Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  Мағжан Жұмабаевтың  «Мен жастарға сенемін» әдеби поэзиялық кеші

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  Мағжан Жұмабаевтың  «Мен жастарға сенемін» әдеби поэзиялық кеші

Мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы,поэзия әлеміндегі алатын орны.Ақынның қуатты өлеңдері арқылы жастардың жүрегіне от беретін үнді әуен қалдыру.  

Өткізген: Аманбаева Ж.К.

Сыныптар: 5-10

1 жүргізуші: Бойын кернеп бұлықсыған бұла жыр,
Байтақ елдің жоғын жоқтап шығар ұл,
Жұмабайдың Мағжаны деп табын да,
Ұлы Абайдың жұрнағы деп ұға біл!

1 — жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!Рухани жаңғыру аясында бүгінгі ұлы күн бүкіл елімізге әйгілі ақын, атақты азамат, белгілі педагог – Мағжан Жұмабаевқа арналады.
2 — жүргізуші: Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған
« Мен жастарға сенемін» атты айдарымен өтетін әдеби-поэзиялық  кешімізге « Қош келдіңіздер!»
1 — жүргізуші: Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында — ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.

Деректі фильмнен үзінді(Мағжан жұмабаев туралы естеліктер

1 жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің тақырыбы «Мен жастарға сенемін»  деп аталуының мәні неде деп ойлайсың?

2 жүргізуші: Әбу Насыр Әл фарабиден бір әмірші өз елінің болашағы туралы сұрағанда; —  «Сен алдымен жастарыңды көрсет, сонда сонда мемлекетіңнің болашағын болжау қиынға соқпайды» деген екен. Расымен де қай кезеңде болмасын болашақтың қожасы жастар ғой. Мағжан жырлағандай Арыстандай айбатты , жолбарыстай қайратты жігерлі қыз жігіттер елдің ертеңі, мемлекеттің тірегі.

1 жүргізуші:  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялауы тегін емес екен ғой.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте — бұлт, жерде — желмін гулеген,
Жер еркесі — желдің жөнін кім сұрар?

Көкте — Күнмін, көпке нұрым шашамын,
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,
Ерігемін — толқып, шалқып, тасамын.

Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың.
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын
2 — жүргізуші: «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов:
1 — жүргізуші: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.
2 — жүргізуші: Иә, ЖүсіпбекАймауытов сөзімен айтсақ, “Мағжан сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”

 «Мен кім?»

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте — бұлт, жерде — желмін гулеген,
Жер еркесі — желдің жөнін кім сұрар?

Көкте — Күнмін, көпке нұрым шашамын,
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,
Ерігемін — толқып, шалқып, тасамын.

Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың.
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын

 

1 — жүргізуші: Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты — біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай — күйіне тәуелді.
Сонымен сіздердің назарларыңызға, «Ана», «анама», « Сүйемін» өлеңдері.

(Оқитындар: 6 сынып оқушылары Орынгали Айгерим, Когай Анеля., Саша.,Нұрсұлтан)

2 — жүргізуші:
«Сарыарқа» күйі. Орындайтын : -Туменов Даулет

1 — жүргізуші: Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып, әлемнің жартысын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік” деп жар салады.
2- жүргізуші:Давлетова Алинаның «Түркістан» өлеңі.

Слайд «Түркістан» туралы

 

1 — жүргізуші: Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған қазақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады. Бұл тұрғыдан келгенде, «Батыр Баян» поэмасының маңызы ерекше

«Батыр баянның жазылуы туралы естелік» деректі фильмнен үзінді.

2 — жүргізуші: Ақын атамыз егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға — ол жастар екенін ескеріп, «Мен жастарға сенемін» өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын аңғартады.
5 класс оқушылары «Мен жастарға сенемін»

1 — жүргізуші: «Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ардақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті»
6 а класс оқушысы Жармұхамбет Айгерімнің оқуында «Қазақ тілі» өлеңі.

2 — жүргізуші: Ақын жаратылыстың сұлу заттары, яки өнерінің тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз… адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады”
9б- сынып оқушысы Костырев Алексей «Сүй, жан сәулем.»» өлеңі.

1 — жүргізуші: Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан Жұмабаевтың өмірлік мұраты. Жас ұрпаққа арналған “Педагогика” оқулығында ол: “Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді” әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді.
Балмагамбетова Бақыттың оқуында «Алдамшы өмір» өлеңі.

2- жүргізуші: Ақын өлеңдерінде бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние алмасып, аласапыран болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздік күнінің жақындағанын сезеді. Әйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі үміті басымырақ көңіл күйде жазылған Мағжан өлеңдерінің бірі – «Сағындым». Өлең абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді.
Кубашев А «Сағындым» өлеңі

М.Жұмабаевтың жұбайынайтқан естеліктер.(деректі фильмнен үзінді.)

1 — жүргізуші: «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу — маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп — жұмыр жауһар дүние»
2 — жүргізуші: Алдарыңызда Мағжан поэзиясының табынушылары.

Акежан., Бауыржан., — «Туған жерім -Сасықкөл» өлеңі
6 сынып оқушысы Орынғали А «Қарағым» өлеңі
8а сынып оқушысы Түлкибаева А «Өмір» өлеңі

жүргізуші: Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары қояды.«Бәрінен де сен сұлу» , «Туған жер»өлеңі өзіндік халық арасына кең таралған. Біреулер бұл әннің авторы Мағжан екенін біліп, біреулер білмей жаттап өсті.

«Туған жер» әні қабыл алыңыздар.

2 — жүргізуші:

1 — жүргізуші: Құрметті, әдебиет сүйер қауым, ХХ ғасырдың алып тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған « Мен жастарға сенемін» атты әдеби кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кешімізде кездескенше сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-жүргізуші: Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған қазақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Бұл тұрғыдан келгенде, «Батыр Баян» поэмасының маңызы ерекше.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар назарларыңызды бейнемәтінге аударайық!

«Батыр Баян» поэмасынан үзінді көрсетіледі.

2-жүргізуші: Реалистік негізде жазылған бұл поэма Мағжан поэзясының биік асқар тауы болып табылады. Ендеше оқушыларымыздың дайындаған «Батыр Баян» поэмасының үзіндісінен сахналық қойылым.

Көрініс. (Жігер күйі баяу орындалып тұрады.)

Рөлдерде: Батыр Баян – 10-сынып оқушысы Қияқов Ислам

Қалмақ қызы –Лағда- 8-сынып оқушысы Елдана

Баян батырдың інісі – Ноян — 8-сынып оқушысы Бектұрсынов Рамазан

Баянның әйелі – 10-сынып оқушысы Сағын Мерей

Автор: Ол күндер аз қазақ пен қалың қалмақ,

Қыранмен қара құстай алысқан шақ.

Баласы алты алаштың, Абылайдың

Астында ақ туының табысқан шақ.

Қазақтың батырлары бәрі қыран

Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап.

Жауының бір жорықта бір сұлуын

Ер Баян алып қайтқан артына сап

Баянның алып қайтқан сол сұлуы-

Балдырған бөбек дерлік, 14 жаста –ақ

Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап»

Баянда жан қоймаған жандырмаған

Сонда да сыр шығармай батыр Баян

Баянның батырлығы алашқа аян

Баянның інісі бар 15 жаста

Бөрінің бөлтірігі бала Ноян

  1. Жас Ноян қызды көріп от боп кетті

Көздері қызыл жалын шоқ боп кетт

Жер мен көк, ай, жұлдызды тұман басып,

Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті.

Ноян: Қарағым, Батыр ескі маған аманат қып кетті. –жүр, ойнап – күліп қаламыз!

Қыз: (жылап тұрып күлімдеді)

Ноян бауырым, мен саған сенем, не десең де көнем, жаным саған садаға….(күледі)

Қыз: (қылымсып) — Ноян батыр, қалауым бар, Адасқан аққу құстай мен бір пақыр

Арқаның аруы боп жүрсем – дағы

Алыста туған, өлкем жерім жатыр

Барқыт бел, қашқан қалмақ қалсын адыра

Ата –анам, айым менен күнім жатыр

Сағындым (жылайды)

Ноян: (бауырына қысып) жылама, жыламашы, не істейміз?, жыламашы!

Қыз: жүр, біздің елге бір барып бата алып қайтайық! Қазақ – қалмақ қаны бір ел едік қой, саған да туған жұрттай болады.

Ноян: Жарайды, даярмын.

(уәделесіп кетеді де екеуі қол ұстасып кетіп қалды)

Баян батыр ауылы. (Ақсақ құлан күйі )

Кемпір: Ойбай, Баян айым, бір әйел. Масқара іс болды, ана.. ана.. сайқал…Ноянды алып қашып кетіпті, қалмақ қар қыз! (Баян ұшып, тұрып көйлекшең)

Баян: Жарайды.. Барыңыз, бар, ойланармыз.. (ашулы кейіпте)

Автор: Ақыры ашу ерді билеп кетті. Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді, өлді ақыл. Атып тұрып батыр Баян . Боз үйден ақ жыландай шыға келді.

Баян: (ашу қысып, қолына садағын алып, көйлекщең, ой, антұрған сатқын, сазайыңды берейін… шығып кетеді)

(Қайғылы күй орындалады)

Автор: Алыстан екі қара көрді Баян,

Кілегей қара бұлттай төнді Баян.
Қыз түгіл қаны бірге өз бауырын,

Танымай қалғандай да болды Баян.

(Аттың дүбірлеген дауысы)

Баян: Ой, сұмырай, сатқын еліңді қалмаққа айырбастап барасың ба, бір қаншық үшін…сазайыңды берейін…! ( беліндегі садағын алып атуға көздейді.

Ноян: (қарап жүріп күліп келеді) «Жан, көке!», Қыз: «Баян аға»

(Баян ешнәрсе естімей, садақтың бір оғын Ноянға тартып жіберді) екі рет тағы бір оқты қызға тартты, екеуі де бірінің – үстіне бірі құлап түсті.

Баян: (есінен танып тұрып қалды. Жаңбыр құйып кетеді, жылап- еңіреп жүріп кеуін бірге көмеді.) –Уһ, уһ! (екеуін құшақап кезек – кезек сүйіп, қоштасады)

-Мұның не? (күбірлейді)

Қайран елім, Уақ, мына ісімді немен жабам, өз күшігін жеген бөрі болдым ғой. (жылайды)

Баян: қарабет болдым Алаш баласына ,

Ер дер ме, енді мені Абылай данам.

Жоқ.. жоқ әлде өлтірдім бе

Інімді алты Алаштың намысы үшін. (Ары –бері жылап жүгіреді)

Баян: Дариға, жұбанамын, жел ойменен

Тартындым сұм садақты бұл ойменен

Тандырған мені есімнен ғашықтық қой,

Бір тынбай сұр жыландай жаным жеген

Өз бауыры, өз сүйгенін өзі өлтірген.

Болар ма, сірә, сорлы адам менен,

Алдымда «Көкежан!»деп күліп тұрған

Садаға кетпедім ғой, қозым, сенен,

Ел беті енді маған сорлы арам

Алашым, аттанамын, жауыңда өлем! (Адай күйі орындалады)

2 — жүргізуші: Рымғали Нұрғалидың сөзімен айтсақ: «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу — маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, ғашықтық стихиясының сан алуан тылсым, жұмбақ күйлерін шерткен, терең ақындық шабыттан толқып туған, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ішкі мазмұны мен түр кестесі жымдаса ұласқан, ықшам, жинақы, жұп — жұмыр жауһар дүние»
1-жүргізуші: Алдарыңызда ақынның ізбасарлары, ақынға арнау өлеңдерімен сахна төріне шақырамыз.

1.Аудандық, Облыстық «Мағжан оқулары» жеңімпазы 10-сынып оқушысы Есназаров Заманбек

  1. Мәнерлеп оқу сайысының жүлдегері, өлеңдері баспа бетінде жарияланып жүрген,Фариза Оңғарсынованың ізбасары7-сынып оқушысы Нұрберген Альбина
  2. Ақиық ақын Мұқағалидай ақынның ізін жалғастырушы 8-сынып оқушысы Алламбергенов Әділбек
  3. Әдебиет майданына әдемі қанат жайып келе жатқан жастарымыздың бірі 9-сынып оқушысы Байходжаева Гулжайна
  4. Өлеңдерімен көпшілікті тәнті етіп жүрген 10 сынып оқушысы Абыл Жайна

6.Кеше ғана өзінің шығармашылық кешін өткізген, « ______________» атты кітабы жарық көрген ____________ақыннан бата алған Алпамысов Азамат

2-жүргізуші: Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың ақындық,педагогтік, ғалымдық қырларына қоса ән де шығарғандығын біреуіміз білсек, біреуіміз білмеспіз. Қай кезеңде де тыңдаған жанды, шымырлаған нәзік иіріммен бірден баурап әкететін «Дайдидау» әні ақынның төл туындысы. Талай жарыстарда жүлделі орындарды қанжығасына байлатқан «Дайдидау» әні қазір біздің сахнамызда да орындалады.

«Дайдидау» әні Ортаға мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Избергенов Қанат

1 — жүргізуші: «Тау алыстаған сайын айқындала береді» дегендей, араға жылдар салып, «Кейде айбынды асқақ сөз айтқан» , кейде «жүректі қытықтап тереңнен суырған, ғажайып сыршыл ақын Мағжанды еске алғанда оның әсемдік әлемін айғақтаған сұлу жырларының, Мұхтар Әуезовше айтқанда «Жарқыраған әшекей» екендігіне қазақ поэзиясының нәрлісі, ең бір сәулелісі екендігіне көзіміз жете түсері хақ.

2-жүргізуші: Міне, ақын өлеңдерінен бастау алған жас ақындар өз ойларынан шыққан жыр шумақтарын нақышына келтіріп оқып жатыр, әрине бүгінгі күн өрелі сөздер мен талғамды идеяға толы шумақтар болғанын да айта кету керек.

1 — жүргізуші: Осымен қазақтың асыл перзенті, алты Алаштың ардақтысы -Мағжан Жұмабаевтың 125 жасқа толуына арналған әдеби кешіміз өз мәресіне жетті.

2-жүргізуші: Жас ақындарымыздың өнері шыңдала берсін, биіктерден көріне беріңіздер. Мерекенің өтуіне атсалысқан барлықтарыңызға ризашылығымызды білдіреміз! Сау саламатта болыңыздар!