Солақайлықтың  оқушылар өміріндегі  алатын орны

Солақайлықтың  оқушылар өміріндегі  алатын орны

 Солақайлық — баланың оқу мен тәрбие үрдісінде ерекше ескеретін маңызды және бас ерекшелігінің бірі. Ол ауруда, кемістікте емес. Солақайлық мидың жарты шарларының негізгі қызметінің арасындағы бөлісу ерекшелігіне байланысты болып келеді. Солақайлардың ми қызметінің өзіндік ерекшелігі бар. Соңғы кезде сол қолы жетекші «оң жартышарлы» балаларға көңіл бөлу қолға алынып отыр.Тарихта  аты әлемге әйгілі көптеген адамдардың солақай болғаны бізге  мәлім. Мысалы, А.Македонский,Наполеон,Леонардо да Винчи,қазақтың  дарынды ұлы композиторы  Н.Тілендиев  тағы басқа сол сияқты солақайлар да өз өмірінде  көп  жетістіктерге жеткенін  дәлелдеп отыр. Облысымыздың талантты жас айтыскер ақыны Әлібек Серғалиев те солақай. Ол белгілі дәулескер күйші, жүрекке жақын қолымен талай туындысын өмірге әкелген Н.Тілендиев сияқты домбыраны сол қолымен ойнайды.   Көптеген зерттеушілердің айтуынша,  бүгінгі таңда мұғалім баланың іс-әрекеттегі жетекші қолын анықтап оны бірінші оқу күнінен бастап назардан тыс қалдырмағаны абзал. Және осы мәселе туралы тереңірек ойлану керек. Мектеп табалдырығына келген солақай балада болатын қиыншылықтарды да ескере кетейік. Мұндағы қиыншылық барлығы оң қолға икемделіп жасалғандықтан болып отыр.Негізгі заңдылыққа сүйенсек,жазу үстеліне жарық сол жақтан түскені дұрыс,бірақ солақайларда бұл керісінше болады,яғни жарық оң жақтан түскені дұрыс.

 

Психологтар солақайлар оңқай адамдарға қарағанда әлдеқайда орнықты, епті, пысық, талантты болатын көрінеді деп есептейді.Атақты Бонапарт, Уинстон Черчиль солақай болған екен.  Солақайлар туралы көптеген фактілер бар. Мысалы, әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызы солақайлар. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі жігіттер қауымы көп жағдайда солақай болып келеді екен.

Солақай бала мектеп табалдырығын аттағанда қиыншылыққа тап болады. Мәселен, мұғалімнің қаламды оң қолыңмен ұста, неге қарындашты тағы сол қолыңмен ұстадың? деген т.б. ескерулері балаға ыңғайсыздық туғызады. Қанша талап қойылса да, оң қолымен ұстап жазсада, ырқына көнбей, қайта-қайта басқа жаққа қарай қисайып кете береді. Сондықтан, ата-ана, мұғалім тарапынан баланың шынымен солақай екенін анықтап алу – басты мәселе.

Қалай айтқанда да, көптеген зерттеулер барысы көрсеткендей, адамдардың солақай болып туылуы олардың психологиялық ерекшеліктері мен артықшылықтарын білдіретін көрінеді. Жалпы, олардың оңқайлардан ерекшелігі байқалады, біріншіден мұндай адамдар аса талантты, дарынды болып келеді. Шындығында 1984 жылдан бері 13-тамыз Халықаралық солақайлар күні ретінде аталып өтіледі екен.Бұл мереке британдық солақайлар клубының бастамасы бойынша қоршаған ортадағы солақайлардың жағдайларын қиындататын мәселелерді шешу үшін арнайы құрылыпты.Өйткені оңқайларға қарағанда солақайлар түрлі қауіп-қатерлерге жиі ұшырайды

Бүкіл оқу іс-әрекетінде қоятын талабы, оқу құрал-жабдықтары, сабақтың гигиеналық, психологиялық талабы тек оң қолды баланың жағдайына сәйкестендіріліп құрылғандықтан, мектептік өмірдің алғашқы кезінде солақай балада қиындық туғызып, бейімделу үрдісі өте баяу, тіпті оқуға қызығушылығыда төмендеп, эмоциялық жағынан мазасыздану байқалады. Сондықтан баланың мектеп кезінде сирек кездесетін болса да, солақайлық мәселесі назардан тыс қалмауы керек. Олардың бастауыш сынып кезіндегі кездесетін ерекшеліктерін ескеріп жұмыс істеу керек.

  

Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы ,Құлан ауылы

Құлан шағын орталықты орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Акбердиева Гульбану Мейрамбековна