Түбір мен қосымша

Сабақтың тақырыбы:

Түбір мен қосымша

Мұғалімнің аты-жөні: Досқанаева М

Күні: 23.01.2019ж

СЫНЫП: 2 «Ә»

 

Қатысқан оқушылар саны: 24

 

Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2.1.2.1 — мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.2.4.1 — мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету

2.4.2.1 – мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату

Сабақ нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, интерактивті тақта, бейнежазбалар, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар , қалыптастырушы бағалау парақшалары
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс Дене шынықтыру, дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Денің сау болсын десең,

Ұзақ өмір сүргің келсе,

Жаңа достар тапқың келсе

Көңілім сергек болсын десең,

Зиянды әдеттен аулақ болғың келсе,

Арманыңа жеткің келсе,

Таза болам десең

Өнерлі болғың келсе

Салауатты ғұмыр кешем десең,

Өз еркіңе тоқтау салып,спортпен шұғылдан!

Топқа бөлемін :  Түбір сөз бен қосымша арқылы топқа бөлінеміз.

1– топ: «Хоккейшілер».

2 – топ: «Шахматшылар»

3 – топ: «Жүзгіштер»

«Шаңғы табаны» әдісі топ басшылары сұрақ таңдайды

1-топ: 36-жаттығуды оқиды, шешуіндегі сөзді сөз құрамына талдайды.

2-топ: Түбір мен қосымшаның ережесін айтады.

3-топ: Мысал келтіріп, сөз құрамына ауызша талдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топқа бөлуге арналған сөздер

Жаңа білім

7 минут

 

 

 

 

Білу және түсіну

«Болашаққа бағдар: рухану жаңғыру» символы көрсетіледі.

Рухани жаңғыруды қалай түсінеміз?

-Еліміздің дамуы

-Әр адамның биікке жетуі

-Ұлттық салт дәстүріміздің сақталуы

-Отандық білімнің ,ғылымның ,мәдениеттің дамуы

-Әлемнің 30 елінің қатарына қосылу

— Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухану жаңғыру» атты мақаласында «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу» деген болатын.

Біз бүгінгі сабағымызда сол ұлттық кодты ашу арқылы тапсырмаларды дұрыс орындауымыз қажет.

Топ 1 ұлттық кодты ашса 1 ұпай боп саналады

2) 38-жаттығу. «Пайдалы» өлеңінің авторы туралы тоқталу

Есентай Ерботин туралы түсінік беру

Е.Ерботин — 1940 жылы Павлодар облысыБаянауыл ауданында туған. Қарағанды мемлекеттік пединститутын бітірген

1959 жылы республикалық «Балдырған» журналында балаларға арналған сықақ өлеңі жарық көрді «Өрнек» атты алғашқы өлеңдер жинағы (1975), «Өнеге» (1977), «Серік пен Берік» (1981), «Менің досым» (1984), «Балалар бала болғанда», (1987), «Далаға саяхат» (1991) атты кітаптары жарық көрді.[1]

«Пайдалы» өлеңі 1 топ

1-топтан бір оқушы шығып, өлеңді мәнерлеп оқиды.

Жүзің сөзінің түбірі мен қосымшасын табады.

Жүзің сөзіне сөйлем құрайды.

2-топтың оқушылары неліктен «Пайдалы» деп аталатынын дәлелдейді. Пайдалы сөзінің түбірі мен қосымшасын табады

Жаяу жүру — тегін әрі пайдалы

Көңіл-күйіңізді көтереді Салмағыңызды бір қалыпта ұстауға көмектеседі

3-топтың оқушылары өлеңнің мазмұнына қарама-қарсы пікір айтады. Аймағы деген сөздің түбірі мен қосымшасын табады

Түбірі аймақ

Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: аймақ –аймағы

Қарама қарсы пікір

Өз көлігіңмен жүрген жақсы.Кез-келген жерге тоқтайсың.

Ұшақпен ұшуды ұнатамыз ,өйткені баратын жеріңе тез жетесің..

1 – ұлттық код: «Туған жер»

 

Оқулық,

суреттер

Ортасы

10 минут

 

 

 

Қолдану

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

39 — жаттығу. « Қосымша жалға да ,жаз »әдісі

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, мәтінді көшіріп жазады.

Мектепте шахмат үйірмесі бар. Біз сол үйірмеге қатысамыз. Біз шахматтан болған жарыста бірінші орын алдық.

2 – ұлттық код: «Ұлттық салт – дәстүр»

40 — жаттығу. «Ойлан тап»

1– топ оқушылары бұлттардағы буындар мен сөздерден жұмбақ құрайды,

2 – топтан бір оқушы тақтаға шығып жазады.

3 – топтың оқушылары шешуін тауып, сөз құрамына талдайды.

Айдын суда жалтыр,

Құлаштап жүзіп малтыр. ( жүзгіш)

Олимпиада чемпионы Д. Баландин туралы суретін көрсету.

3 – ұлттық код: «Туған ел»

 

Оқулық,

дәптерлер

 

 

 

 

 

слайдтар

Сергіту сәті

2 минут

Өлең жолдары арқылы қимылдар жасау.  
Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Талдау

41 – жаттығу .

1 – топ: мәтінді оқиды.

3 – топ: көл мен көлшік сөздерінің мағынасы жағынан айырмасын айтады.

Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар.

Көлшік – көлемі жағынан көлден кіші, жаңбыр мен қардың еруінен сай жерге судың жиналуы.

2 – топ: көл мен көлшік сөздерін сөз құрамына талдайды.

4 – ұлттық код: «Туған тіл»

Жинақтау

42-жатттығу Жұптық жұмыс  «Ішіне сыртына» әдісі бойынша

Түбір сөз бен қосымша сөзді ажырату

Берілген сөздерден түбір сөздер мен қосымшалы сөздерді ажырату (түбір сөздерді шеңбердің ішіне, қосымшалы сөздерді шеңбердің сыртына жазу).Сөздер тізбегі: тау, теңіз, су,үлкен,жуан

Оқулық,

слайд,

Бағалау

3 минут

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

Қалыптастырушы бағалау парағы таратылады. Балалар ондағы тапсырмаларды орындайды.

Оқушының аты-жөні:

Сұрақтар Иә Жоқ
1 Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз дейді    
2 Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейді    
3 Самат теннис үйірмесіне барады .

Қарамен жазылған сөз қосымша ма?

   
4 Боксшы ,футболшы,қорғаушы сөздеріндегі түбір сөзге жалғанған қосымша жұрнақ па?    
5 Жарыс,шаңғы, хокеей,шана сөздері қосымша ма?    
6 Спортшы,палуандар,дойбышы,баскетболшы сөздеріне қосымша жалғанған ба?    

 

Әр топ өздерінің жинаған асықтарын санайды. Қай топта асық көп болса, сол топ жеңгені.

Рефлексия

жасыл доп  Түсіндім

сары доп     Әлі де түсінбедім

қызыл доп   мүлде түсінбедім

 

Қалыптастырушы бағалау парақтар

асықтар,

 

Үйге тапсырма: Ережені жаттау