Тұқым салатын қағаз қапшық жасап үйрену

Сабақ жоспары

Апта: Күні: Сабақ: Қол еңбегі
Сабақтың тақырыбы: Тұқым салатын қағаз қапшық жасап үйрену
Жалпы мақсаты:

 

Шаршы пішінді қағазбен жұмыс жасауға үйретуді жалғастырып, өз жұмыстарын суреттермен әшекейлеуге дағдыландыру.
Оқу  нәтижесі: Шаршы пішінді қағазбен жұмыс жасауға үйреніп, өз жұмыстарын суреттермен әшекейлеуге дағдыланады.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
Мұғалімнің іс-әрекеті Уақыты Оқушының іс-әрекеті
Сергіту сәті. Балалар дөңгелене тұрып алдымен бірбірімен, содан кейін мұғаліммен амандасады. Содан соң мына өлең жолдарын айтады.
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста,
Деміңді ішке тез ал да,
Оң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
Әңгімелеу

-Қазір мен сендерге қызықты бір оқиғаны айтып беремін. Бұл күзде болған еді. Айгүл анасы және әкесімен бірге паркке қыдыруға барды. Паркте әртүрлі көп гүлдер өсіп тұрған. Олар гүлдеп болыпты. Айгүл анасына осындай әдемі гүлдердің тұқымын жинап беруді өтінді. Бірақ бұл тұқымдарды салатын ешнәрсе жоқ еді. Гүл алаңының қасында газет сататын дүңгіршек тұрған. Ол жерде газет-журналдар және сурет салуға арналған альбомдар сатылатын. Анасы альбом сатып алды да, олар бәрі бірге тұқым салатын қалта жасауды ұйғарды. Оны жасау қиын емес болатын. Бірнеше қалта жасалды. Айгүл анасымен қалталарға гүлдің тұқымын жинап сала бастады. Жинап болғаннан кейін одан әрі серуендеуге кетті. Көктем келгенде олар сол тұқымдарды жүйектерге себеді. Сонда Айгүлдің үйінің қасында да гүл алаңы болады.

Сергіту сәті.
-Балалар, біз де тұқым салатын қалта жасап үйренейік. Тұқымды жинадық, бірақ салатын ешнәрсе жоқ.

Жасалу  жолдарын көрсету.

Балаларға көрсету арқылы олар тапсырманы орындайды.

«Қағаз қапшық» жасалу жолы.

Ақ түсті шаршы қағаз алғызу (қалың қағаз болу керек).

1. Үшбұрыштап бүктеу.

2.Үшбұрыштың сүйір бұрышын қарсы жағына бүктеу.

3.Жоғарғы тік бұрыштарының бірін төмен бүктеу.

4. Қалтаны әр түсті етіп, түрлі суреттермен әшекейлеу.

Қорытынды:
Балалар біз не жасадық?
Қалтаны қалай жасауға болады екен?
Сендерге қалта жасаған ұнады ма?

Өздерінің жасаған бұйымдарымен ойын ұйымдастырылады.

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

3 мин

 

Сергіту сәті. Балалар дөңгелене тұрып алдымен бірбірімен, содан кейін мұғаліммен амандасады.
Балалардың жауаптары.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
-Өз ойларынан қосып, бөліктерді толықтырып, жүк машинасын талапқа сай құрастырған еңбектер мадақталып, ерекше аталып өтеді.

Қорытынды.
Отырамын рөлде, Сенімен тасимын,

Моторым, гүрілде. Көмір мен тасыңды.

Ойыншығым — машинам, Таудай ғып артамын,

Тарт алға асыға. Бидай мен арпанды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөздер және жабдықтар: Құрастыру. Қол еңбегі. Әліппе дәптері. Авторлары: Ф. Н. Жұмабекова, А. А Ойшыбаева Алматыкітап баспасы 2014 ж. Шаршы пішінді ақ түсті қалың қағаз (20х20), түсті қарындаштар немесе фломастер, әліппе-дәптері.
Үй тапсырма беру:  
Сабақты бағалау:

Ынталандыру.