«Мысық»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  технологиялық картасы.

Күні, айы, жылы: 09.01.2019 жыл.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі:  Жаратылыстану

Тақырыбы: «Мысық»

 Міндеттері:

Білімділік: Осы тақырыппен өткізілген сабақта балаларды үй жануарды – мысықпен таныстырып, оның қимыл – іс әрекеті, пайдасы жайында түсінік беру;

Дамытушылық: Айналадағы қоршаған ортаны сезінуге және табиғатты қорғауға ынталандыру мақсаты көзделеді;

Тәрбиелік: үй жануарларына мейірімді болуға тәрбиелеу;

Жабдықтар: ойыншықтар, мысықтың суреттері

Қостілділік компонент: Мысық Кошка, марғау котенок

Сөздік жұмыс: марғау.

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Салем аспан

Салем жер

Салем балабақшам

Салем жер

Тәрбиеші: Енді орындарыңа отырыңдар. Бүгін жаратылыстану сабағында үй жануарларының бірімен танысамыз, ол қандай жануар екені әзірге құпия, тек мен айтқан бір жұмбақты шешсеңдер ғана білетін боласыңдар.

Шеңберге тұрып,өлең жолдарын айта отырып көңіл- күйлерін көтереді.Бір-бірімен амандасады.

 

 

Балалар орындарына отырып, тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Ұйымдастыру – іздестіру Жұмбақ: Өз құйрығын өзі қуып ойнайды,
Допты көрсе домалатып қоймайды,
Беті қолын қайта – қайта жуады,
Тышқандарды үйімізден қуады.
(Мысық).

Жарайсыңдар балалар, енді мына үй жануарларды суретінің ішінен мысықты кім көрсетеді.  Ендеше біз тақтада тек мысықтың суретін қалдырайық. Мысық үй жануары, оның пайдасы көп, ол жүрген жерде тышқан болмайды. Мысық еркелегіш, балалармен ойнағанды және сүт ішкенді ұнатады. Өзіне жарасар даусы бар, қандай?

Мысықты «кис — кис» деп шақырып, сипап, кішкене сүт береміз. Оның жүні тықыр болады, құлақтары тікірейген, құйрығы ұзын мына суреттегідей. Қалай ойлайсыңдар мысықты желкесінен қысып, құйрығынан сүйреп жәбірлеуге бол ма?

Сергіту сәті:
Мысық сүтке тояды
Қарнын сипап қояды
Жүрісі оның баяу
Дейді мысық мяу – мяу

 

 

 

Мысық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мяу мяу мяу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жок

 

 

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыстар жасайды.

Рефлексивті – түзетушілік  Д/ О «Байқағыш»

Ойын шарты: Мысықты ойлап, көздеріңе елестетіп, еске түсіріп, менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
1. Мысықта қанша құлақ бар?
2. Мысықта қанша аяқ бар?
3. Мысықта қанша құйрық бар
4. Мысықтың құлағы ұзын ба, құйрығы ұзын ба?

 

Балалар сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже: 

Нені біледі: Мысықтың баласы марғау екенін, дене мүшесін, қойылған сұрақтарға толық жауап береді

.Қандай түсініктерді игерді: Марғау ұғымын игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктер: Мысықтың  дауыс ырғағын келтіріп, олардың жүрістерін сала білу дағдыларын.