«Қара індет» не себепті  жылдам таралды?

Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Ж.Нұрлыбаев атындағы жом
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Э.Жаманқараева
Сынып: 6 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 
Сабақ тақырыбы «Қара індет» не себепті  жылдам таралды?    
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.4.1 — адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру
Сабақ мақсаттары «Қара індет»  Еуропа мен әлемнің жағдайына қалай әсер еткенін анықтау
Бағалау  критерийлері

 

 

 

 

 

Эпидемиялық аурулардың, соның ішінде оба ауруының таралу қаупін түсінеді

Обаның таралудың алдын алу мәселесін рөлдік ойындар арқылы шешу жолдарын іздейді

Еуропада және әлемде оба індетін тарататын елеулі теріс зардаптарды анықтайды (кем дегенде 3).

«Қара індет» терминінің мағынасы мен мағынасын түсінеді;

 

Тілдік  мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

 

Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық  пен  шындықты дамыту
Пәнаралық байланыстар География
АКТ қолдану дағдылары Сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.
Бастапқы білім

 

Оқушыларда ислам діні туралы жалпылама білімдері болуы мүмкін.

 

Сабақ барысы

 

  Сабақ барысыі, уақыт Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар  
  Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі  

 

1.  Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

 

Оқу құралдары

 

 

 
  Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

2-5

  Мұғалім оқушыларға XIV ғасырдағы Еуропада оба індетіне қатысты сурет көрсетеді. Неге мұндай жағдай Еуропада пайда болды?

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

 

Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:

1. Орта ғасырдағы адамдардың ауру туралы пікірлерін сипаттау;

2. Еуропадағы оба ауруларының себептері бар карточкаларды жасау;

3. «Обаны қалайша алдын алуға болады?» атты кітапшасын дайындау;

4. Сабақты қорытындылау.

 

 

Презентация

 

 

 
  Сабақтың ортасы

Жұптық жұмыс түрі

 

Зерттеу жұмысы

 

5-15

 

 

 

 

 

 Мұғалім ортағасырдағы тұрғындардың «Қара індет» себептері мен емдеу жолдары туралы көзқарастарын сәйкестендіреді.

 

«Қара індет» себептері Емдеу жолдары
1.      Құдайдың күналар үшін жазалауы А. Науқастарды отұа жағу
2.      Марс пен Венераның соқтығысуыныі салдарынан ауаның ластануы В. Босқындар мен көпестерді карантинге жабу
3.      Науқастармен байланыс С. Қасиетті орындарға қажылық жасау
4.Батпақтардан, адамдар мен жануарлардың мәйіттерінен булануы Д. Үйлерді, көшелерді розмаринмен аластау
Е. Өзін-өзі жазалау
5.Еврейлер христиандарды уландыру үшін құдықтарды уландырды F.Өліктердің киімдерін отқа жағу
G.Діни дұғаларды оқу

Сұрақты талқылау:

Сіздің ойыңызша, осы әдістердің қайсысы тиімді бола алады? Неліктен?

Дескрипторлар:

Ортағасырлық тұрғындардың «Қара індет» себептері мен емдеу жолдарын сәйкестендіреді;

Емдеу тиімділігі туралы қорытынды жасайды.

Мұғалім ауру туралы қысқаша ақпарат береді, аурудың таралу картасын көрсетіп, аурудың қоздырғыштарын, ауру белгілерін, ортағасырлық профилактикалық шараларды, оба дәрігері жайлы ақпарат береді.

 Жұптар «Еуропадағы оба себептері» деген мәтінді оқып танысады. Мұғалім оқушыларға алдын-ала дайындаған бос карточкаларды таратып, келесі тапсырма орындауды сұрайды:

1. Еуропадағы «Қара індет» себептердің тізімін жасау;

2. Аурудың себептерін әлеуметтік, экономикалық, саяси себептеріне қарай жіктеу;

3. аурудың себептерін маңыздылық дәрежесіне қарау орналастыру.

Дескрипторлар:

Еуропадағы «Қара індет» себептердің тізімін жасайды;

әлеуметтік, экономикалық, саяси себептерді анықтайды.

аурудың себептерін маңыздылық дәрежесіне қарай орналастырады.

 

Оқушылардың назарына «Оба дәрігері» бейнебаяны ұсынылады. Оқушылар төменде берілген тапсырманы орындайды:

1. Ортағасырлық дәрігерлердің негізгі қателіктерін анықтау;

2. Дәрігер қабылдаған әдістер тізімін жазу;

3. «Обадан қалайша алдын-алуға болады?» атты кітапшасын дайындау.

Дескрипторлар:

Ортағасырлық дәрігерлердің кем дегенде5 қателіктерін анықтайды.

Дәрігер қабылдаған әдістер тізімін жазады;

Кітапшада ауру бойынша негізгі ақпаратты сипаттайды.

 

 

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация, дидактикалық материал: «Еуропадағы оба себептері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнебаян: «Оба дәрігері»

А4 форматтағы қағаздар, маркерлер

 

 
  Сабақтың соңы

 

Рефлексия және үй тапсырмасы

40

  мұғалім оқушыларға «Қара індеттің» таралу аймағы мен деңгейі жоғары болды» деген тұжырыммен келісесіз бе?

Көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

Жауапты шағын эссе ретінде қорғаңыз:

 

 

Презентация

 

 
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлерін ескере отырып, білім туралы ақпаратты пайдаланады. Жұптасып жұмыс істеу кезінде қабілетті оқушылар әлсіз оқушыларға қолдау көрсетіп, әлсіз оқушыны мұғалім де қолдайды. Бейне баяндыі көріп, кескін картасында жұмыс жасағанда,  қабілеті жоғары оқушылар бірінші, екінші, үшінші және төртінші крест жорықтарының бағыттарын жылдам анықтайды. Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

6.2.4.1 — адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру

Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде  бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта  жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.