Жазық  фигуралардың модельдері (1)

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Сынып:1

Мектеп: №5 Хромтау гимназиясы
Мұғалімнің   аты-жөні: Сагиева Амансулу Базаргаливна
Сабақтыңтақырыбы:

Ортақ тақырып:

 Жазық  фигуралардың модельдері (1)

 менің мектебім

 
оқу мақсаты 1.3.2.1 түзу,  тұйықталған және тұйықталмаған және қисық, сынық сызықты жазықтықта /  қарапайым жазық геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағазда кескіндеу

1.3.2.3 жазық фигуралардың моделдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:

Нүктелі қағазда кескіндей алады, жазық фигуралардың моделдерін жасай алады

Көпшілік оқушылар:

жазық фигуралардың бөліктерінен композиция құрастыра алады

Кейбір оқушылар:

Геометриялық фигураларды жазық бетте модельдей алады

Бағалау критериилері Нүктелі қағазға қарапайым жазық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) кескіндейді.

Құрастырылған композициядағы жазық фигураларды анықтайды.

Жазық фигуралардан композиция құрастырады.

Ойлау дағдылары: Білу, түсіну, қолдану
Тілдік мақсаттар

 

Модель

Модель дегеніміз не?

Құндылықтарды

дарыту

Оқушылар сыныптастарының пікірлерін сыйлайды (ынтымақтастыққа, ұлттық құндылықтарды дарыту)

Жұмыс барысында еңбектенеді (еңбек пен шығармашылыққа баулу)

Пәнаралық байланыс Ермексаздың көмегімен геометриялық фигура жасау (көркем еңбек)

Жазық және кеңістікті біледі (дүниетану)

Алдыңғы меңгерілген білім Жазық фигураларды біледі
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

Ширату жаттығуы

 (Ұ) «Топтастыр» әдісі (өтілген тақырыпты қайталау барысында)

Нұсқау: жұптарға құрастырмалы ойыншықтарды таратып, оқушылар олардың көмегімен түрлі геометриялық фигураларды жинақтайды

Тапсырма: геометриялық фигураларды ата.

Кеңістік фигураларды ата

цилиндр                                                        конус

 

текше

 

Ынталандыру: үш шапалақ

(Ұ) «Көрсетілім» әдісі  (оқу мақсатын хабарлау)

Нұсқау: Бейнеролик «пішіндер» мұқият қара.

Тапсырма:

— Өздеріңе таныс қандай фигураны көрдіңіздер? (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы)

— Басқа не байқадыңыздар? (сопақша фигура)

Олар неге ұқсайды? (ананас, лимон)

— Тағы қандай фигура түрін білесіздер?(кеңістік фигура)

Осы жазық фигураларды сынып ішіндегі заттармен байланыстыр

ҚБ: жазық фигураларды біледі

Бірнеше жазық фигураларды пайдаланып, бір заттың сұлбасын құрастырып көріңіздерші

Құрастырмалы ойыншықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнеролик

 

 

 

 

 

 

 

 

Жазық фигуралар

 

Сабақ ортасы

 

  (Т) «Бірлескен оқылым»әдісі (оқушылардың ойлау дағдыларын саралау)

Нұсқау: ермексаз бен шиді пайдалана отырып, геометриялық фигура жаса

Тапсырма:

1-топ. Үшбұрыш моделін жасау және үшбұрыштың ерекшелігін атайды

2-топ. Шаршының моделін жасайды және ерекшелігін атайды

3-топ. Бес ши мен ермексаздың бес бөлігінен геометриялық фигура жаса

Топтық бағалау (1 жұлдыз, 1 тілек) (Ө)»Белсенді  оқылым» әдісі  (оқушылардың шығармашылығын дамыту)

Нұсқау: өз беттерінше жұмыс жасай отырып, тіктөртбұрыш жасайды

Тапсырма: Өз бетінше тіктөртбұрыш жаса және оның ерекшелігін ата

Өзара бағалау (үш шапалақ)

(Ж) «Сәйкестендір» әдісі (оқушылардың ойлау дағдысын дамыту )

 Нұсқау: аспанның картасын таратып, шоқжұлдыздарды қарайды. Оқушылар тұйықталған және тұйықталмаған сынық сызықтар түріндегі шоқжұлдыздарды көрсетулері тиіс.

Тапсырма: суретке мұқият қара. Сызық түрлерін анықта

(Д) Тапсырма: Нүктелі қағазға үшбұрыш және төртбұрыш салыңыз.

ҚБ: Нүктелі қағазға қарапайым жазық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) кескіндейді.

Дескриптор:

— нүктелі қағазға кез келген үшбұрыш салады;

— нүктелі қағазға кез келген төртбұрыш салады.

Жұптық бағалау

(Д) Дәптермен жұмыс:

Нұсқау: геометриялық фигуралардан отарба құрастыр

Тапсырма: отарба қандай фигуралардан құрастырылған?

Олардың  санын кестеге цифрлармен жаз

Өзара бағалау (бас бармақ)

 Сергіту сәті: «Мозайка» әдісі

Нұсқау: музыка әуенімен билеп жүріп, музыка тоқтағанда құрастырады.

Тапсырма: Балапанды құрастыру үшін қолданылған фигураларды белгілеңіз.

ҚБ: Құрастырылған композициядағы жазық фигураларды анықтайды.

Дескриптор:

балапанды құрастыруда қолданылған фигураларды белгілейді.

Жұпаралық  бағалау

(Д) Тапсырма: Алдыңғы тапсырмада берілген фигураларды пайдаланып, гүл құрастырыңыз.

ҚБ: Жазық фигуралардан композиция құрастырады.

Дескриптор:

-берілген фигуралардан аталған композицияны құрастырады.

Өзара бағалау

(Ж)»Модельдеу» әдісі. (оқушылардың жаңа сабақты бекітудегі саралау)

Тапсырма: геометриялық фигураларды жазық бетте модельде.

Жұпаралық бағалау (жарайсың)

 

Ермексаз, таяқшалар

 

 

 

 

 

 

 

Қағаздан қиылған геометриялық пішіндер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

күн, терезе,қалпақ

 

 

 

 

Цилиндр, конус, текше суреттері

Сабақтың  соңы Рефлексия:

«Үшбұрыш» әдісі

— Білемін

 

— Білгім келеді

 

— Үйренгім келеді

Геометриялық фигуралар қималары
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Саралау әдісі

— Бес ши мен ермексаздан геометриялық фигура жасады.

— Геометриялық фигураларды жазық бетте модельдей алды.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында:

 «үш шапалақ», «жарайсың» ,»1 жұлдыз,  1  тілек» мадақтап, ынталандырып отырдым.

Топтық, өзара, жұптық бағалап отырдым

Жалпы баға

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: нормативтік құжаттарды негізге ала отырып, сабақ жоспарын құруды үйрендім

2: әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру қажеттігін үйрендім

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Алдағы уақытта әріптестеріммен іс-тәжірибе алмасу

2:Тапсырмалардың өзгешілігі, жаңашылдығы білім беруде маңызы зор

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?