Қайырымдылық — жылы жүректен басталады

Қайырымдылық — жылы жүректен басталады

Жаңа жыл – қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан бақытты ертегі, жарқын болашақ күтеміз. Жаңа 2019 жыл «Жастар жылы» деп есептеледі. Яғни осы жылды есте қаларлықтай өткізу, тындырымды жұмыс жасау жастардың қолында. Біз Өскемен қаласы әкімдігінің №45бейімделген орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымы белсенді жұмыс жасауды мақсат еттік. «Жас Ұлан» ұйымы білімді де өнерлі оқушылардан жиналған. Ұйым мүшелері жаңа жыл қарсаңында «Үміт» балалар үйіне барып, мерекелік көңіл-күй сыйладық.  Біздің мақсатымыз жетім көрсең жебей жүр дегендей кішкентай бүлдіршіндерге қуанышты  көңіл-күй сыйлап, болашаққа деген сенімдерін арттыру.

Мерекелік шара мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кабдуалиева Айнагуль Кәкімқызының ізгі құттықтау тілегінен басталып,  «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларының дайындап келген ертеңгілік бағдарламаларымен жалғасын тапты. Белсенділер тобы мектептің оқушыларынан жиналған сыйлықтары мен тәтті-дәмділерін тарту етті. Балалар үйінің тәрбиеленушілері де өнерден кенде емес екендіктерін көрсетіп, патриоттық тақырыпта өлең жолдарын оқып, би билеп, ән айтып мерекелік іс-шараның көңілді өтуіне атсалысты.

Мәңгілік еліміздің болашақ бүлдіршіндеріне біздің тілегіміз: армандары орындалып, болашақта халыққа адал қызмет ететін түрлі маман иелері болсын.
Осындай қайырымдылық іс жасауға баулып, арманымызды орындағаны үшін мектеп әкімшілігіне, аға тәлімгерімізге алғысымыз шексіз. Жаңа 2019 жылда бірімізге біріміз қуаныш, мейірім, жылулық сыйлап жүре берейік.

 

 

 

№45 бейімделген орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі Марданманова Амина.