Кітапханада өткізілген іс-шаралар

Кітапханада өткізілген іс-шаралар

 

Кітаппен дос болайық

Өтетін уақыты:  2 сәуір 2018 жыл сағат 10.00

Өтетін орны:  Кітапхана

Жауапты: Утемисова Айткуль Зулпыхарқызы

Жүргізуші: Утемисова Айткуль Зулпыхарқызы

Қатысушылар: Мектеп оқушылары

Іс-шара аты:  «Кітаппен дос болайық»

Мақсаты:  Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар! 2 сәуір халықаралық кітаптар күніне орай «Кітаппен дос болайық » атты тақырыбында балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткізгелі отырған апталығымызды ашық деп жариялаймыз.

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін,

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін, -деп Мұзафар атамыз жырлағандай, әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш кластардың өзінде –ақ бүкіл адамзаттың мәдениетімен таныса бастаймыз.Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды.Алға басқан сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі –өнеге аламыз.Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ. «Батыр бірді жығар,білімді мыңды жығар»,-деген халық даналығы бекер айтылмаған.Ендеше,кітап біздің сарқылмас рухани қазынамыз екен.

Жүргізуші: Кітап-адамның досы.Оны жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді.Алдымен адам орманнан ағаш кеседі.Оны фабрикаға апарады.Фабрикада ол ағашты қағаз қылып шығарады.Содан соң оған авторлар жазады,сурет салады.Баспахана суреттер мен жазуларды басып,кітап етіп шығарады.

Кітап-арабтың жазу деген сөзі. Кітап-рухани қазына, өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген.

Адамның досы-кітап,өмір кілті,

Тең келмес оған дүние,жиған мүлкі,

Ақылшы,жанға серік,жол бастаушы,

Ақыл-ой,қазынасы,өмір көркі.

Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті,өнерлі болуы керек.Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын,өткен тарихымызды,өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу қажет.Оқулықты бүктеп,жыртып,бүлдіруге болмайды.Өйткені,әр кітап-Отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері.
«Әнді сүйсең, менше сүй» деп Абай атамыз айтқандай ендігі кезекті әсем әнге береміз

Ән: _____________________________________________________

 

Кітап  – рухани азық. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтебі. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі, әңгімелермен сыр шертеміз кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз. Кітапты шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Біз кітапты қалай ұстауымыз қажет? Кітапты жыртпай,кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп оқу керек. Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Сонымен кітап неден шығады екен. Ең алғаш кітаптар балшықтан жасалыпты. Жұмсық балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген, содан соқ отқа күйдірген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Кітап осындай бірнеше сатылардын өтіп, біздің қолымызға дәл бүгінгі күйінде жетіп отыр. Ендігі кітап көрмесін.  Балалар кітапханасының меңгерушісі Мұсабаева Заринаға береміз.

Кітаптың ұлы қасиетін бағалап, алдына бас иіп көптеген ақын –жазушылардың өлеңдерін оқушыларға береміз.

1 – оқушы:

Саған білім жемісін

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

2-оқушы:

Орманшының аялы

Алақаны өсірген,

Сонау ағаш саялы

Қағаз үшін кесілген

3- оқушы:

Ағаш кесіп қанша адам

Ормандарда жүреді.

Ағаш қанша шаршаған

Ағаш тиеп үнемі

4-оқушы:

Зауыттарды күн- түні

Қағаз жасап бағалы,

Қанша адам кім үшін

 

Маңдай терін төгеді.

 

 

5- оқушы

Оқулықты баршаға

Талай ғалым қолға алып.

Жылдар бойы қаншама

Жазады ұзақ толғанып.

6- оқушы

Әріп теру үшін де

Талай адам терледі

Баспахана ішінде

Айлап тыным көрмеді

7-оқушы

Оқулықты мектебің

Берер саған теп-тегін

Білмейсің сен бірақ

Қаншама еңбек кеткенін.

8-оқушы

Кітапты оқымайды сыйламайды,

Білімге жанын танып қинамаған,

Өсірген кімнің болсын ой өрісін,

Сол кітап бас ақылшы күнде маған.

Түлекті тәрбиелеп кітап мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктем.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

9-оқушы

Кітаптар бейна жапырақ

Жырлайтын сырын өмірдің

Оқисың кейде жаттап ап

Көтеріп күйін көңілдің.

Айдын шалқар кейде бір

Кітапты тұнған көл дерсің,

Ауадай қажет бейне бір

Таппасаң нәрін шөлдердің.

10 –оқушы

Мынау менің кітабм

Сырлас достай тұтамын

Өлең айтып, қуантып,

Білім нәрін жұтамын

 

 

Кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Кітап-барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді адам шығаруда тап-тырмайтын баға жетпес дүние.
«Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн». Сондықтан да кітап атаулы мен дос бола бастау сәби шақтан басталу керек.Баланың ой — өрісін дамытудағы дамыту ойын-дары, табиғатпен байланыс, музыкалық білім және т. б. қатар маңызды орындардың бірі кітап оқу болып табылады. Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды.Бүінгі кештің сендерге берері мол екеніне сенімдіміз.   Осымен аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырған әдеби кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

 

«Ал, қанеки, шешейік!»

жұмбақ ойын-саяхатының сеценарийі

 

Жүргізуші: Армысыздар құрметті бүлдіршіндер мен апайлар. Аудандық балалар кітапханасы  жаңа әдебиеттермен толықтырылуда. Осыған орай біз сіздердің алдарыңызға ой өсіретін, білім, дағды деңгейін кеңейту, сана-сезімін, қабылдау әрекеттерін дамыта отырып, білімге деген қызығушылық қасиеттерін арттыру мақсатында «Ал, қанеки, шешейік!» атты жұмбақ ойын-саяхатымызға қош келдіңіздер.

 

Төрт түлік,

Үй құстары,

Ит, мысық та – құт бәрі:

Қоянды  да қос оған –

Жазылмасын жұптары.

 

Көріп жүр ғой көздерің,

Құс-тауық,

Мал  төлдерін:

Атын,

Затын анықтап,

Ал, табыңдар өздерің…

 

1)      Дене тұрқы тым ірі,

Ойсылқара түлігі:

Әр өркеші баладай,

Білмес дейсің кім мұны?!

 

Аяқтары – келсаптай,

Адаспайды жол таппай:

Шөлге өте төзімді,

Жүре берер нәр татпай.

 

Бұл не?

Зор күшке ие,

Бұл әрине…       /Түйе/

 

  1. Құйрық, жалы төгілген,

Басын шұлғып, керілген:

Қамбар ата түлігі –

Жүк түспейді белінен.

 

Берік болат тұяғы,

Жерді тарпып тұрады.

Арбаға – жек,

Салт та – мін,

Ғажап көлік бұл әрі…

 

Бұл не?

Сонша мықты,

Бұл, әрине…    /Жылқы/

 

  1. Шопан ата түлігі,

Бағып-қақтық біз мұны:

Маңырайды кей-кейде,

Қысқа – аяқ,

Құйрығы.

 

Тықыр – басы, құлағы,

Тықыр  және – сирағы.

Сеңсең тоны – ен байлық,

Ол сүттің де – бұлағы….

 

Бұл не?

Бол тез, ойлай ғой,

Бұ әрине….                   /Қой/

 

 

 

  1. Місе тұтпай көгалды,

Талға өрмелер жоғары:

Шекшек ата түлігі,

Қайдан осал болады?!

 

Қылта жерден өтіп ол,

Қылар таудың төсін жол:

Бұта басын шалып жеп,

Тастан тасқа секірер.

 

Бұл не?

Тап бас, болсаң епті,

Бұл, әрине…  /Ешкі/

 

 

  1. Күндіз тыным бермейді,

Түнде көзі көрмейді.

Көкке қарап су ішіп,

Жерге қарап жем жейді..

 

Қанаты бар ұшпайды,

Талға қонып ұйықтайды…

Төбесіндегі айдары,

Қызыл бантикке ұқсайды…

Бұл не?

Айтшы тауып!

Бұл кәдімгі….    /Тауық/

 

 

  1. Қаздаң-қаздаң етеді,

Көк қуалап кетеді…

Ұзын мойнын имитіп,

«Қаңқ-қаңқ етіп жетеді…

 

Ашуланса күрт ерлеп,

Кетер бойын күш кернеп:

«Ыс-ыс…» етіп жыландай,

Иттей талар тістелеп…

 

Бұл не,

Ойлан біраз?

Бұл, кәдімгі /Қаз/

 

 

  1. Жабық тұрсын тарс есік,

Бара жатсаң қарсы өтіп:

Айбаттанып, сұстанып –

Үреді ол «арс» етіп.

 

Ол жүрген жер табанда,

Айналады «қамалға».

Жеті ырыстың – бірі ол,

Әрі – серік адамға.

 

Бұл неп?..

Неге именер жұрт,

Бұл әрине…. /Ит/

 

 

 

  1. Жиған жүкке ұмтылар,

Кезі жоқ бір таншығар:

Шұнақ құлақ,

Тостақ көз,

Селдір-селдір мұрты бар.

 

Қылығына мұның әр,

Көрген адам қызығар:

Тамақ ішіп,

«Мияу-лап» —

Кешке дейін жуынар…

 

Бұл не?

Жүрер көзін қысып,

Бұл әрине….        /Мысық/

 

Кім тым алғыр,

Кім жүйрік?

Жұмбақ шешіп біз білдік

Төлді,

Құсты дөп танып,

Көрсетіңдер білгірлік.

 

Құстар, құстар… –

Құт бұлар,

Қасиетін жұрт та ұғар.

Атайды кім:

Тотыдай….

Үйде асырар құсты дәл?

 

Ден қоймаған елемес,

Қуа берме тек елес:

Үйде –

Бүркіт баптайтын,

Құсбегі де жоқ емес.

 

Заман мынаау түрленген,

Көп сыр ұғар ізденген:

Кірпі асырар біреулер –

Бұл жайлы да білген жөн.

 

Жә, қайтеміз «гу-лесіп»,

Құс, жәндікке кім жетік:

Төрт түлік,

Құс туралы –

Ойланыңдар бірлесіп!…

 

Жүргізуші: Жұмбақ – балалар жақсы көретін, кеңінен таралған халық шығармалышығының бірі. Жұмбақ шешу барысында балалар көңілін көтеріп қана қоймай, зеректігін де тексере алады. Жұмбақ – балалардың ойлауын, епсектілігін дамытады. Ойлау қабілетін оятады. Оны шешу барысында бала өзінің қоршаған заттармен табиғатты салыстыра алады.

Балалар, бүгінгі біздің «Ал, қанеки, шешейік» атты жұмбақ ойын-саяхатымыз ұнады ма? Олай болса, сендерге әкелген ойынымыз осымен аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңдар.