«Көлік түрлері»

Күні, айы,жылы: 11.10.2018 ж

Білім беру саласы:  «Таным»

Бөлімі:  «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Көлік түрлері»

Мақсаты: Көлік түрлері  туралы білім беру.

Білімділік: Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсіл: түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ-жауап.

Қолданылатын құрал: Техникалық құрал-жабдықтар, көлік түрлері, бағдаршам, әр бір көліктер слайдпен көрсетіледі.

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі    Балалардың

     қызметі

Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Балалар шаттық шеңберін жасайды
Ұйымдастыру-щы ізденуші ─         Жарайсыңдар балалар, орындарымызға отырамыз!

─         Қазір жылдың қай мезгілі?

─         Өте жақсы, жарайсыңдар! Балалар күз мезгілін суреттейтін қандай тақпақтарды білеміз?

─         Балалар, сендердің бүгінгі тақырыптарың көлік түрлері болғандықтан мен сендерге жолда жүру ережелері жайында түсінік беруге келдім.

Бағдаршам туралы, бағдаршамның көздерін түсіндіреді, жолда жүру тәртібін үйретеді.

Балалар,сендерге бағдаршам ұнады ма және түсіндіңдер ме

Қазіргі танда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін көліктер.

Әуе көліктеріне ұшақ, тік ұшақ, зымыран, ал су көліктеріне кеме, қайық, жер көліктеріне машина, автобус, велосипед, мотоцикл т.б жатады. Жер көліктерінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Олар жүк тасымалдаушы, жолаушы тасымалдаушы, ауыр және жеңіл машиналар. Бұл көліктердің бәрін арнайы маман иелері жүргізеді. Ұшақты – ұшқыш, машинаны – жүргізуші, кемелерді – кеме капитаны басқарады.

Бұл көліктердің пайдасы – адамның еңбегін жеңілдетеді, алысты жақындатады.

─      Балалар, бүгінгі жаңа тақырыпқа сендер түсіндіндер ма?

Сергіту сәтті «Көлік»

 

1.      Көлік кетіп барады,

Жан – жағына қарады.

Бағдаршамда қызыл жанғанда,

Көлік тоқтап қалады.

 

Күз

 

 

Балалар бағдаршамның түстерін қайталайды.

 

–Иа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

–        иа

Рефлексивті коррекциялаушы Дидактикалық ойыны «Бұл қандай көліктер».

Мақсаты: ойыншық көліктердің ішінен суда, әуеде және жерде жүретін көліктерді ажырату. Балалар көліктерді үшке бөліп көрсетеді.

─         Балалар, көліктердің қандай пайдасы бар?

─         Ал зиянды жағын кім айтады?

─         Қоршаған ортаны қорғау үшін көшелерге не отырғызылады?

─         Балалар жауабы.

 

Педагогтың көмегімен көлік түрін ажыратады

–         Бар

 

–        Ағаш

Күтілетін нәтиже

Нені үйренеді: машина түрлерінің айырмашылығын айтады. Жолда жүру ережесін үйренеді.

Нені игерді: көліктердің қолданылуы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.

Нені менгерді: көліктерді топтастыра алады.