Эссе тақырыбы: «Педагог мәртебесін көтеру –жаңашыл мұғалімді қалыптастырудың бастауы»

Эссе тақырыбы: «Педагог мәртебесін көтеру –

жаңашыл мұғалімді қалыптастырудың бастауы»

 

«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

(Н. Ә. Назарбаев)

«Халықты халықпен теңестіретің – білім» деп, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов атамыз атап көрсеткедей, қай елдің болсын өркендеп өсіп өнуі сол елдің білім деңгейі мен даму жүйесіне байланысты. Рухани қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, оның нәрін бойына сіңірген ұрпақ елімізді гүлдендіріп, болашағымызды дамыта алады. Сол жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірт жүрегіне гүл егетін ұстаздар болса, онда оларға деген кұрмет ерекше болуы шарт.

Бүгінгі заман жаңа технологиялар әсерінен қарқынды дамуда.  Салыстырмалы түрде өткен ғасырды алатын болсақ, сол заманда мұғалім басты білім көзі болып саналатын. Мектеп – білім ордасы болса, мұғалім сол білімді халыққа жеткізуші, таратушы деген түсінік қалыптасқан еді. Ал бүгінгі жағдай мүлдем. Біріншіден, қолында смартфоны бар кез келген оқушы интернетке кіріп, мұғалімнен алған ақпаратын қайта тексере алатындай дәрежеге жетті. Егер бұрындары білім көзі мұғалімде болса, қазір- интернетте. Оқушы мұғалімнен де көп ақпарат білуі мүмкін. Сондықтан бүгінгі ақпараттық заманда мұғалімнің басты міндеті – оқушыға қажетті ақпаратты ажырата білуді, оны іздеу жолы мен дұрыс әрі ұтымды пайдалануды үйрету. Екіншіден, заманға қарай бала психологиясы да өзгерген. Балалардың мұғалімге деген көзқарасы да бөлек. Жаңа заманның балалары әлеуметтік желілері арқылы басқа қалалардағы, өзге елдердегі балалармен тілдесе алады. Яғни, олардың қоғаммен қарым-қатынасы да өзгергенін ескеру қажет. Осы тұрғыда мұғалім оқушыға жол сілтейтін, дұрыс бағыт-бағдар бере алатын, ақ пен қараны ажырата білуге үйретуі керек деп ойлаймын. Үшіншіден, мұғалім заманға қарай бейімделіп, әрбір сабағын интерактивті түрде өткізіп, өзге елдердің білім беру тәжірибелерін ескеріп, өзіңе ыңғайлы әрі тиімді етіп алса нәтижесі оң болатыны анық. Сондықтан  да мұғалім өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікті меңгерген педагог болу жөн.

«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек бірегей педагог мәртебесін көтере білейік.

 

ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті ауылының

КМҚК «Балерке» балабақшасының педагог-психологы

Жумагазина Диана Собеткановна