С.Мұқанов «Лашын» әңгімесі

Қазақ әдебиеті Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы С.Мұқанов «Лашын» әңгімесі
Сабақтың жабдығы Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Жалпы мақсаттар Білімділік мәні: Оқушыларға қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығын таныту.Өмібаяндық шығармасы “Өмір мектебі “романынан алынған үзіндідегі хазақтың саятшылық жайлы ой-пікірін,  ұлттық  дәстүрді  насихаттау

Тәрбиелік мәні:Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, адамгершілікке баулу, қазақтың ұлттық құсбегңлік өнерін дәріптеу

Дамытушылық мәні: Жеке тұлғаны  шығармашылықпен  жұмыс жасауға өз ойын еркін жеткізе білуге ,ерік –сезімін дамытуға,тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеп , дамыту

Түрі: Шығармашылық  сабақ

Әдісі :Сын тұрғысынан ойлау,еркін жазу,сұрақ –жауап,әңгімелесу.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих, қазақ тілі, әдебиет теориясы.

Көрнекілігі:флипчарт ,сызбалар,сөзжұмбақ,суреттер,шығармалар ,бейне фильмдер 

Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 — топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 — топ, көктем айындағылар 3 — топ, жаз айындағылар 4 — топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап…

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап…

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла…

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге…

Балалар: Сәлем!

Үй тапсырмасын сұрау Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру,бағалау
Мағынаны тану

 

         Білім көкжиегі (оқулықпен жұмыс)

І топ

Мәтіннен Ахметтің портретін тауып оқы

ІІ топ

Лашын құсты суреттеген жерін тауып оқы

ІІІ топ

Дабыл аспабы жайлы деректі тауып оқы

Таным дерек: Дабыл аспабы жайлы

Этнография деп халықтың байырғы тұрмыс-салтын зерттейтін саланы айтады.

Этнографиялық бұйым немесе құрал деп байырғы тұрмыс-салтта қолданылған заттарды айтады. Мысалы: дабыл- этнографиялық құрал. Өйткені ертеде халық оны аңшылықта қолданған.

Зердеңе тоқы! Мәтінмен жұмыс

Шығармада

кездесетін

өлең жолдар

Шығармадағы

құс атаулары

Теңеу сөздер Тұрақты тіркестер Эпитеттер Ахмет құс салуға шығатын кезең
           

Керекті сөздер: Жарау ат  ,Құлақ естір жерде жоқ ,   Қыран құс қисық ұшып,түзу ілер  ,сүңгуір қайықтай, өткірлігі ұстарадай, Қаз, Шабдан мұртты, Құс салып, айдын көлді дабылдаттым ,Лашын, Дуадақ, Таңату мен  көтерілуінің арасы ,Күннің еңкеюі мен батуының арасы ,Айдын көл,

Көз көрім жер, Үйрек

“Құс аулау”  ойыны

1- топ Үйректер сұрағына      10   20   30

2- топ Қаздар  сұрағына          10   20   30

3 -топ   Дуадақтар сұрағына   10  20   30  ұпайларын таңдау арқылы жауап берді .

Сауалдары:

1- топ Үйректер сұрағы       10  С.Мұқанов кім?

Үйректер сұрағы       20   Аңшы құстарды ата ?

Үйректер сұрағы       30 Дабыл деген не?

2- топ Қаздар  сұрағы   10   Ахмет қазақ халқының қандай кәсібімен айналысады?

Қаздар  сұрағы  20 Құстар жайлы мақал-мәтелдер айтыңыз

Қаздар  сұрағы 30 Құстарда жауынан қорғану үшін қандай сезім мұшелері жақсы дамыған?

3 -топ   Дуадақтар сұрағы 10    Ахметтің лашыны неше түлекте?

Дуадақтар сұрағы  20   Ахмет құс аулауға неге шілдеден кейін шығады?

Дуадақтар сұрағы 30Құстың отқа шығар кезі қай кез?

Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс РАФТ стратегиясы

І топ

Роль  -Оқушы бала

Аудитория -Сынып бөлмесі

Форма        —    Хат

Тақырып- Лашын- саят  құсы

ІІ топ

Роль  -Құсбегі

Аудитория -оқушылар

Форма        —    үндеу

Тақырып Саят құстарын  қорғаңдар !

ІІІ топ

Роль  -Жазушы

Аудитория -оқушылар

Форма — ертегі

Үй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Бағалау парақшаларын тарату Парақшаларды толтырады
Кері байланыс