« Қош келдің ,Жаңа жыл!»

Алматы  облысы                                                                

Алакөл ауданы

Бескөл бекеті

МКҚК  «Василек» бөбекжай -балабақшасы

Жүргекбаева Гүлнар Омарқұлқызы

II санатты тәрбиеші

            

                      « Қош келдің ,Жаңа жыл!»

 

Мереке өтетін бөлме әсем безендірілген

Музыка әуенімен  залға балалар  кіріп,шыршаны айнала тұрады..

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар бүгінгі «Қош келдің ,жаңа жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Құттықтау  сөз  беріледі   балабақша меңгерушісі:  Заманбекова Қ.Қ

Жаңа жылдың  таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Қош келдің  жаңа жылым арайлы

                        Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Құтты болсын  ағайын

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Балаларды   ортаға

Ертеңгілік басталсын

(балалар  келіп шыршаны  айналып тұрады)

(музыка қосылады  сиқыршы  шыр айналып  кіреді.)

Сиқыршы-Дария:      Жаңа жыл келді

Азаймасын   ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа  жыл!

Тездетіп мұнда жиналыңдар

Басталады  жаңа жылдық  маскарад

Ортаға  карнавал иелерін  шақырайық

(ортаға  киім киінген  ата-аналар шығады)

   Сиқыршы- Дария:   Бәрекелді  ,жарайсыңдар  !  Қараңдаршы  айнала неткен  керемет,  әсем шыршамыздағы  ойыншықтардың  алуан түрлері бар екен Бәрімізде  әдемі  жаңа жылдық  киімдерімізді  киіп алдық Бірақ  шыршамыз  көңілсіз,  қане   менің  сиқырлы  таяғыммен  ,сендердің  әдемі  сөздеріңмен  шырша шамын  жағайық.

Бәрі:     Қуант ,бізді таңырқат

Шамдарыңды  жарқырат!  3 рет

(шырша шамы жанады, «Алақай»  қол  шапалақтайды)

Жүргізуші  :  Міне керемет  , қол ұстасып  шыршамызға арнап  ән айтайық

Ән:  «Шырша жыры»

Жүргізуші: Балалар  енді  шыршамызға арнап жаттаған тақпақтарымызды айтайық. Дамир :  Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

 

Адия:                                    Безендіріп  шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той-маскарад басталды

Аяз ата  оны басқарды

Жәнібек :          Бізбен  бірге  жайдары

Аяз  ата   жайнайды

Жарқырайды  шыршамыз,

Би  билейік  баршамыз.

Әдия:                                Әдемілеп  біз  ілген

Ойыншықтары   тізілген

Қандай   жақсы  шыршамыз

Ән  шырқайық   баршамыз

Раяна:              Өлең  де әзір, ән де әзір

Ойын да әзір бәрі әзір

Кел, жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл

 

Мансұр:                          Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршамызға шам іліп

Айшабибі:       Красота,красота

Наша елочка густа

Недостанем до мокушки

Вот какая  высота

Аяжан:                            Той мереке салтанат

Думандатып шартарап

Келді міне жаңа жыл

Тартуларын арқалап     

Жүргізуші:   Балалар   енді  біз  шыршамызға арнап  би билейік            

 

Би:    «Шыршалар»  билейтін  қыздар тобы

 

Клоундар:  Гүлнар М   Салтанат  (жүгіріп кіреді)

Клоун-  Салтанат :  ой балалар жаңа жылдық  шыршамыз  басталып кеткен бе?

Балалар  жаңа жылды бастамас бұрын ескі жаңа жылымызды шығарып салайық.

Ит жылы:    Балалар  мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым  енді  мен орнымды  доңызға берейін хош сау болыңдар балалар

Ит  жылы музыкамен билеп қоштасады.

 

Енді балалар бізге   жаңа  доңыз жылы келеді.

Ертегілер әуенімен    доңыз  жылы келеді.

 

Доңыз  жылы  Алмагүл :

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Құтты болсын  ,құтты болсын

Құтты болсын жаңа жыл

Сәлеметсіңдерме  балалар  мен  жаңа жыл доңызбын  енді  жыл бойы мен сендермен бірге боламын.

Жүргізуші:   Хош  келдіңіз  жаңа жыл !

Клоун  Гүлнар М  :   Қане  балалар   мен сендерге жұмбақ  жасырайын  сендер  шешуін табыңдар

        

Жұмбақ

       Қыста ғана болады

Ұстасаң  қолың тоңады.         (Қар)

Терезеге қонады

Әсем ою салады             (Қырау)

Тікен,тікен тік пісте

Қысы ,жазы бір түсте    (Шырша)

Ақ сақалды жылына

Бір-ақ рет келеді

Жаңа жылда балаларға

Сыйлық алып келеді             (Аяз Ата)

 

Клоун  -Салтанат :  Балалар  енді  жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық Ол орманда бізді таппай адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз Ата Ақшақар ! Аяз Ата,Ақшақар !

(Аяз атаның  орнына   аю  кіреді де)

Аю-Ақдидар:        Сәлеметсіңдерме  ,балалар  Жаңа  жылдарыңмен !

-Здравствуйте  дети  !С  новым годом

Мен  қысқы ұйқыда болатынмын  ,қатты айқай-шудан оянып кетіппін

Машаны  іздеп    осында ма деп келдім

Жүргізуші:    Мәссаған  ,балалар   бұл кім?

Балалар:  Аю

Жүргізуші:  Иә  сендер жақсы көретін  мультфилміндегі  Аю

Біз  аюды емес аяз атаны шақырдық қой

(осы кезде  таңырқап Маша кіреді)

Маша  -Айжан:   Керемет    ( таңырқап шыршаны айналады)

Аю-Ақдидар:   Әрең таптым ғой қасқыр жеп қойған шығар  деп едім ( машаны алып кетеді)

Жүргізуші:  Тоқтаңыздар кетпеңіздер  бізбен бірге болыңыздар

(Екеуі  қуанып балалардың жанына келеді)

                   

Жүргізуші:  Қане Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар:  Аяз Ата .Ақшақар  ау,ау

Музыкамен Аяз Ата Ақшақар кіреді.

Аяз ата Ақшақарды жетектеп кіреді

Аяз ата :   Асаулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың  сендерге

Шаршап келді алыстан

Балалармен сәлемдеседі

Аяз ата:       Амансыңдарма ,ұлдарым,

Қырмызы сұлу қыздарым.

Өздеріңді   сағындым,

Көп сыйлығым,жоралғым!

Құтты болсын балалар

Келген жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз,ұлдарың

  Ақшақар:                Сәлеметсіңдерме балалар,

Жаңа жылдарың құтты болсын

Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды

Ақшақармын арайлы

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін ,жырмын, тақпақпын

Ал келіңдер,келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер

Қош келдіңіз Аяз — Ата ,
Қарсы аламыз орын беріп .
Ән салыңыз бізбен бірге ,
Би билеңіз бізге еріп.
1-жүргізуші: Ортамыз нұрға толып,
Төрт құбыламыз түгел болды.

2-жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.

Қане, балалар енді  аяз атамызға  арнап  тақпақтар, ән айтып,би билейік

Ән:  «Аяз ата  сенде»

 

  Жүргізуші:  Балалар  енді аяз атаға арнаған тақпақтарымызды айтайық.

 

Кира:      Будем петь и веселиться

Хохотать и танцевать

Вместе Дедушку Мороза

Будем дружно мы встечат

Аяна:                               Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Аяз ата келеді

Құттықтауға біздерді.

Нұрай:         Кел балалар тақпақты

Тақылдатып айтайық

Аяз ата таң қалсын

Сыйлық алып қайтайық

Еркебұлан:                   Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамаз

Шаттанып,қуанып

Шырқап әнге саламыз

Томирис:      Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оранып

Айша  :                     Біздің Аяз атада

Дорба толы кәмпит бар

Біздің балабақшада

Шырша толы ойыншықтар

Полина:        Дед мороз,дед мороз

Деткам елочку принес

А над ней фонарики

Золотые шарики

Музыкамен аққала кіреді.

Қане, балалар   аққаламен бірге   би билейік

                          Би:  «Аяз Ата көңілді »

                   

Аяла :                           Новый год ,новый год

В гости  ёлочка придет

Дед мороз и зайки

Принесут подарки

Илияс:       Дед мороз, скорей приди

Нашу ё лочку зажги

Пусть горит огнями

Разными цветами

Әмір:                              Аяз ата тыңдаңыз

Тақпақ айтып берейік

Ортамызда шыршамыз

Ойнап бірге күлейік

Аяла:            Ақ қырауға малынып

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Томирис:                         Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Тақпақ айтқан балаларға

Сыйлықтарын беріп тұр

                        

     Жүргізуші:    Балалар  енді  аяз атамен  бірге   ойын ойнайық                     

                        

                        Ойын:  «Қатырмақ»

Би:   «Аңдар»

Әлтайыр:      Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

 Әлім :                            Қыс мезгілі көңілді

Аспаннан қар төгілді

Шанаменен ойнаймыз

Шаңғы теуіп зырлаймыз

Айшабибі:       Жаңа жыл ,жаңа жыл

Тамаша тойымыз

Алақай ,балақай

Өседі бойымыз

Аяжан:                        Ән саламыз би билеп

Жырдан шашу төгілді

Бүгін  бізде жаңа жыл

Қандай жақсы көңілді

Раяна:             Оралды өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқартау қарлы шың

Жүргізуші:   Балалар енді  біздің   ата-аналарымыз   Үйшік  ертегісін  сахналайды   бәріміз тамашалайық

                               Ертегі   «Бауырсақ »     

Ата -Жанар ,   Апа  –Райананың  мамасы  , Қоян-Сымбат , Қасқыр -Жанар  Нұрайдың  мамасы , Аю-Диана    Түлкі-   Динара

Жүргізуші:.    Балалар  Аяз ата мен Ақшақардың басқа баратын

жерлері көп екен

Аяз атамен  бірге  :  

                          Ән :  «Жаңа  жыл!»

Аяз атаның сыйлығы беріледі.

  Аяз ата:   Ал балалар бәрің өте өнерлі екенсіңдер

Біз бармаған қала бар

Біз бармаған дала бар

Соларға тез жетейік

Рұқсат болса кетейік

Аю:            Балалар Аяз-Ата мен Ақшақарға сау болыңыз деп

айтайық.

Маша:            Қандай жақсы біздің Аяз атамыз

Ол кеткенде терең ойға батамыз

Ақшақар боп қалықтаймыз аспанда

Құс жолымен ән сап бара жатамыз.

Аю  ,Маша::                  Тілейміз біз бар әлемге

Дос көп болсын жанашыр

Ән көп болсын !Нан көп болсын!

Құт әкелсін жаңа жыл!

                      Кел, билейік, зерікпейік

Төгілтейік  ән мен күй

Қол ұстасып дөңгелейік

Көтерейік көңіл күй

Сол кезде  маша  қораптағы  сыйлықтар тауып алады

Аю:  Маша бәрі саған емес ол барлық балаларға аяз атаның  сыйлығы

 

Сыйлықтар таратылады.