұрықтану  жыныс  жасушаның  қосылуы

– дара хромосома жиыны бар гаметаның қосылу үдерісі жүруі керек. Қазір тозаңдану үдерісінің ерекшелігін қарастырамыз. Дара жынысты және гермофродитті гүлдер. Гүлдерде тек аналықтары немесе тек аталықтары болатын өсімдіктер бар. Мұндай гүлдер дара жынысты гүлдер деп аталады. Олар тек аналық немесе тек аталық болуы мүмкін. Мысалы, асқабақ тұқымына жататын барлық өсімдіктер: асқабақ, қауын, қарбыз, қияр, патиссон т.б. бір өсімдікте аталық та, аналық та гүлдер өседі.

Бірақ көп өсімдіктерде аталығы мен аналығы болатын гүлдер бар. Мыса- лы, қызғалдақ, раушангүл, алма, өрік, шие, алмұрт т.б. Осы өсімдік гүлдерде аналық та (раушангүлдегі сияқты көптеген аналық) және аталық та болады. Мұндай өсімдіктер қосжынысты немесе гермафро- дит өсімдіктер деп аталады. Айқас тозаңдану және өсімдігі өздігінен тозаңдану. Айқас тозаңдану кезінде бір гүл тозаңы басқа аналығының аузына түседі. Өздігімен тозаңдану кезінде тозаң бір гүлдің ішінде аталықтан аналық аузына түседі.

Өсімдіктің көпшілігінде гермафродитті гүлдер болғанымен, табиғатта өздігінен тозаңдану үдерісі жиі кездеспейді. Сендерге та- ныс егістік бұршақ, жержаңғақ және бидай өздігінен тозаңданатын өсімдіктерге жатады. Айқас тозаңдану әдісі. Өсімдіктер тозаңдану үдерісіне бейімделді. Аналық тозаңының құрылысы осы өсімдік түрінің тозаңы оңай қонып қалатындай болып түзілген. Тозаңның өзі аналық аузында оңай ұсталу үшін біртегіс емес. Тозаң көп және ол тозаңданудың белгілі бір әдісі үшін бейімделген. Ал тозаңдану әдісі әртүрлі болады.

Желмен тозаңдану – жел арқылы тозаңның тасымалдану үдерісі. Желмен тозаңданатын өсімдіктерде құрғақ әрі жеңіл тозаң көп болады. Жәндіктермен тозаңдану – жәндіктер арқылы тозаңның тасымалдану үдерісі. Мұндай өсімдіктің тозаңы жәндік денесіне оңай  жабысу үшін бұдыр, жабысқақ болады. Жануар арқылы кейбір тропиктік өсімдіктер тозаңданады (мысалы, колибри құсы арқылы).

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

            «Стикердегі диалог» әдісі

(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)

Топтарға  тапсырма:

1.         Тозаңдану және ұрықтануға анықтама беріңдер. Олардың арасында қандай айырмашылық бар?

2.         Тозаңдану және ұрықтануға өсімдіктің қандай мүшесі қатысады? Олардың маңызы қандай?

 

 

Оқулық.

Кеспе мәтіндер.

 

 

Оқулық,қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.

 

Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Ортақ тапсырма:  «Пкірлер» парағы әдісі

1.Қосжынысты және даражынысты гүлдерді салыстырыңдар. Қосжынысты гүлдер үнемі өздігінен тозаңдана ма?

2.Тозаңданудың және оның түрлерінің өсімдіктер үшін маңызын түсіндіріңдер.

Талдау

«Броундық қозғалыс»  Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе  бойынша  ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.

 

«Пкірлер» парағы әдісі, сұрақтар жазылған парақшалар,қалам.

 

Оқулықтағы мәтінді оқып алады.

Сергіту сәті

2 минут

Сұрақтар қою Миды шынықтыру
Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

«Карточкадағы терминдер» әдісі

            Орталық цилиндр құрылысы,тамырдың өткізгіш қызметі,Перицикл мен камбийдің орналасуы,жасуша құрылысының ерекшелігі,тамыр сіңіретін судың қозғалысы. деген сөздер топтарға таратылады.

Тапсырма: Сыныпты аралап жүріп, осы термиді  өзге топтардағы  оқушыларға түсіндіріп береді.

 

 

Карточкада жазылған терминдер

 

 

Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы  Дұрыс жауапқа 5 балл.

 

Оқушының аты-жөні «Стикер

дегі диалог» әдісі

«Пкірлер» парағы әдісі «Броундық қозғалыс» «Карточкадағы терминдер» әдісі Балл
           
           

 

Рефлексия парағы

Сабақтағы жетістіктерім Оның себептері Сабақтағы жетістіктерім Оның себептері
       

 

 

 

Бағалау парақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қағаз қиындылары.

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша

Көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

Үйренгенін тексеруді

Қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

Қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ /оқу мақсат шынайыма?

Бүгін оқушыларне білді?

Сыныпта ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақытта үлг\бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзету енгіздім жəне неге?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

Жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

Тексерілді: ____________________