Математикалық эстафеталар

Математикалық эстафеталар

 

Оқушыларды математикаға қызықтыратын жарыстардың бір түрі – математикалық эстафета. Математикалық эстафета оқушыларды жылдам іс-әрекет жасауға, тез қорытынды жасауға, шапшаң есептеуге дағдйландырады. Математикалық эстафетаны үйірме сабақтарында, математикалық кештерде, математикалық күн мен апталықтарда өткізуге болады. Математикалық эстафета қатар сыныптардың арасында немесе бір сыныптағы оқушылар топтары арасында өткізуге болады. Эстафета екі немесе кейде үш топтың арасында өткізіледі. Оған алдын-ала дайындық жасалады. Мұғалім алдын ала жарысқа қатысатын командалардың санына қарай, оларға берілетін есептердің бірнеше нұсқасын дайындайды. Олар плакаттарға көрнекі етіп жазылады. Әр нұсқадағы есептердің саны бірдей болады. Мысалы жарысқа үш команда қатысатын болса, оларға ұсынылатын әрбір есептің қиындық деңгейі үш команда үшін бірдей етіп құрастырылады. Әр командадағы оқушылардың саны бірдей болуы шарт. Плакаттағы әрбір тапсырманың тұсы ашық қалдырылады.

Жарыстың қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Командалардың дайындығы тексеріліп болған соң сағатқа қарап тұрып жарысты бастайды. Ойын басталар кезде әр команданың біріншісінің қолында жалаушасы болады. Ойын басталғандығы хабарлануымен бірге олар жылдам жүрігіп келіп әрқайсысы өздерінің командасына бекітілген плакаттағы бірінші тапсырманы ашып оқып, оның жауабын тапсырма тұсындағы ашық жерге жазады. Есептің шығарылуы, немесе сұрақтың жауабы жазылып болған соң ол оқушы өз командасына қарай жүгіріп келіп, қолындағы жалаушаны өз командасының екінші оқушысын береді. Жалауша қолына тиген оқушы өздеріне берілген екінші тапсырманы тезірек орындауға ұмтылады.

Әрбір топтың оқушылары уақыттарын үнемдей отырып, бірінен соң бірі есепті тез шығаруға ұмтылады. Бұл кезде олар қарсыластарынан уақыттан озуға, тапсырманы қатесіз, дұрыс орындауды ойластырады. Қазылар алқасы әрбір топтың соңғы тапсырманы қашан орындап болғаның есебін алып отырады. Барлық команда тапсырмаларын орындап болған соң олардың тапсырманы орындау сапасы тексеріледі. Бұл кезде есептің дұрыс шығарылуымен қатар оның тиімді тәсілмен шығарылуы да ескеріледі. Осы жағдайлардың барлығын ескере отырып қазылар алқасы жеңімпаз команданы анықтайды. Осы жерде жарысқа қатысқан командалардың жұмыс нәтижесіне талдау жасалынады. Тапсырманы басқалардан ерекше, тиімді тәсілмен орындаған жекелеген оқушылардың жетістігі аталып, марапатталуы мүмкін. Бұл оқушының жетістігі аталып, марапатталуы мүмкін. Бұл оқушының белсенділігін арттырып, математикамен айналысуға деген талпынысын арттыра түседі.

Математикалық эстафетаға ұсынылатын тапсырмалардың аса күрделі, шығарылуына көп уақыт қажет етпейтіндей болғаны жөн. Өйткені оқушы тапсырманы ұзақ уақыт орындап жататын болса, ол жарысты қызықтап отырған көрермендерді жолықтыруы мүмкін.

Енді 7-сынып оқушыларынан қүрылған командалар арасындағы жарысқа ұсынуға болатын тапсырмалардың бір үлгісін келтірейік. Ал екінші және үшінші командаларға берілетін тапсырмалар да осы үлгіде, қиындық деңгейі осымен пара-пар болғаны дұрыс болады.

  1. Амалды орында:
  2. Теңдеулер жүйесін шеш:
  3. Есепте: а) ; ә)
  4. Амалдарды орында: а) ; ә) .
  5. Көбейткіштерге жікте:
  6. Көбейтуді орында: а) , ә) .
  7. Көбейткіштерге жікте: а) ; ә)
  8. Бөлшекті қысқарт: .
  9. Шеңбердің диаметрі 10 см. Шеңбердің радиусын, ұзындығын тап.
  10. Үшбұрыштың бұрыштары 620 және 700, үшінші бұрышын және ол бұрышқа іргелсе сыртқы бұрышты тап.

Бұл тапсырмадағы алғашқы екі есеп өткен материалдарды қайталау берілген есептер, ал соңғы екеуі геометрия курсы бойынша алынып отыр. Бұндағы тапсырмалардың саны командадағы оқушы санына байланысты алынады, немесе оқушы саны тапсырмалар санынан аз болған жағдайда, бастапқы оқушылар (немесе команданың ұйғаруды бойынша) екінші рет жауап беруге шыға беруіне болады. Сонымен қатар мұндағы тапсырмалардың мазмұны эстафетаның қай кезде (тоқсан, ай) өткізіліп отырғанына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

8-сынып оқушылары арасындағы эстафетаға ұсынылатын тапсырмалардың үлгісі:

  1. Өрнекті көпмүше түрінде жаз: .
  2. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар: .
  3. Бөлшектерді қысқарт: .
  4. Есепте: .
  5. Түбірдің мәнін тап: .
  6. Теңдеудің түбірлерін тап .
  7. функциясының графигінің Ох осімен қиылысу нүктелерін (нүктелердің координаталарын) табыңдар.
  8. Теңсіздікті шеш: .
  9. Қабырғалары 5,6,7 сандарымен өрнектелген тік бұрышты үшбұрыш бола ма? Себебін көрсет.
  10. Тік төртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 2,5 есе үлкен, ал ауданы 250 см2. Тік төртбұрыштың қабырғаларын тап.

9-сыныпқа арналған эстафета материалдарының үлгісі:

  1. Есепте: .
  2. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жікте: .
  3. Теңдеулер жүйесін шеш:
  4. Теңсіздіктер жүйесін шеш:
  5. функциясының анықталу облысын тап.
  6. 17,21,25,… арифметикалық прогрессиясының оныншы мүшесін тап.
  7. Өрнектің мәнін тап: .
  8. Өрнектің мәнін тап: .
  9. Дұрыс үшбұрыштың қабырғасы 8 см. Оған сырттай сызылған шеңбердің радиусын тап.
  10. Шеңбердің ұзындығы 16 см. Осы шеңбермен шектелген дөңгелектің ауданын тап.

7-9 сынып оқушылары арасында өтетін математикалық эстафета тапсырмалары құрамына логикалық сұрақтар мен логикалық есептерді қосуға болады. Бұндай жағдайда жарысқа қатысушы оқушылардың қызығушылығы бұрынғыдан да арта түседі. Соның арқасында оқушылардың ізденіс ауқымы арта түседі.