Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймаларын шаруашылыққа пайдалану жағдайы

№ 72  жалпы білім беретін мектептің география пән мұғалімі Ш.Б.Сыдық

 

Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймаларын шаруашылыққа пайдалану жағдайы

(Шардара мен Көксарай су қоймасының мысалында)

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2,18 млн адам (2004). Орталығы – Шымкент қаласы.  Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

Су-жер бетіндегі өмірдің көзі ретінде маңызды табиғи және сратегиялық ресурс болып табылады. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемді аландатып отыр. Себебі, халық саны ұлғайып барады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Бұл өз кезегінде суды пайдаланудың көлемін арттырып отыр. Қазіргі ғылыми-техникалық өркениет заманында- суды тұтыну көздері толоссыз көбейіп, су шығыныда ұдайы өсіп тұрған кезде су мәселесі барған сайын өзекті, күрделі бола түсуде. Қазіргі кезде табиғаттағы осы ресурс тапшылығы күн тәртібінде өзекті мәселеге айналды.

Обылыста ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы ұзындығы 5 мың шақырымдай), 34 көл(көлемі 110 млн. Текше метр), 30 бөген ( көлемі 6 млрд. текше метр), 29 пайдаланатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орта есеппен 37 млрд. текше метрге жуық су келіп, осыншама мөлшерде су кетіп отырады.

Обылыстағы ең ірі және ұзын өзен Сырдария өзені басқа мемлекеттерден басталып, Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне құяды. Облыс аумағындағы сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені(378 км ), ол Алатау мұздықтарынан бастау алып, жол-жөнекей боралдай(130 км), Ақсу(133 км), Машат(60 км), тағы басқа көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер қатарына Келес(102), Бадам(145 км) өзендерін жатқызуға болады.

Облыстағы ең үлкен су қойма Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға берілген, сусыйымдылығы 5,2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 мᶟ/с. Одан су алатын Қызылқұм(106 км), Шардара ( 10 км) каналдары арқылы 71,5 мың гектар жер суландырылады. Бөген су қоймасының сыйымдылығы 37 млн. текше метр, ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.

Облыста 500 мың гектардан астам суармалы жерлерді игеру үшін 14336 шақырым су арналары, 4743 км  су қашыртқылары және 1900 дана тік ренежды ұңғышалар, 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.

Облыс аумағында көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқада мақсаттарға пайдаланылады. Шошқакөлде аң ауланады, Сарыкөлден балық ауланады, Қызылкөл суының ем үшін пайдасы зор болып табылады.

Облыстағы  жер асты суларының қоры  ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай, Иқансу,Бөген, Талас-Ақсу  жер асты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу артизан алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минералды сулар Сарыағаш пен Манкент шипажайлары мен Темірлан ауылдарында арнайы рұқсатпен пайдалануға беріледі[1].

Аймақтағы басты су қоймалары: Шардара мен Көксарай су қоймалары болып табылады. Бұл екі  су қоймалары  Оңтүстік Қазақстан облысындағы шаруашылыққа пайдаланып отырған бірден-бір нысандар болып табылады. Бұл екі географиялық нысан Сыр атырабының шалқыған көгілдір айдыны.Оңтүстік Қазақстан облысы шегіндегі Сырдария өзенінің албындағы су ресурстары толығымен алағанда 17,57 кмᶟ/ жыл болып бағаланады( 2-кесте).

Су нысанының атауы Ағындының жалпы көлемі, кмᶟ
Орташа көп жалдық Көп сулы жыл

(P=10%)

Орташа сулы жыл

(P=50%)

Аз сулы жыл

(P=90%)

1.      Сырдария өзені 13,38 22,74 13,38 10,36
—          Шардара бөгеніне құйылатын су 12,00 21,36 1200 10,00
—          Киров атындағы каналмен се алу 1,38 1,38 1,38 1,38
2.      Кіші өзендер 4,43 6,78 4,19 3,24
-Шыршық-Ахангарган-Келес ирригационды ауданы(ШАКИА) 1,23 2,02 1,23 0,93
-Арыс-Түркістан ирригационды каналы(АРТУР) 3,20 4,76 2,96 2,31
Облыс бойынша қорытынды   29,52 17,57 14,60

 

 

 

2-кесте. Оңтүстік Қазақстан облысы  шегіндегі су ресурстарының таратылуы, кмᶟ/жыл

 

       Шардара су қоймасы- стартегиялық маңызы бар нысан және Қазақстан Республикасындағы ірі су қоймаларының бірі. Жасанда «теңіз» Кеңестік кезеңде Бетпақдаланың тың жерлерін игеру мақсатында халықтың орасан зор бейнетімен салынғаны белгілі. Шардара, Мақтаралы, Сарыағаш  аудандары жеріндегі ірі жасанда су қоймасы Сырдария өзенінің арнасына салынған бөгеннің шекарасы суға толтырылды. Бөгеннің биіктігі 24 м, ұзындығы 5,8 шақырым. Бөгеннің ауданы 900 шаршы шақырым, ұзындығы 80-100 шақырым, ені 20-25 шақырым, ең терең жері 25-26 метр, орташа тереңдігі 6,3 метр. Суының мөлшері 5200 млн. текше метр, су жиналатын алабы 147 мың шаршы шақырым. Бөген Сырдария өзенінің ағынымен және қар, жауын-шашын суымен толығады.  Шардара су қоймасы арқылы жалпы 394,0 мың гектар жер суарылады( оның ішінде 105 мың гектар күріш егістігі). Шардара даласы- Сырдария өзенінің сол жағасын бойлай Шардара бөгенінен Көксарай аралығына дейін солтүстікке қарай бойлық бағытта 175  километрге созылып  жатқан өңір, ені 50  шақырымға дейін. Қойманың су деңгейі орта есеппен 5,4 метрге дейін азайып  немесе көбейіп отырады. Бұған өзен суының буға айналуы, судың халық шаруашылығына көптеп пайдалауы сияқты факторлар әсер етеді[2].

Шардара су қоймасын шаруашылықта  басты пайдалануы:

  • Ауыл шаруашылығына:

а) күріш егістігі;

ә) мақта шаруашылығы;

  • Электр қуатын алу

Шардара бөгені өзен ағысының маусымдық реттелуін жүзеге асырады, энергетикалық және ирригациялық мақсатта қолданылады.Ерекше көп сулы жылдары, Сырдария өзені арнасы бойыман гидротехникалық ғимараттарының бұзылуы мен су басудан төтенше қорғау шекарасы ретінді Шардара бөгенінен Өзбекстан Республикасы аумағында орналасқан Арнасай  ойпатына су тастау жүзеге асырылатын, 2009 жылдан бастап бұл шара тоқтатылған болатын[3].

Шардара су электр станциясы, Октябрьдің 50 жылдығы атында – республикадағы су электр станцияларының бірі. Сырдария өзеннің орта ағысында орналасқан. 1-агрегаты 1965 жылдың мамырында, 2-агрегаты желтоқсанда, ал соңғы 4-агрегаты 1966 жылдың маусымында пайдалануға берілген. Қуаты 100 МВт. Станция қазіргі талаптарға сай дәрежеде автоматтандырылған және телемеханикамен басқарылады. 1965 – 1975 ж. жоспардағы 3 млн. 442 мың квтҺсағ электр энергиясы өндірілді. Шардара гидроэнергетикалық кешені (Шардара су электр станциясы мен Шардара бөгені) Қызылқұм өңірінде ауыл шаруашылықғы өндірісін жедел қарқынмен өркендетуге мүмкіндік берді.

Шардара СЭС-і Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан және Нарын-Сырдария сарқырамасы СЭС-ін тұйықтайды. Шардара СЭС-інің қақпасы Жаушықұм қыратында орналасқан, өзен жағалауына қарай 5 км-ге дейін тарыла түскен. Маусым сайын реттелетін су қоймасы бар Шардара гидроторабы кешенді түрде жобаланып салынды, оны пайдаланудың басты бағыттарының бірі өзеннің орта және төменгі ағысының жағалауын бойлай орналасқан құнарлы ауыл шаруашылығы жерлерін суару болып табылады. Шардара гидроторабын салу жоғарыда орналасқан СЭС сарқырамасын оның энергетикалық режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, ирригациялық функциядан босатты. 46х107,8 м мөлшеріндегі арна типтес су электрстанциясы ғимараты агрегаттың сол және оң жақтарында екі тесігі бар су қашыртқымен бір құрылыс ретінде біріктірілген. Іргелес құрылыс су өткізбейтін темір-бетонды жабыннан, суұрғыш бекітпеден, біліктен, жоғарғы және төменгі қабысқан бөліктің тірек қабырғаларынан тұрады. Су электр станциясы ғимаратының іргетасына қабысқан жоғарғы және төменгі бөліктің бойында түтікті кәріздер орнатылған. Іргетастың барлық алаңына екі қабатты кері сүзгі төселген[4].

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан тағы бір Сыр алабындағы шалқыған көгілдір айдын- Көксарай су қоймасы болып табылады. Бұл Көксарай су қоймасын салуға басты себептер:

  • Қыста су тасқынынан, жазда керісінше, қуаңшылықтан зардап шегіп келген Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының ең басты түйткілдері шешілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен небәрі 2 жылда салынған Көксарай су реттегішін президент Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты жағдайда іске қосқан, Көксарай стратегиялық маңызы бар нысан. Сырдарияның жоғарғы ағысындағы көрші елдер жыл сайын қысты күні электрқуатын алу үшін су барынша төмен ағызған мезетте дарияның төменгі ағысындағы қазақ ауылдары үнемі әуре-сарсаңға түсетін. Жазда керісінше, дихандар қауымы су тапшылығынан зардап шегіп, қуаңшылыққа тап болатын. Осындай шиеленістерді шешу үшін;
  • Оңтүстік Қазақстан өңірінде 420 мың гектар суармалы жер бар. Оның бәрін тиімді пайдалансақ, бүкіл Қазақстанды көкөніспен үйіп-төгіп тастасақ болады. Ал мына Көксарай су қоймасы судың тасқыны кезінде, жылдың басында, көктемнің басында, асып-тасып келе жатқан суды алып қалып, ұстап қалып, төменгі жаққа жібермей, суға бастырмай, ал енді күрішке, Қызылордаға керек кезінде суды қайтадан беріп, біз Сырдариядағы суды пайдалануда тәуелсіз болу үшін;
  • Шардара су қоймасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өзеннің төменгі сағасындағы ахуалды қалпына келтіріп, Қызылорда облысының суармалы егістігін, сондай-ақ Сырдария өзенінің атырауындағы табиғи кешендерді қамтамасыз ету үшін Қазақстанның Арнасайға апаттық су жіберудің жоқтығының орнын толтыратын резервтегі су жіберетін орны болуы керек. Бұл функцияны Көксарай қарсы реттегіші атқара алады, оны Шардарадан төменіректе, Көксарай ауылының маңында салуға болады. Техникалық-экономикалық негіздеуге сәйкес Көксарай қарсы реттегіші суды ұзақ сақтайтын су қоймасы болып табылмайды. Оның негізгі міндеті 3-4 ай бойы қыста артық жіберілген суды жинақтап, оны кейіннен көктем айларында Қызылорда облысының қажеті үшін және өзеннің төменгі сағасындағы су экожүйелеріне беру болып табылады. Сондай-ақ, онда өзеннің қысқы барынша таза ағысы жинақталатыны маңызды болды.

Көксарай маусымдық кезеңдерде жұмыс істейде жұмы істеп қыс жіне көктем мезгілінде артық суды жинайтын болады.Осылайша жағалаудағы ауылдардың тұрғындары көктемгі тасқындардан қорғалады. Ал Көксарайда шамашан 2-3 мың текше шақырым су жиналады. Көктемде ол судың бір бөлігі шаруалардың мұқтаждақтарыны жұмсалады. Ал қалған көктемнің аяғы мен жаздың бас кезінде Сырдария арнасымен Аралға құйылады. Осы жобаның арқасында біздің еліміз аралдың арнасын 1-2,2 млрд. текше метр сумен толтыруына мүмкіндік туады. Сонымен қоса төменгі жақты су тасқынынан құтқару үшін, Бұл артық суды Өзбекстанның Арнасай ойпатына құйып келдік. Яғни Көксарайдың арқасында көрші республикадан су тәуелділігінен құтыламыз. Оның үстіне Шардара су-электр стансасында электр қуаты арта түседі, ал Көксарайдағы су әрі қарай айдалғаннан кейін, оның орнын мал жйылымы ретінде пайдалануға ьолады. Яғни облыстың құнарсыз саналатын аймақтарының бірінде 400 шраша шақырымдай шүйгінді жайылым жасалады[5].

Көксарай су қоймасының ерекшеліктері:

  1. Шардара су қоймасының маңында пайда болатын төтенше жағдайлардың қаупін сейілтеді;
  2. Арнасай ойысына амалсыз ағылған су шығынын тоқтатады;
  3. Кіші Арал теңізі су деңдейін сақтайды;
  4. Шардара су-электр стансасының қысқы маусымдағы электр қуатын арттырады;
  5. Экология үшін қолайлы жағдай туғызады;

Су-жер бетіндегі тіршілік атаулының өзегі. Сусыз өмір жоқ. Бүкіл жер шарындағы су мәселесі алдыңғы кезекке шығып отырғаны белгілі. Біздің елімізде де сумен қамтамасыз ету-ең өзекті ұлттық мәселелердің сататында қарастырылуда. Біздің елімізде де су мен қамтамасыз ету ел басшылығы тарапынан бірінші кезекте көңіл бөліп отырған мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселердің өзектілігі еліміздің бар су ресурстарының шектелулігімен, су қорының ел аумағында әркелкі бөлінуімен, қазіргітдаму кезеңіне сай орын алған елеулі өзгерістермен, трансшекаралық өзендер суларының жоғарғы деңгейде ластануымен сипатталады.Осы тұрғыдан алғанда, Көксарай су қоймасын салу арқылы Қазақстан Сырдария бассейінің сағасындағы өзен ағысын реттеу сынды ең өзекті мәселелерінің шешімін табуға қол жеткізді. Бұл жерде ең маңыздысы- «Сырдария өзеніндегі Көксарай су реттегіші құрлысы кешенінің» жобасы трансшекаралық өзен ресурстарын пайдалануда Қазақстан тәуелсіздігін қамтамасыз ететіндігі болса керек.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ энциклопедиясы, 3-том
  2. Федоров Г.В. Проект регуливание реки Сырдарьи и Аральского моря. Оценко воздействие на окружающую среду. Ассоциация СЕS. Consulting Enginees Salzgitter GmbH Sogreah Inngenierie, Казгипрводхоз, Алматы, 1999,-С. 14-18.
  3. Мұқанов Ж. Шағалалы Шардара.-Алматы: «ARNA-B 2009. 520
  4. Тулегенов Е.А. Көксарай су қоймасы. «География және табиғат», №4, 2012.

5.Баймолдаев Т.  Көгілдір айдын Көксарай, Егемен Қазақстан 10 қараша, 2011.