«Бәйшешек»

ҰОҚ конспектісі

Күні: 04.04.2019 жыл

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: «Бәйшешек»

Мақсаты:

Білімділік: Гүлдердің түрлерімен таныстыру. Гүлдердің түр – түстерін ажырата білуге баулу. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Түстер туралы ұғымын бекіту, түстердің атын білуге машықтандыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тілдік белсенділік қызметін арттыру. Гүлдердің түр–түстерін есте сақтау, қабылдау, ойлау сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке,мейірімділікке,ізгілікке,адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.

Қостілділік компонет: Гүлдер − цветы

Сөздік жұмыс: гүлдер, қызғалдақ, күнбағыс, раушангүл, түймедақ, лалагүл, бәйшешек, бақытгүл

Қызмет кезеңдері

 

Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық −

қозғаушылық

Ш.ш: Салем аспан

Салем жер

Салем балабақшам

Салем жер

Ұйымдастыру −

іздестіру

Түсіндіру, сұрақ−жауап:

−       Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

−       Иа. Көктем  мезгілі.

−       Көктем мезгілінде ауа – райы қандай болады?

−       Балалар біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде Гүл туралы өтеміз.

Гүл бізге не үшін керек?

Дұрыс айтасындар, гүл бізге таза ауа, айналамызға әсемдік береді

Гүлдер тірі табиғатқа жатады. Олар тамыры арқылы қоректенеді. Гүлдерді өсіру үшін топырақ, күннің көзі, су қажет. Гүлдер 3 – ке бөлінеді: дала гүлі, бақша гүлі және бөлме гүлдері.Ендіше балалар біз бөлме гүліне тәжірбие жасайық.

Тәжірибе: Біздің топта балалар ақша гүлі жоқ екен

қазір біз сол тамырланған гүлді ыдысқа отырғызайық.

Гүлге бірден суық су құюға болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет. Содан соң ғана суаруға болады. Анда санда жапырақтарына су бүркіп тұрған жөн. Себебі гүл шаңды жақтырмайды. Топырағында қопсытып отыруымыз керек. Ол тамырларына өте пайдалы. Тамырына тигізіп алмау керек, зақымдануы мүмкін. Тамыр топырақтың астында болады. Олар көрінбейді. Өсімдіктің су ішуіне көмектеседі. Тамыр дем алу үшін қопсытып тұруымыз қажет. Ыдысқа әуелі тастарды саламыз. Ыдыстың түбі тесік болады. Содан кейін топырақ саламыз. Тастар арқылы гүл дем ала алады. Топырақты шамалы ғана қазып, гүлді тамырын отырғызамыз.

Дала гүлдеріне бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ, жауқазын, бақбақ, т.с.с гүлдер жатады. Көктем мезгілінде ең алғаш шығатын гүл – бәйшешек гүлі. Бәйшешек гүлі қар еріген кезде шығады.Бәйшешек гүлінің суретін саламыз. Ол үшін біз су бояудың жасыл және ақ түстерін қолданамыз, мақталы таяқшамен көмегімен жасыл түсімен жапырғын, ал ақ түсімен бәйшешекті боямыз.

Сергіту сәті

Жайқалады  ағаштар

Бетімізге  жел  еседі,

Кіп- кішкентай  балалар,

Үп- үлкен  болып  өседі.

 

Рефлексиялық − түзетушілік Қорытындылау.

— Балалар бүгін бізде қандай іс – әрекет болды?

− біз бүгін қандай гүлдің суретін салдық?

−       Сендерге гүлдің суретін салған ұнады ма?

−       Тәжірбие ұнадыма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 07.03.2019 жыл

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: «8-наурыз»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ашық хаттар,олардың түрлері, жасау мазмұны туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-қиялын ,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке,мейірімділікке,ізгілікке,адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.

Қостілділік компонет: ашық хат − открытка

Сөздік жұмыс: ашық хат, мереке.

 

 

                                 «Балақай»