Музыкант болу арманым

Сынып: 4в                  Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Бөлім 4-бөлім. Мамандықтар әлемі
15-сабақтың тақырыбы Музыкант болу арманым
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.1.1.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен шығарманың жанрын, көркемдік образдарын анықтау және салыстыру.

4.1.3.6 – ауызша және жазбаша жұмыстарды орындау барысында нота сауаттылығының негіздерін қолдану

4.2.1.2 – қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуіш құралдарды қолдану.

 

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:

·         әртүрлі көңіл күйдегі көркем музыка, жалпы мамандықтар мен музыка мамандықтары туралы түсінік бере алатынын біледі;

·         музыканың көркемдік бейнесін, мазмұнын мүмкіндігінше ажыратып, жалпы түсінігін айтады;

·         музыкалық шығармаларды жалпы талдайды, салыстырады;

·         әнді орындау талаптарын жалпы біледі, мүмкіндігінше іс жүзінде пайдаланады;

·         өз жұмысын жалпы таныстырады;

·         өзінің және өзгенің жұмысын жалпы бағалайды.

Көптеген оқушылар:

·         әртүрлі көңіл күйдегі көркем музыка, жалпы мамандықтар мен музыка мамандықтары туралы түсінік бере алатынын біледі;

·         музыканың көркемдік бейнесін, мазмұнын мүмкіндігінше ажыратып, жалпы түсінігін айтады;

·         музыкалық шығармаларды жалпы талдайды, салыстырады;

·         әнді орындау талаптарын жалпы біледі, мүмкіндігінше іс жүзінде пайдаланады;

·         өз жұмысын жалпы таныстырады;

·         өзінің және өзгенің жұмысын бағалайды.

Кейбір оқушылар:

·         әртүрлі көңіл күйдегі көркем музыка, жалпы мамандықтар мен музыка мамандықтары туралы түсінік бере алатынын біледі және басқаларға түсіндіреді;

·         музыканың көркемдік бейнесін, мазмұнын мүмкіндігінше ажыратады, түсінігін айтады;

·         музыкалық шығармаларды жалпы талдайды, салыстырады, өз пікірін айтады;

·         әнді орындау талаптарын біледі, іс жүзінде кең  пайдаланады;

·         өз жұмысын жалпы таныстырадыжәне түсінік береді;

·         өзінің жұмысын, өзгенің жұмысын бағалайды және бағдар береді.

Бағалау критерийлері Оқушылар мақсатқа жетті:

·         әртүрлі көңіл күйдегі көркем музыка, мамандықтар мен музыка мамандықтары туралы түсінік бере алатынын біледі;

·         музыканың көркемдік бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін айтады;

·         музыкалық шығармаларды жалпы талдайды, салыстырады;

·         әнді талап бойынша орындайды;

·         өз жұмысын таныстарыд;

·         өзінің және өзгенің жұмысын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • тыңдалған шығарманы талдайды және сипаттап береді;
  • музыкалық шығарманың мазмұнын ашады және көңіл күйін көрсетеді.
Құндылықтарды

дарыту

Музыкалық шығармалар мен әндер арқылы барлық мамандықтарды құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану
Бастапқы білім Мамандығым — мақтанышым
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

(МК/Ұ) 1-тапсырма. Тыңдау. Талдау.

М. Музыка мамандығына жақындатып, мына сөздерден бастайды. «Музыка – ғажап әлем. Музыканы кім жақсы көрмейді? Қазақ халқы әрқашан музыка өнеріне жақын болған. Тарихи мәліметтерде, музыкант-этнограф ғалымдардың зерттеулерінде «қазақ халқы – керемет әнші, суырыпсалма халық» деген пікірлер көп кездеседі. Ата-бабаларымыз мұра ретінде қалдырған әндер мен күйлер, жыр мен термелер қазіргі кезде де біздің өмірімізде үлкен орын алып жатыр. Ал музыкалық қазынамызды бізге жеткізгендер кім? Әрине, халықтың өзі және кәсіби мамандар – сал, серілер, әншілер мен күйшілер, жыраулар. Міне, осыған қарағанда, өткен заманда да кәсіби музыкалық мамандықтар болған екен».

О.Сұрақтар:

  1. Заманымызға сай қандай музыкалық мамандықтарды білесіңдер?
  2. «Музыкант» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
  3. Осы тақырыпқа байланысты сөзжұмбақты шешуді сұрайды.

 

Оулық, нота хрестоматиясы
Сабақтың ортасы

 

(Ұ) 2-тапсырма. Ақпарат іздеу. Талдау.

М. Басында «Музыкантпын» деген сөзжұмбаққа түсінік береді.

О. Оқулықтағы  11 сұраққа жауап тауып, торкөздерді толтырады.

Сұрақтар мен дұрыс жауаптар:

  1. Домбыра тартатын музыкант. (домбырашы)
  2. Гусли орыс аспабында ойнайтын музыкант. (гусляр)
  3. Қобыз аспабын тартатын музыкант. (қобызшы)
  4. Сырнай аспабында ойнайтын музыкант. (сырнайшы)
  5. Скрипка аспабында ойнайтын музыкант. (скрипкашы)
  6. Дабыл аспабында ойнайтын музыкант. (дабылшы)
  7. Музыкалық әуендерді өңдейтін, аранжировка жасайтын адам. (өңдеуші)
  8. Флейта аспабында ойнайтын музыкант. (флейташы)
  9. Музыканы жазатын маман. (композитор)
  10. Әнге өлең жазатын маман. (ақын)
  11. Ән айтатын маман. (әнші)

 

(МК-Ұ) 3-тапсырма. Музыка тыңдау. Зерттеу. Талдау.

«Мамандығым туралы музыкалық әңгіме»

(музыкасын жазған: Н.Хинков-Айтбаева)

М. Оқушыларға тыңдауды ұйымдастыру алдында шығарманың авторы бала кезінен бастап музыкант боламын деп армандайтын. «Бір күні кішкентай Наргиз анасымен бірге қыдырып жүріп, музыка мектебінің алдынан өтіп бара жатады. Бір кезде ол аспаптың әдемі, нәзік дауысын естіп, тоқтап, аяғына дейін мұқият тыңдайды. Ұнаған аспабы – скрипка. Содан оның арманы: скрипкашы болу екен.

Тағы бір күні олар балаларға арналған концертке барады. Сонда домбыра тартқан баланың, екі қыздың флейта мен рояльда шебер ойнағандарына және керемет ән салған әншінің дауысына таңғалады. Анасына – «Мен музыкант боламын» деп, музыка мектебінің «фортепиано» класына түсіп оқиды».

Көп жылдар бойы музыкалық білім алып, қазір Наргиз өзі қалаған композитор мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр. Бала жасынан есте қалған оқиғаларды нотаға түсіріп, сендерге «Мамандығым туралы музыкалық әңгіме» деген шығарманы сыйлады» деп музыка тыңдау талаптарын айтады.

О. – Шығарманы бірнеше рет тыңдайды және талдайды.

М. Мына сұрақтар мен тапсырмаларды орындауды талап етеді:

— Автор шығармасында музыка арқылы өз мамандығы туралы әңгімелеп берді ме?

— Шығарманың негізгі әуенін сыныппен бірге «ля» буынына салып, әдемі нақышта айтуды, ырғағын қол шапалағымен сүймелдеуді сұрайды.

М. Өз көмегімен нотамен айтып көру және ¾ өлшеміне дирижерлеуді ұсынады. Осы өлшемді дирижерлеуді екінші және үшінші сыныптарда үйренгендерін оқушылардың есіне салады.

 

М.Оқушылардың білімін бекіту үшін: шығармада композитор қандай музыкалық мамандықтар туралы әңгіме жүргізіп жатқанын, тақтада жазылған торкөздерді толтыруды және түсініктерін айтып беруді ұйғарады.

Торкөздердегі дұрыс жауаптар: скрипкашы, пианист, домбырашы, флейташы, композитор, әнші.

(МК – Ұ) 4 тапсырма. Әнді үйрену, орындау.

«Әнші балапан» (өлеңін жазған: Қ.Қазыбеков, әнін жазған: М.Омаров)

 

1.Білім, ғылым өнерге

Қанат қағар кездерің.

Ата салтын ертеңге

Жеткізетін өздерің,

Жеткізетін өздерің.

Қайырмасы:

Әнші, биші, әнші балапан,

Әнші, жыршы, күйші балапан.

 

2.Даңқын елдің көтерер,

Ән мен күймен өздерің.

Ойың алға жетелер,

Арман қуған кездерің,

Арман қуған кездерің.

 

О. Берілетін тапсырмалар:

— Әнді мұғалім көрсеткен талаптар бойынша үйрену.

— Әнді көркемдік бейнесіне қарай мәнерлеп, сезіммен әдемі орындау.

— Әнді сахналық көрініс түрінде орындау ұсынысы.

 

(М/О) 5-тапсырма. Талдау, түйіндеу.

 

Музыкант – (кең мағынасында) музыка саласында жұмыс жасайтын маман, кәсіби тұрғыда музыкамен шұғылданады. Оған қатысты композитор, дирижер, әнші, аспапта орындаушы және т.б. мамандықтар.

Аспаптық музыка – арнайы музыкалық аспаптарда орындау үшін жазылған шығарма.

 

Музыка мамандығы Музыкальная специальность Specialty music
Аспаптық

музыка

Инструментальная музыка Instrumental music
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мамандығым туралы музыкалық әңгіме» (музыкасын жазған Н.Хинков-Айтпаева) үнтаспа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Әнші балапан» (өлеңін жазған: Қ.Қазыбеков, әнін жазған: М.Омаров) үнтаспа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

(МК/Т) 6-тапсырма. Идеялар, ақпараттар жинау.

М. «Музыкант болғым келеді! Атты музыкалық-шығармашылық жұмысты құрастыру және дайындық жүргізуге көмектеседі. Оқушыларды «Әншілер», «Бишілер», «Домбырашылар», «Композитор» деген төрт топқа бөліп, келесі сабаққа дайындайтын тапсырмаларды беріп, бірге талқылайды.

Әр топ жұмыс бағытына қарай ғаламтор желісінен, кітапхана және т.б. дереккөздерден тапсырмалар бойынша мына ақпараттарды табу керек:

—          Мамандық және оның ерекшелігі туралы қысқа мәлімет.

—          Мамандықтың адамға қоятын кәсіби талаптары.

—          Мамандық бойынша атақты адамдар туралы қысқа ақпарат.

—          Мамандыққа байланысты әндер мен тақпақтарды табу.

—           

Рефлексия.

– Мен не білдім?

-Бүгін мен не үйрендім?

– Мен не үйрендім?

– Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?

–Ал қай тапсырманы жеңілдікпен орындадым?