«менің қауіпсіздігім»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні, айы, жылы: 16.10.2018ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақрыбы: «менің қауіпсіздігім»

Мақсаты:

Білімділік:Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру.

Дамытушылық:Үйдегі, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін бекіту.

Тәрбиелік:Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу; қауіпті жағдайларды ескере отырып, үлкендердің айтқанын тыңдауға баулу.

Көрнекі құралдар: суреттер, құрал – саймандар.

Сөздік жұмыс:қауіпсіздік

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі    Балалардың

     қызметі

Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері

Бала-бала баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамызда қаламыз!

Балалар шаттық шеңберінде өлеңді қайталап, оның мазмұнына сәйкес қыймыл-қозғалыспен жасайды.
Ұйымдастыру-щы ізденуші Балалар, бүгін ерекше күн! Себебі бізге көптеген қонақтар келіп отыр, қанеки орнымыздан тұрып амандасайық.

— Балалар бүгінгі оқу қызметімді сұрақ қою арқылы бастағым келіп отыр.

— Айтыңдаршы топ ішінде жүгіруге болама?

-Неге жүгіруге болмайды?

-Үстел үстіне, терезе алдына шығуға болама?

Неге шығуға болмайды?

-Есікпен ойнауға болама?

-Не үшін болмайды?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Құлап немесе  қолымызды есікке қысып жарақаттанбау үшін, біз қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек.

-Ендеше бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік»

. «Қауіпсіздік» дегеніміз балалар, өзіңді қорғау және сақтау дегенді білдіреді.

-Ал енді өзімізді қалай қорғап, сақтау керек екенімізді слайд арқылы түсінетін боламыз.

Ойын:«Жақсы – жаман»

Шарты:заттардың қандай жағдайда жақсы  және қандай жағдайда жаман екенін айту.

Мен үйдемін» көрініс

— Таңертең ертесімен анасы дәріханаға кетіп бара жатып, кішкентай қызына: «Сен үйде жалғыз қала тұр, есікті ешкімге ашпа, тентек болма»— деп тапсырады.

Үйде жалғыз қалған қыз шәй ішкісі келеді. Ол ас бөлмесіне барып, газ плитаға келіп, сіреңкені қолына алып, оны жағуға тырысады.Осы кезде анасының айтқаны қауіпсіздік ережесі есіне түсіде.

-Балалар, бұл қандай ереже деп ойлайсыңдар, анасы не деуі мүмкін?

-Кішкентай қыз сіренкені орнына қойып, шәйдің орнына сүт ішеді.

-Осы кезде біреу келіп есік қағады, кішкентай қыз есікті ашуға бара жатып,есіне анасының айтқан сөзі түседі.

Ойын: «Қауіпті және қауіпсіз заттар»

Шарты:Қауіпті заттарды қауіпсіз заттардан ажыратып қою.

 

 

 

Жоқ, топ ішінде жүгіруге болмайды, себебі, құлап жарақаттануымыз мүмкін.

-Жоқ, үстел үстіне, терезе алдына шығуға болмайды. Құлап бір жерімізді ауыртып алуымыз мүмкін

 

 

 

Балға жақсы.Онымен шеге қағады. Балға жаман қолыңды ұрып алсаң.

-Шеге жақсы, онымен екі затты біріктіреді, шеге жаман, абай болмасаң денеңді жарақаттайсың.

-Қайшы жақсы, керек заттарыңды қиясың.Қайшы жаман, дұрыс пайдаланбасаң қолыңды, көзіңді жарақаттауың мүмкін.

-Сіренке жақсы, онымен от жағып, тамақ пісіреміз, жылынамыз.Сіренке жаман- өрт шыгуы мүмкін

 

Балалар қызығушылық танытып ойын ойнайды

Рефлексивті коррекциялаушы қорытындылау.Сұрақ – жауап

Мадақтау.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, қауіпті жағдай туғызуы мүмкін заттар мен құбылыстар туралы.

Нені игерді:Үшкір заттармен, отпен ойнамау керектігін.

Нені меңгерді: қауіпсіздік ережелерін.